Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет154/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   180
Бельчиков Ю.А. Общественно-политическая лексика Белинского. - М., 1962. - С. 4.


322
ғылыми терминдерді (38-сөзден басқасында) көп енгізбеуді 
көздеген.
Дегенмен бұл ретте орыс тілі арқылы интернационалдық 
сөздерді ішінара қабылдау принципінің алғашкы нышанда-
ры Абайдан басталады деп әбден көрсетуге болады. Мыса-
лы, такт, трагедия, элемент, визит, химия, номер тәрізді 
атаулармен қатар, сол кездегі жалпы әдеби тілде де орын 
ала басғаған партия, кандидат, адвокат, майор, губерна-
тор, генерал, доктор, фабрик, электр, машина, миллион, 
солдатсияқты халықаралық қор элементтерін Абай батыл 
қолданған. Халықаралық сөздердің ішінде ең алдымен қазақ 
тіліне енгендері нақтылы зат (адам, құбылыс, нәрсе т.б.) атау-
лары (майор, губернатор, фабрика, машина т.б.) болса, Абай-
да элемент, такт, трагедия тәрізді абстракт ұғым атаулары да 
сынамаланып ене бастағаны байқалады.
XIX ғасырдағы қазақтың әдеби тіліне, оның ішінде Абай, 
Ыбырай тілдеріне орыс сөздерін батыл енгізуге себепкер 
болған факторлардың бірі – өмірдің әр алуан саласына қатысты 
ұғым атауларын шатастырмай дәл білдіру принципі болған. 
Мысалы, Абай закон, адвокат, доктор, образование, назначе-
ние, дознание, посредник, штык, картечь, начальник, проше-
ние, интернат, монастырь, ладан сөздерін қолданғанда, бұлар 
арқылы білінетін зат, құбылыстарды осыларға ұқсас өзге зат, 
құбылыстармен шатастырмауды көздейді: закон – тек орыс 
империясының правосын білдіреді, қалған өзге екі праводан 
(қазақтың әдет-ғұрып заңы мен шариғаттан) бөліп, дәл атау 
үшін Абайға қайткенде де осы русизмді алу қажеттігі сезіледі. 
Сондай-ақ интернат – медресе емес, мұсылманның мектебі де 
емес. Қазіргі әдеби нормаға енбеген образование, дознание, на-
значение сөздері де Абайға дәлдік үшін керек болған.
Қазақ жазба әдеби тілінің орыс сөздерін және орыс тілі 
арқылы халықаралық сөздерді қабылдауы Абайға дейін-ақ 
халықтың ауызекі сөйлеу тәжірибесіндеде, әдеби тілінде де 
орын алған бағыт болса, Абай оны қостап, берік принципке 
айналдырған да оның мотивтері мен каналдарын кеңейткен.
Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық 
өміріне орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтар- 
ды Абай тілі айқын көрсетеді. Кейбір атаулар ескіріп, актив 
қордан шыға бастаса, Абай да оларды енді тура мағынасынан 


323
гөрі, ауыспалы мағынада жиірек жұмсайды. Бұл ретте кейбір 
әлеуметтік ұғым атауларының мағынасы айқындалып, нақ- 
тылы бір ұғымды білдіруде тұрақталуы, яғни ішінара тер-
минделу процесі Абайда айрықша сезіледі. Мысалы, жарлы 
мен кедей сөздерінің Абай біріншісін сын есімдік қызметте 
жиірек қолданады да сол кездегі әлеуметтік топ (тап) ата-
уына кедей сөзін әлдеқайда жиі телиді. Сондай-ақ байғұс 
сөзінің ертеректегі «қоңсы»мағынасы (Бай «байғұсым» десін 
деп) Абайда (және сол тұстағы жалпы әдеби тілде) әлдеқайда 
солғындап, бұл сөз көбінесе «бейшара, мүсәпір» мағынасын 
беретін сын есім ретінде нормалана бастаған. Жалдама еңбекке 
қатысты жаңа атаулардың, ел билеудің жаңа системасына
байланысты сан алуан сөздердің мағыналары айқындалып
нормалануы қазақ көркем әдебиетінің, оның ішінде Абай 
қаламының үлесіне тиеді.
Бұған біз жоғарыда тематикалық серияларға бөліп талда- 
ған біраз сөздер мысал болады.
Сонымен қатар көптеген сөздің өткен ғасырдағы, Абайдағы 
мағынасы қазіргі нормадағыдан өзгешелеу болып келгенін 
және көреміз. Мысалы, саудагер сөзінің осы күнгі мағынасы 
саудамен пайда табушы жағымсыз топтың атауын білдірсе
(спекулянт), Абай тұсында ол ең алдымен саудамен шұғыл- 
данушы адам (торговец) және бұл кәсіптің өзі сол кездегі қазақ 
қоғамы үшін жағымсыз да емес, керісінше, «сауда қылмақ» 
қазақ баласына керекті «харекет» (терминдер Абайдікі). Де-
генмен бұл сөздің осы күнгідей пайдақор, еңбек жеуші отте-
ногы да Абай тұсында, Абайдың өзінде пайда бола бастаған.
Бір ұғымды синонимдік дублеттер арқылы жарыстыра 
білдіру – жазба әдеби тілдің алғашқы сатыларына тән белгі. 
Лексикалық нормализация – едәуір ұзақ тәжірибенің жемісі. 
Сондықтан да Абайда осы күнгі «кәсіп» мағынасы кәсіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет