Байланысты: Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2
қозғауы бойынша,кеше бітпей қалған әңгімесіне кірісті (М.Әуезов).
г) Үтір одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөлу үшін
қолданылады. Мысалы: Ойбай,Шықаң мәселені қабырғасынан қойды ғой! (Ғ.Мұстафин). Е, ол белгілі ғой! Жә, әлгілер қайда кетті, жаным-ау?!
(Ғ.Мүсірепов).
д) Үтір сілтеу, мақұлдау, келіспеу мәнінде айтылатын кейбір оқшау
сөздерден кейін қойылады. Мысалы: Иә, айта беріңіз. Жоқ, мен сізге ештеме де айтпаймын. Қазір, міне, бүгінгі жүрісті өзі билеген Дәрмен Әбішті сол ауылдың үстінен байқаусызда түсірген кісі болды (М.Әуезов).
Әне, өздері де келе жатыр. Бәрекелді, болсаң, осындай бол! Кәне, енді жүрмейміз бе? (Ғ.Мұстафин).
е) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп
тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде. Жақын жерде, көгалды бұлақ басында, жеті-сегіз үйлі ауыл отыр екен (М.Әуезов). ж) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор
сөзінің алдында қойылады. Мысалы: «Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас», – дейді халық мақалы. Итбай толық денесін бұрып алып: – Мен сыны жоқ, сыпайылығы жоқ, құр абажадай бірдеңе бола ма екен деп те қорқып едім. Әзір жат көрініп тұрған жоқ сияқты екен, – деді. Үтір бірыңғай мүшелерге байланысты та қойылады. Мысалы:
Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде, араларына үтір
қойылады. Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер Абайдың өзін ендігі ақылдарының ішіне ала отырып сөйлесті (М.Әуезов).
Да, де, әрі, я, яки, немесе, не, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай
мүшелермен қайталынып келсе, араларына үтір қойылады. Ашық түсті бояулары да, ұсақ шебер өрнектері де үйдің ішіне қызыл, жасыл көрік беріп тұр (М.Әуезов).
Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды, ал бірыңғай
мүшелердің арасында топтастыру, жинақтау мәнін білдіру керек болғанда,
үтір бірыңғай мүшелердің ең соңғысының алдынан немесе бірыңғай
мүшелерді жұптастырып барып қойылады. Ақан мен Орынбай, Алма мен Күміс Жеңістің отыз жылдығын өздерінше тойлады (О.Бөкей).
Да, де, әрі, я, яки, немесе, не, әлде жалғаулық шылаулары екі бірыңғай
109
мүшенің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды. Тегінде, ертекші, өлеңші не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді (М.Әуезов).
Да, де шылаулары етістіктен болған бірыңғай баяндауыштардың
арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады. Базаралы үндеместен түйілді де, қатып қалды (М.Әуезов).
Қаратпа сөздерге байланысты үтір мынандай жағдайларда
қойылады:
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады:
– Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба? – Шырақтарым, жұмысты тоқтатпаңдар! (С.Мұратбеков).
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі
жағынан қойылады:
– Асықпаңыз, ата, балаларыңызды әлі-ақ көресіз (С.Мұратбеков).
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір қаратпа сөздің алдынан
қойылады:
– Талаптарың жақсы екен, балалар! (С.Мұратбеков).
Оңашалаған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір. Оңашалаған айқындауыш – өзінің алдында тұрған мүшенің мезгіл, мекен,
заттық мағына жағынан дәлелдеп, айқындап тұратын сөздер. Сол себепті,
олар қай мүшені айқындаса, сол мүшемен тұлғалас келетіндіктен, сондай
сұраққа жауап береді. Үтір айқындауыштың екі жағынан қойылады. Біздің ауылдың әу баста ұжымшар боп қалай құрылғанын біз, кейінгі ұрпақ, тек үлкендер айтқан әңгімелерден ғана білеміз (С.Мұратбеков).
Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады:
Бәсе, өзім де солай ойлап ем (Қ.Жұмаділов).
Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі
жағынан қойылады: Бұл, шынында да, Нартай біле бермейтін жаңалық еді (Қ.Жұмаділов).
Қыстырма сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір қаратпа сөздің
алдынан қойылады: Аман-есен жүріп жатыр ма, әйтеуір (Қ.Жұмаділов).
Одағайға байланысты қойылатын үтір.
Одағай сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.
Мысалы: Ойбай, Шегендей емес шығарсың (Ғ.Мүсірепов).
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі жағынан
қойылады: Бұл Асқар ғой, бәсе, Асқар ғой (С.Мұқанов).
Одағай сөйлемнің соңында келсе, үтір қаратпа сөздің алдынан
қойылады: Татулық дегенің қандай жақсы, шіркін (Ғ.Сланов).
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір.
Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері да, де, та, те, әрі жалғаулық шылаулары арқылы байланысса, шылаулардан соң үтір
қойылады: Тоқтар оған қоштасып қол бұлғады да, арба соңынан жүріп кетті (С.Мұратбеков).
110
Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері бірақ, дегенмен, әйтсе де, сондықтан, өйткені, себебі жалғаулық шылаулары арқылы
байланысса, олардың алдынан үтір қойылады: Күн батып, ел орнына отыратын кез болды, бірақ бірде-бір адам тараған жоқ (С.Мұратбеков).
Қайталанып келген әлде, кейде, бірде, біресе, не жалғаулық шылаулары арқылы байланысса, екінші жалғаулықтың алдынан үтір
қойылады: Ырысбек біресе гармонын тартты, біресе мондалині мен скрипкасын ойнады (С.Мұратбеков).
Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмалас сөйлемдердің арасына үтір қойылады: Әлдене сыбдырлағандай болып еді, бір топ елік кесе көлденеңдеп өте берді (О.Бөкей).
Сабақтас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің аражігіне де үтір қойылады: Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б.Майлин).