Р. Сыздык 1-том indd


Абай прозасының синтаксистік құрылысы



Pdf көрінісі
бет141/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   180
Абай прозасының синтаксистік құрылысы
Творчествосында поэзиялық та, прозалық та дүниелер 
бар қаламгер тілінің синтаксисін сөз еткенде, тұтас алып 
әңгімелеуге болмайтыны мәлім. Өйткені поэзия синтаксисі 
– проза синтаксисінен (әдеттегі синтаксистен) ерекшеленіп 
келетін өз алдына дүние. Өлеңдегі синтаксис ырғаққа байланы-
сты құрылады
231
. Өлеңмен берілген ойда өлеңнің тармақтарға 
бөлінуіне, ұйқасқа, әсіресе шумақтарға бөліну-бөлінбеуіне 
қарай, ондағы сөйлемдер іштей жымдаса байланысып, син- 
таксистік күрделі тұтастықтар құрайды да
232
ол тұтастықтар 
прозамен берілген аналогиялас категориялардан бөлекше бо-
лып келеді. Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде 
сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амалдары көзге түседі, 
яғни мұнда синтаксистік параллелизмдер мен синтаксистік 
231
Томашевский В. В. Стих и язык. - М., 1953.
232
Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. 
- М., 1960. - С. 5. 


291
қайталаулар – жарыспалы сөйлем дегендер болады. Сондай-
ақ өлеңді сөйлемдердегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) 
орналасу тәртібінде инверсия, өлеңдегі тасымал тәрізді по-
эзия синтаксисіне тән ерекшеліктер және болады. Ал бұл 
ерекшеліктер әрбір ақынның талғамына қарай, шығармасының 
жанрына қарай сол суреткердің стильдік индивидуалдық 
белгілерін (сипатын) де құрайды. Сондықтан поэзия синтаксисі 
туралы талдау – бір жағынан, стилистік тақырыптарды 
қозғайтын зерттеу де болмаққа тиіс. Яғни, В.Б.Жирмунскийдің 
терминімен айтсақ, «поэтикалық лингвистикаға» кетіп қалуға 
да тиіспіз, өйткені «стилистика (один из трех приемов словес-
ного искусства – «теоретической поэтики») есть учение о по-
этическом языке, своего рода «поэтическая лингвистика»
233

Осы жайттардың күллісін ескеріп, біз Абай өлендерінің 
синтаксистік құрылысын өз алдына бөлек ұсынуды жөн көрдік. 
Сондықтан қазір Абайдың тек прозасының кейбір синтаксистік 
белгілерін талдап көрсетпекпіз.
Әдетте соңғы кезеңдердегі қаламгерлер шығармаларының 
грамматикасын зерттеуде, оны классикалық грамматика схе-
масына салып бұтарлаудың, яғни барша категорияларды 
түгендеп шығудың қажетсіз, мақсатсыз екендігін қоштаймыз. 
Мысалы, Абай тіліндегі зат есімдер, олардың септелуі, 
тәуелденуі...т.т. немесе Абайдағы бастауыш, баяндауыш мына-
дай деп түгел регистрацияға алу – қаншалықты қажет болмақ. 
Ал егер осы категориялардың ішінде жеке сол жазушының не 
индивидуалдық талғамын танытатын немесе сол кездегі әдеби 
тіл нормасын көрсететін (қазіргіден өзгеше түсетін) т.б. сол 
тәрізді белгілерді көрсететіндері болса, онда, сөз жоқ, оларды 
талдауға да, тіркеуге де болады. Сондықтан біз Абай тәрізді 
күні кешегі қаламгер тілінің грамматикалық құрылысын сөз 
еткенде, «ерекшелік принципін» ұстанамыз. Рас кейбір ре-
цензенттер
234
дұрыс атап көрсеткендей, бұл «ерекшеліктерді» 
тауып талдау, бір жағынан (және ең алдымен), жазушының 
индивидуалдық талғамын, яғни стилін талдап таныту бо-
лып шығады. Мұндай лингвистикалық талдауымыз жалпы 
233
Жирмунекий В. Б. Композиция лирических стихотворений. - С.4.
234
Гельгардт Р. Р. Некоторые вопросы теории и практики изучения языка и стиля 
писателей //Вопросы языкознания. - 1958. - № 3.


292
филологиялық, эстетикалық зерттеулермен ұштасып кететін 
жайлары болады. Ал бұл – өте қиын да, соны да нәрсе (соны 
дейтініміз – бізде, қазақ филологиясында, белгілі бір қаламгер 
тілін түгел, жан-жақты талдаған әлі бірде-бір жұмыс жоқ). 
Соған қарамастан, біз қайталап айтсақ, «ерекшелік» теори-
ясын қол көреміз де, Абай прозасының кейбір синтаксистік 
ерекшеліктерін сөз етеміз. Ол ерекшеліктерді «ерекшелік» 
деп тануда екі критерийді алдық: бірі – Абайдың өз қаламына 
тәндіктен туған өзгеше синтаксистік құрылыстар. Бұлар – 
стильдік ерекшеліктерге жатады да, өз тұсындағы өзге про-
за үлгілерінен де, қазіргі үлгілерден де айрықша келеді. 
Екінші – Абайдың тек өзіне емес, тұсына (дәуіріне) тән кейбір 
синтаксистік нормалар. Бұлар – жалпы тіл дамуына байла- 
нысты ерекшеліктерге жатады да қазіргі нормалардан айрық- 
шаланады.
Көпке дейін Абайдың «Қара сөздер» деп аталатын проза- 
лық мұрасын әдеби дүние қатарына қосуға күдіктене қарап 
келген жайларымыздың болғаны мәлім. Ол мүлдем себепсіз де 
емес еді. Бір-ақ себеп – Абай шығармаларының табиғатынан 
туған объективтік белгілер емес, әдеби тіл, әдеби норма ту-
ралы біздің жетіспей, ұғынбай жатқан пікірімізден туған 
субъективтік фактілер болды. Яғни біз көп ретте әдеби дүние 
деп тілі жағынан тек осы күнгі нормамызға сай келетіндерді 
ғана тануға бейім тұрдық та сөйлемдері «төңкеріліп» жүрген 
немесе тым шұбалаңқы немесе тым қарапайым т.б. тілде 
жазылған бұйымдарды (әңгіме проза туралы) «черновик» бо-
лар, «қойын дәптеріне тән жазбалар» болар деген ойға келіп 
қалып жүрдік. Абай «Қара сөздері» де осындай «репутациясы» 
күдікті бұйым болып келді. Өйткені мұнда да бастауыш – ба-
яндауышы, басыңқы – бағыныңқысы орындарын алмастырып 
келген сөйлемдер де, 14-16 жай сөйлемнен құралған, түсінуге 
ауыр соғатын, жарты беттік конструкциялар да, ауызекі сөйлеу 
тіліне тән толымсыз сөйлемдер мен өзге нормалар да көзге 
түсерліктей айрықша белгілер болып келеді. Жалғыз бұлар, 
яғни синтаксистік ерекшеліктер емес, Абай «Қара сөздерінің» 
кейбіреулерінің лексикасында да араб-парсы сөздерінің мо-
лынан шоғырланып келуі немесе жоғарыда көрсетілгендей, 


293
морфологиялық тұлға-тәсілдердің қазіргіден өзгеше не ак-
тив, не пассив, не басқа қызметте жұмсалуы, сондай-ақ өз 
тұсындағы кітаби тілдік элементтердің кездесуі – осылардың 
барлығы да бұл мұраға үрке қарауға, әдеби емес, қазақша емес 
деп күдік айтуға себепкер болды.
Жалпы Абай «Қара сөздерінің» әдеби құндылығы жөнінде 
күні бүгінге дейін әрқилы пікірлер айтылып келеді. Тіпті бір 
кездерде Абайдың «Қара сөздері» – ақын лабораториясында 
жатқан шикі заттар, оларды Абай жариялау үшін емес, тек өзі 
үшін жазған, сондықтан ешқандай әдеби өңдеуге ұшырамаған 
деген пікір батылырақ айтылып жүрді. Бірақ ұлы суреткер 
қалдырған бүкіл әдеби қазынаны түгел зерттеу үстінде соңғы 
кездерде «Қара сөздерге де» көп көңіл бөлініп, ақын мүрасының 
осы саласы туралы жоғарыдағыдай тұжырымдар бәсеңдей 
түскен тәрізді. Керісінше, абайтану саласындағы орны ерек-
ше болған зерттеуші М.Әуезов те, Абай творчествосына көп 
үңілген Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Х.Сүйіншәлиев сияқты 
ғалымдар да «Қара сөздерді» құндылығы зор, бас-аяғы бүтін 
әдеби үлгілер деп табады. Сірә, жазушы қалдырған мұраларды 
«әдеби» (яғни жариялауға дайындаған) және «әдеби емес» (яғни 
шикі, өзі үшін ғана жаза салған пікірлер, жоспарлар, черновик-
тер) деп ажыратқанда, бірнеше жағдайды еске алуымыз керек. 
Ең әуелі, сол черновиктің өңделіп, қырланып, қайта жазылған 
таза варианты бар ма (мысалы, А.С.Пушкиннің черновиктері 
мен жарық көрген шығармалары сияқты)? Екіншіден, таза 
варианты жоқ черновиктің көркемдік, яғни әдеби қырлану 
дәрежесі қандай? Үшіншіден, Абайдың «Қара сөздері» сияқты 
кейбіреулері бірнеше бетке созылатын «черновиктерді» жазу-
да белгілі бір мақсат болды ма екен? Осылардың әрқайсысына 
жауап ізделік.
Алдымен, бұл «черновиктер» (солай дей қалсақ) – жазу- 
шының архивінде сақталған автографтары емес, басқа адам-
дар неше дүркін көшіріп қалдырған әлденеше экземплярлар. 
Олардың бір-бірінен пәлендей ажыратылатындай, көркемдік 
жағынан айырмашылығы зор, яғни автордың ақырғы редак-
циясынан шыққан варианттары жоқ. Рас, М.С.Сильченко 
дұрыс көрсеткендей, «Қара сөздердің» бірқатары Абайдың 


294
кейбір өлендерінің жоспары («Тут и эмбриональная ста-
дия будущих образов стихотворений»
235
) тәрізді болып
мазмұндас түсіп жатады. Бірақ бұған қарап, бірі өлеңмен, бірі 
қара сөзбен берілген бір мазмұнның қайткен күнде де бірі –
әдеби, екіншісі – черновигі деу тағы да дәлелсіз. Абай сияқты 
гуманист ойшыл суреткер өз заманы, өз замандастарының 
мінез-қылықтары, ондағы қайшылықтар туралы күңірене 
толғаған ойларын көркем сөздің бір ғана тәсілі – өлеңмен ғана 
білдіріп қоймай, оған қоса прозамен де қайталай түсуі немесе, 
керісінше, қара «сөзбен айтқан ойын екінші қайыра, жанына 
жақын поэзия тіліне аударуы әбден заңды нәрсе. Тегі, Абай бір 
тақырыпты бірнеше рет қайталап толғауды жиі қолданғанын 
өлеңдерінің мазмұнынан байқаймыз. Бұл бір. Екінші жагдайға 
келсек, мыналарға көңілболу керек. Бірқатар морфологиялық 
тұлғаларын талдаған бірер диссертациялық жұмыс
236
пен нақты 
лингвистикалық немесе стилистикалық талдаусыз айтылған 
бірен-саран пікірлер
237
болмаса, Абай «Қара сөздері» күні 
бүгінге дейін жан-жақты әдеби-лингвистикалық тұрғыдан зерт-
теуге ұшыраған емес. Әсіресе әдеби мұраны бағалауда бірден-
бір құрал болып табылатын оның көркемдік-стилистикалық 
белгілерін талдау жұмысына қалам тимей келеді. Егер «Қара 
сөздер» әдеби өңдеуге ұшырамаған шикі материал болса, 
оның шикілігі қай жерлерінде, ал әдеби үлгі қатарынан орын 
алар болса, бұл орынға жеткізер қандай сипаттары бар деген 
мәселені шешіп алмай жатып, бұл – «қойын дәптерінің ғана 
қазынасы» деп тұжырымдау қисынсыз тәрізді.
Абай «Қара сөздерінің» алды-артында қазақ тілінде про- 
залық қандай үлгілер болды, олардың синтаксистік құрылы- 
сы мен Абай прозасының синтаксистік құрылысының арақа- 
тынасы қандай, Абайдың прозалық мұраларының сөйлем 
құрылыстарының қазіргі синтаксистік нормаларымызға алыс-
жақындығы қандай? Міне, осы жайлардың бірде-біреуін шешіп 
алмай жатып «Қара сөздердің» әдеби құндылығына баға беру 
және де қиын.
235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет