Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет142/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   180
Сильченко М. С. Творческая биография Абая. - 1957. - С. 271.
236
Осы кітап авторының «Абай тіліндегі негізгі морфологиялық ерекшеліктер» 
атты кандидаттық диссертациясын қараңыз.
237
Сүйіншәлиев Х. Абайдың «Қара сөздері». - Алматы, 1956 және осы автордың 
«Заметки о прозе Абая» // Советский Казахстан. - 1954. - №6 деген мақаласы.


295
Үшінші жағдайға келсек, яғни Абай «Қара сөздерін» 
жазғанда, белгілі бір мақсат көздеп пе екен десек, осы шығар- 
малардың жоғарыда талдап өткен лексикалық, морфология- 
лық сипатына қарап және тақырыбы мен мазмұнына қарап, 
бұл сұраққа қоштап жауап беретін пікірге келдік. Біріншіден, 
Абай «Қара сөздерінің» басым көпшілігі қарапайым қазақ 
оқушыларына, оның ішінде тіпті «сөзді ұғарлық» шәкірттерге 
әдейі жазғанын білдіретін материал екенін жоғарыда айттық. 
Ал бірқатары оқушылардың белгілі бір топтарына ғана 
бағышталады. Мысалы, 12-нші және 13-інші сөздер иман-
ды уағыздайтын, бірақ оны теріс түсінетін молдаларға, діни 
адамдарға арналған; 43-сөз деп берілген философиялық этюдті 
автор қалың оқушыға емес, «жибили, кәсиби нәрселердің» сы-
рын білмек болғандарға, яғни философиядан хабары барларға 
бағыштайтын тәрізді. Ал 38-сөзіне келсек, бұл шығарманың 
басқа «Сөздерден» мазмұны да, тілі де, адресаты да оқшау 
екенін Абайды зерттеушілердің көбі мойындайды. Бұл 
«сөзінде» Абай «адам ұғлының мінездері туралы» айтады. 
Жазушы мұнда адам баласының ғылым-білімге талаптануы 
сияқты мінездері жайында «хақим атына дұспан» надан мол-
далармен, «сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиғы менен шалма-
лары» болып отырған «хүкім шариғатты таза білмейтін ишан-
дармен» де айтысып кетеді.
Абай 12, 13, 32, 38, 43-сөздерін әлеуметтік белгілі бір топ- 
тарға арнап жазған деген пікірімізді ол шығармалардың тек 
мазмұны ғана емес, тілі дедәлелдейді. Бұл «сөздерде» ислам 
діні оқуына, философияға қатысты араб, парсы сөздерін жиі 
пайдаланған. Бұл шығармаларда автор қазақша текст ішіне 
арабша тұтас сөз тіркестері мен сөйлемдерді де қыстыра жаза-
ды. Ләкин, уә ләкин, бірлән, уа, һәм деген кітаби тілдік шылау-
лар да осы «сөздерде» жиі қолданылған. 38-сөзден қазақ тілінің 
сол тұстағы нормаларына жат дүр форманттары мен алмады-
лар деген тұлғаларды да кездестіреміз. Қысқасы, осының бәрі 
Абай прозалық мұрасын өзі үшін емес, басқалар үшін, оның 
өзінде де оқушылардың белгілі бір топтары үшін белгілі бір 
мақсат көздеп жазғанын дәлелдейді.
Міне, осы үш жағдай бізге Абайдың «Қара сөздерін» әдеби 
мұра деп тануға мүмкіндік берді де оны әрі қарай тілі жағынан 


296
зерттей түсуге, оның синтаксистік құрылысын талдауға 
мәжбүр етті.
Прозалық шығарманың синтаксистік құрылысын әдеби 
тілдің даму тарихына байланыстыра зерттеу үшін ол шығар- 
маның әдебиеттің қай жанрына жататынын айқындап алу- 
дың мәні зор. Өйткені әр жанрдың өзіне тән ұлылы-кішілі 
грамматикалық нормалары болады. Оның үстіне әрі жанр әдеби 
тілдің даму дәуірлерінің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде бо-
луы мүмкін. Абайдың «Қара сөздерінің» қай жанрға жататыны 
жайында қилы- қилы пікірлер айтылды. Солардың бірқатары 
Абай қара сөздерінде бір жанрдың емес, бірнеше жанрдың 
элементтері бар деген пікірге аялдайды
238
. Қара сөздердің 
мазмұнын, көркемдеу элементтерін және өзіміз сөз еткелі 
отырған синтаксистік сипаттарын жан-жақты зерттей келіп, біз 
ұлы жазушының прозалық шығармаларын әдебиеттің екі негіз- 
гі жанрының тарапынан қарастырдық. Олар – саяси-әлеумет- 
тік, ғылыми- публицистикалық әдебиет жанрлары. Бірақ бұл 
жерде мынадай жайға қатты көңіл аудару қажет сияқты. 
Абайдың өзі осындай жанрда жазамын деп белгілі бір стильдік 
тәсілдерді дәстүр бойынша қолданбағаны даусыз. Егерде 
Абай прозасында белгілі бір стильге тән, өзгеден айрықша 
белгілерін таба қалар болсақ, олар ұлы жазушының интуитивті 
түрде жасаған шеберлігі болмақшы. Әйтпесе Абайдың ал-
дында да, тіпті одан көп кейінге дейін де, оның тұсында да, 
қазақ әдеби тілінің проза саласында жеке-жеке жанрларға 
сараланған стильдік нормалары жоқ болатын. Сондықтан біз 
Абай прозасындағы мынадай стильге тән белгілер деп ажыра-
тып талдамай, осы көрсетілген стильдердің барлығына да тән 
кейбір ерекшелікгерді тұтас алып қарастырамыз.
Сөйтіп, Абайдың прозалық мұраларының синтаксистік 
құрылысын талдағанда, олардағы кейбір сөйлем түрлерін- 
дегі, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі, төл сөз конструк- 
циясындағы ерекшеліктерді сөз етеміз. Абай «Қара сөзде- 
238
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С.128; Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің 
негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954; Силъченко М. С. 
Творческая биография Абая. - Алма-Ата, 1957. - С. 273.


297
ріндегі» құрмалас сөйлемдердің берілуі және Абай текстерін- 
дегі шылаулардың қолданынуы мен тұрақталуы деген мәселе- 
лерді бұрынырақ талдап жариялағандығымыздан оларды бұл 
кітапта қайталамадық.
Жоғарыда айттық, біз бұл жерде Абай прозасындағы сөйлем 
түрлері, олардың жасалу жолдары дегенді талдамаймыз. 
Себебі Абайдағы құрмалас сөйлемдердің берілуі дегенді бұдан 
бұрын әңгімелеп, жариялаған болатынбыз
239
. Онда құрмалас 
сойлемнің түрлерін, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болып 
келетін есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметін, 
шылаулар мен есімдердің қатысуын жан-жақты сөз еткенбіз. 
Сонымен қатар Т.Қордабаевтың XIX ғасырдағы қазақ тіліндегі 
жазу нұсқаларының синтаксисін классикалық грамматика 
схемасымен талдаған еңбегінде де Абай шығармаларындағы 
синтаксистік категориялардың берілуі, түрлері баяндалған
240

Сондықтан қазір ерекше түсетін конструкцияларға ғана 
тоқталамыз.
Абай прозасында ұзын-ұзақ күрделі сөйлемдер көзге түседі. 
Олар құрамы мен құрылысы жағынан біркелкі емес. Ең алды-
мен бірнешс жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер 
кездеседі. Бұлар бірыңғай бағыныңқылы да, әрыңғай көп 
бағыныңқылы да, аралас құрмалас та болып келеді. Мыса-
лы, мына конструкция – 17 жай сөйлемнен тұратын әрыңғай 
көп бағыныңқылы құрмалас: (1) Бағанағы алдамшы шайтан 
тамыр болалық деп, (2) бір болымсыз нәрсені берген болып, 
(3) артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз 
болып, (4) тамырым, досым десе, (5) мен де керектінің бірі 
болып қалыппын ғой деп, (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет