Р. Сыздык 1-том indd


Кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі



Pdf көрінісі
бет119/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   180
Кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі 
-мақ жұрнақты тұлға
Абай тілінде ерекше көзге түсетін морфологиялық элемент 
– -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы. Бұл қолданылу 
жиілігі жағынан да, атқарған қызметі жағынан қазіргі норма-
мен салыстырсақ та, Абайдың алды-артындағы немесе тұстас 
қаламгерлер тілімен салыстырсақ та, айрықша бөлініп көрінеді.
Абай тілін азды-көпті сөз еткен лингвистердің барлығы да 
оның прозасының грамматикалық ерекшеліктерін көрсетуге 
әрекет жасаса, ең алдымен, Абайдың -мақ тұлғалы етістікті 
жиі қолданғанын атайды да мұның себебін көбінесе шағатай 
тілінің әсерінен деп табады
187
-мақ жұрнағын зерттеуші мор-
фологистер де мұның революцияға дейінгі әдебиет пен Абай 
тілінде актив пайдаланылғандығын тәжік (?), әзірбайжан, 
187
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советекий Казахстан. - 1955. №9. - С. 130; Сауранбаев Н.Т. Роль Абая в развитии 
казахского литературного языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954. - С. 184-
185; Аманжолов С.А. О диалектной основе современного казахского языка // Известия 
АН КазССР, 1955. - №3-4. - С. 33.


245
өзбек әдебиетінің, яғни кітаби әдеби тілдің (шағатай тілінің) 
әсері деп түйеді
188
.
Бұл тұжырым авторларының қай-қайсысы да, екі нәрсені 
елемеген: бірі -мақ жұрнақты тұлғаның Абайдың прозасы ғана 
емес, өлеңдерінде де өте мол, актив келтірілгендігі, екіншісі 
– бұл тұлға ауыз әдебиетінің мақал-мәтел, фразеологиялық 
тіркестер тәрізді көнелерінде, әр алуан жырларда, әрідегі 
ғасырлардан бастап тарихта аты белгілі ақын-жыраулар шығар- 
маларында қазіргі кезбен салыстырғанда әлдекқайда жиі және 
өнімді қолданылғандығы.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде -мақ аффиксі қазіргі әзірбай- 
жан, түрік, өзбек, түркмен, қарақалпақ әдеби тілдеріндегідей 
тұйық етістік тұлғасын жасамайды. Қыпшақ тобындағы 
бірсыпыра түркі тілдеріндегідей қазақтың қазіргі әдеби тілінде 
тұйық рай
189 
қызметінде жұрнақты тұлғаның қолданылуы 
норма болып кетті.
Етістік түбірінен -у жұрнағы арқылы жасалған тұлға шақты, 
жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы атауын 
(ұғымын) білдіреді. Бұл қызметте -у тұлғалы сөздің қалыптасуы 
ертеден келе жатқаны байқалады. Бірақ бұл әрқашан қазіргідей 
жеке-дара болмаған. Күні кешеге дейін қазақ тілінде, әсіресе 
әдеби нормасында жұрнақты тұлғамен қатар қимыл есімі 
қызметінде -мақ жұрнақты форма жұмсалған. Бұл құбылыс 
әсіресе Абай тілінде өте-мөте актив көрінеді.
Абайда -мақ жұрнақты сөз бірнеше қызмет атқарады: ең 
алдымен, ол атау септіктегі таза қимыл есімі ретінде, яғни 
осы күнгі -у жұрнақты тұлғаның орнына келеді: «Ағайынға іс 
түспек – Ол бір қиын қарғыс қой» (II, 123); «Жай жатпағым, 
Тыныш таппағым Күш болып» (I, 115); «Ашылмағы бар ма
басынан Бағы қайтқан қауымның» (II, 89); «Көзің неге жетеді, 
Қосылмақ онда бар ма екен?» (I, 126). -мақ тұлғалы етістік- 
тің атау тұлғада (тәуелдік жалғауымен не онсыз) сөйлемнің 
бастауышы болып келетін сәттері әсіресе Абайдың проза-
сында өте жиі кездеседі: «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл 
188
Неталиева X. Имена действия в современном казахском языке. Автореф. канд. 
дисс. - Алма-Ата, 1963. - С. ЗЗ.
189
Мектеп грамматикалары мен «Қазіргі қазақ тілі» курсы (Алматы,1954) «тұйық 
рай» деп атаған категорияны соңғы кездерде қазақ тілі білімі әдебиеттерінде «тұйык 
етістік», «етістік есім» және «қимыл есімі» деп атап жүр.


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет