Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет120/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айла-
лы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі 
бар» (II, 218). «...Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның 
ісі» (II, 185); «Халық та оны сынамақ, бірден-бірде жүгірмек 
болмайды екен» (II, 211).
-мақ жұрнағы арқылы инфинитив (тұйық рай) жасалатын 
оғұз тілдерінде бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік 
жалғауын қабылдамайды
190
. Ал Абай тілінде -мақ жұрнақты 
тұлға септелген, тәуелденген формаларда молынан кездеседі: 
«Әуелден өзін-өзі билеп, азаттықпен жүрген халық біротала 
біреуге бағынбақты ауыр көріпті» (II, 221); «Онан басқа 
нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» 
(II, 174); «Ең болмаса білмеді сый бермекті» (I, 262); «О да 
білер өмірді іздемекті» (II, 114); «Мен» өлмекке тағдыр жоқ 
әуел бастан» (І, 211); «Қиянатшыл болмақты естен кеткіз»
(I, 38); «Әншейін біреуді ыза қылмақтықтың несін дәулет 
біліп қуанады екен» (II, 180).
Бұл тұлғаның барыс септігінде қолданылуын өз алды-
на әңгіме ету керек болады. Өйткені ол бұл тұлға супиндік 
(мақсаттық) мағынаны да береді және оның басым (жиі) қыз- 
меті де осы мағынаны беру болып табылады. -мақ жұрнақты 
сөздің барыс септікте келіп, іс-әрекеттің мақсатын білдіруі 
ауыз әдебиетінде де, әдеби тілде де жиірек ұшырайды: «Назым-
ды малсыз алмаққа Шалдар да жаман желіккен» («Қамбар», 
1957. 39); «Ал Тайшыққа жүрмекке Алпамыс қыран ойлады. 
Ойлады елге бармаққа, Елінен хабар алмаққа» («Алпамыс». 
1957, 15). Талдап отырған тұлғаны Абай барыс жалғауына 
қойып супиндік мағынада өте кең қолданған: «Мал жияды 
мақтанып білдірмекке, Көзге шұқып, малменен күйдірмекке» 
(I, 197); «Сұм-сұрқия, қу білгіш атанбаққа Құдай құмар 
қылыпты қалжыратып» (I, 32); «Азырақ жеміс тауып жеді 
дағы, Көрмекке жата кетті Хақ бұйрығын» (I, 280); «Ағатай 
сағындым Есен-сау көрмекке» (I, 171).
Бұл тұлғаның беретін мағынасында супиндік (мақсаттың) 
ұғымның барлығы барыс жалғауында келгенінде ғана емес, 
190
Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М., 
1956. - C.62.


247
сондай-ақ етістіктің шақтық категориясын білдіргенде де 
көрінеді. Қазақ тілінде -мақ жұрнақты тұлға мақсатты келер 
шақтың грамматикалық тәсілі екені мәлім.
Қазіргі нормамызда сөз етіп отырған тұлғаның мақсатты 
келер шақ жасауы – оның бірден-бір негізгі қызметі болса
өткенде, оның ішінде Абай тілінде бұл қызметте де кездеседі, 
бірақ ол өзге көп қызметтерінің бірі ғана болып табылады.
Абай тілінде -мақ жұрнақты сөз сөйлемнің баяндауы-
шы болып келгенде үш түрлі қызметте қолданылады: біреуі 
– мақсатты келер шақ категориясында: «Мал менен ғылым 
кәсіп кылмақпыз» (II, 207); «Сол махаббат пен ғаділетке қарай 
тартпақпыз» (II, 219).
Екіншісі – қимыл есімі ретінде. Мысалы, төмендегі сөй- 
лемде -мақ жұрнағымен келген сөздер баяндауыш болып 
тұрғанымен, шаққа, жаққа бейтарап (қатысы жоқ) қимыл ата-
уы ретінде қолданылған, бұларда мақсаттық реңк болғанмен, 
етістіктің шақ категориясын білдірмейді. Мысалы: «Ол мал 
көбейсе, малшыларға бақтырмақ, жұмсалады етке, қымызға 
тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ... »; «Байлық, 
қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, 
тартып алмақ. Ол қыстауынан айрылған және біреуге тиіспек
я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы 
осы» (II, 159). Соңғы ойы деген жинақтауыш сөз алдындағы 
санамаланып келген -мақ жұрнақты тұлғалардың бәрін шаққа, 
жаққа бейтарап қимыл атауы етіп танытады: бақтырмақ ойы, 
сатып алмақ ойы.
Үшіншісі – бұл тұлға баяндауыш болып келгенде, әсіресе 
өлеңдерінде, -ар, -а + ды аффиксті тұлғалармен қызметтес 
болады, яғни әрдайым бола беретін, бір нәрсеге жалпы тән 
іс-әрекетті білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: «Ақылды қара 
қылды кырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей бағабермек» 
(I, 27) дегендегі әңгіме етіп отырған тұлғаларда ешқандай 
мақсаттық, шақтық ұғым жоқ, олардың қызметі қырыққа бөлер 
қырыққа бөледі, баға берер ~ баға береді деген тұлғаларға 
өте жуық. Әрине, бұлар – сөзсіз тең түсетін грамматикалық ду-
блеттер емес, әрқайсының мағыналық реңктері бар: -ар жұр- 
нақты тұлғада істің жалпы орындалатындығына немесе 


248
орындалуына сол болжалдық, шамалау реңкі (оттенок пред-
положительной возможности) бар да -мақ жұрнақты тұлғада 
сөзсіз орындалатындық, ақиқаттық реңк (оттенок безуслов-
ной возможности) бар. Халық тіліндегі мақал, афоризм тәрізді 
тұжырымдар көбінесе (әрдайым дерлік) орындалу мүмкіндігі 
бар потенциалдық қимылды білдіретін -ар тұлғасымен 
жасалатыны мәлім: «Ат айналып қазығын табар. Қолы 
қимылдағанның аузы қимылдар» т.б. Сондықтан да Абай 
болжалдық, шамалау реңкі жоқ жағдайларда жалпыхалықтық 
нормадағыдай -ар жұрнақты тұлғаны алмай, -мақ аффиксті 
етістікті әдейі және жиі пайдаланған: «Тірі жанға құрбы боп жап-
жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ»; «Бет-
аузын сөз сөйлерде Жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, 
қоразданбақ» (I, 35); «Қартаң тартқан адамнан от азаймақ» 
(I, 247); «Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек» (II, 146); 
«Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек 
солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек» (I, 243). -мақ 
аффиксті тұлғаны осы қызметте жиі пайдаланғандығы сонша-
ма, Абай кейде тұтас өлеңді бастан-аяқ мақ бақ ~ нақ және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет