Р. С. Рахметова


Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер



Pdf көрінісі
бет72/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
3. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер 
Үтір 

сөйлем ішінде ең көп қолданылатын тыныс белгінің бірі. Ол 
бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған 
айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай 
сөйлемдердің аражігіне қойылады. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі 
функцияға ең бір бай белгі. Бұл жай сөйлемдерді бір-бірімен бөлу үшін де, 
сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлу үшін де 
қолданылады. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері 
төмендегідей:  
а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп 
көрсету үшін қолданылады. Мысалы: Абай, Әбіштер келгенде, ауыр ойда 
отыр еді. (М.Әуезов).
–  Күн бұрының жоқ демесең, ортаңа түспей кететін нем болушы еді 
менің, деп, Боздақ биге қарап езу тартты да, Игілік өзінің ел аузына 
таратқысы келген сөзімен аяқтады. (Ғ.Мүсірепов). Рахимовтың Степнов 
пен Борисовтай сенімді көмекшілері болғандықтан, олардың ісіне көп 
араласа қоймаушы едім (Б.Момышұлы). Ушков Қарағандыдан 
Некрасовты алдырып, Бернер екеуімен ақылдасты да, Рязановқа алдын 
ала қайтарар жауабын ойланып жалғыз қалды (Ғ.Мүсірепов)   
 ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. 
Мысалы: Аңға Байжан, Самарқан, Дәулет үшеуі ғана шықты. 
Экскаваторлар, комбайнда, грейдерлер аз күнде каналдың арнасы 
жүретін жерлерді жыртып тастады (С.Мұқанов). 
б) Үтір қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады. 
Мысалы:


108 
Арылма, өлең, арылма.
Домбырам, күйден жаңылма» (Жамбыл).
Таласпаңыз, Карл Карлович, қазақша Алма-ата емес, Алматы, 
Алмалы деген сөз (Ғ.Мүсірепов). 
в) Үтір қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады. 
Мысалы: Жабайдың айтуынша, көп уақыттан бері бұл өзеннің аса бір 
мол тасуы екен (С.Мұқанов). Бүгін де кешкі шайдан кейін, Ұлжанның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет