Р. Сыздык 1-том indd


-ады дублетін пайдаланған болуы да мүмкін. Қайткен күнде де  Абай әрдайым болып тұратын, дағдылы іс-әрекетті білдіруде  -ар



Pdf көрінісі
бет127/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   180
-ады дублетін пайдаланған болуы да мүмкін. Қайткен күнде де 
Абай әрдайым болып тұратын, дағдылы іс-әрекетті білдіруде 
-ар жұрнақты тұлғаға жүгінсе, оларды тұжырым, өсиет, нақыл, 
мақал типтес тармақтарында емес, керісінше, көңіл күйі, 
табиғат құбылыстары туралы жазған жолдарында пайдала-
нады. Бірақ Абай мұндай тәртіпті әрдайым қатаң ұстамайды. 
Өлеңдерінде -ар мен -ады тұлғалары буын санының қажетіне 
қарай параллель келе береді. Буын саны артып бара жатса
-ар жұрнақты, жетпей жатса, -ады қосымшалы тұлғаны ке-
зек қолданып, екеуін толық грамматикалық синонимдер етіп 
шығарады. Сондықтан Абайдың бұл өлеңінің өзінде мағынасы 
жағынан біртектес синтаксистік қатарлардың біреуінде -ар, 
екіншісінде -ады тұлғасының келуі жиі ұшырайды. Мысалы:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі (I, 122).
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға (I, 22).


261
Қайғы шығар ілімнен.
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен (I, 148).
Сөйтіп, Абай -ар жұрнақты есімше тұлғасын шақ кате-
гориясына қатысы жоқ, қимыл-әрекеттің статикалық күйін 
білдіретін  + ды қосымшалы етістік тұлғасының дублеті 
ретінде актив пайдаланған. Бұл – осы тұлғаның Абайдағы бір 
ерекшелігі.
Екінші, -ар жұрнақты есімшені Абай атрибуттық қызметте 
жиі жұмсайды. Бұл құбылыс өлеңдерінде де, прозалық 
шығармаларында да молынан табылады: «Ішіп-жеу арасында 
сөйлер сөз көп» (II, 274); «Сыналар,ей жігіттер, келді жерің» 
(I, 144); «Ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ» (II, 157); «Мына мен 
айтқан жол мал аяр жол емес» (II, 180); «Және ұялмас нәрседен 
ұялады» (II, 181).
Қазіргі әдеби нормамызда бұл тұлғаның атрибуттық қызмет 
атқарып, анықтауыш болып келуі өте өнімсіз, жоққа тән
200

«Қазіргі қазақ тілі» ғылыми курсының баяндауы бойынша
бұл тұлғада қазірде «есімшеліктен гөрі ашық райдың келер 
шағының мағынасы басым, ол атрибут болудан гөрі көбінесе 
баяндауыш болады»
201
.
Ал өткендегі қазақ әдеби тілі нормасында -ар жұрнақты 
тұлғаның анықтауыштық қызметте жұмсалуы кең орын алған. 
Ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап Абай тұсындағы (Абай-
ды қоса) қаламгерлерге дейін сөз етіп отырған форманың 
атрибуттық мәнде еркін қолданылғанын көреміз: «Өсер елдің 
жігіті бірін бірі батыр дер. Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын 
дер»; «Қайта кірер есікті қатты серіппе» (Мақал); «Жабыдан 
айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, 
Топқа кірер ұл тумас» (Бұқар, 40); «Айналайын Ақ Жайық, Ат 
салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік Ақ орда, Еңкеймей кірер 
күн қайда? Орама мылтық тарс ұрып, Жауға аттанар күн 
қайда!» (Махамбет, 107).
200
Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1962. - С. 323.
201
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 327-б.


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет