Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет111/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   180
АБАй шығАРМАлАРы Тілінің 
ГРАММАТИКАлыҚ СИПАТы
Бертіндегі жазу нұсқаларының, әсіресе жеке жазушы 
тілінің грамматикалық құрылысын сөз еткенде, классикалық 
грамматиканың тәртібімен бастан-аяқ барлық категорияларды 
суреттеп шығудың қажеттігі жоқ. Әдетте әңгіме «ерекшелік» 
болып түсетін грамматикалық тұлға-тәсілдер айналасында бо-
лады. Ол ерекшеліктердің өзі әдеби тілдің қазіргі нормасымен 
салыстырылып айқындалады.
XIX ғасырда жазылып алынған ауыз әдебиеті үлгілерінің 
(өлеңмен берілген эпостардан бастап, қара сөзбен айтылған 
қарапайым ертегі-аңыздарға шейін), сол кезде баспа бетін 
көрген жеке ақындар шығармаларының, екі тілдік сөздіктер- 
дің, XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ баспасөзінің 
тілдеріне және қазақ тілі грамматикасы туралы өткен ғасырда 
орыс ғалымдары жазған ғылыми мағлұматтарға қарағанда, 
қазақ тілінің негізгі грамматикалық тұлға-тәсілдері қазіргі 
кездегіден көп ажыратылмайтын сипатта қалыптасып үлгер- 
гені көрінеді. Әсіресе, қазақ тіліндегі септеу, тәуелдеу, жіктеу 
жүйесі XIX ғасырдан да көп бұрын қазіргі нормада тұрақталған. 
Сондай-ақ етістік саласындағы біраз категориялар (шақ, етіс, 
жекеше-көпшелік т.б.) қазіргідей түрінде нормаланған. Әрине, 
бұдан ешбір айырма-өзгеріс жоқ деген тұжырым шығуы мүм- 
кін емес. Мысалы, кейбір морфологиялық тәсілдің сыртқы
тұлғалануы жағынан өзгешелеу болуы мүмкін: бара-тұғын 
баратын, менен ~ мен, дайын ~ дай т.т. Немесе бір грамма- 
тикалық мағына бірнеше амалмен берілуі мүмкін, айталық, 
қимыл қажеттілігін (осы күнгі бару керек тұлғасы) бірнеше 
тұлғамен беру: бармақ керек, бармаққа керек, барарға ке-
рек, барса керек, бару керек, баруға керек. Сондай-ақ сөз 
тудыру саласында едәуір өзгешелік болады: қазірде актив 
жұрнақтар өткен ғасырда әлі бұл дәрежеге жетпеген болуы 


229
мүмкін, немесе белгілі бір жұрнақтың тудыратын мағынасы 
осы күнгіден өзгеше болып келеді, мысалы, -лық жұрнағының 
осы күнгідей туынды сын есім жасау қызметі өткенде әлі ак-
тив емес. Сол сияқты ең үлкен әңгіме синтаксис саласында 
болмақшы. Оның ішінде де проза тілінің синтаксисі соңғы 
жүз жылдың ішінде едәуір айырма-өзгерістерге ие болды. Ол 
өзгерістерді туғызған себеп-факторлар да әр алуан. Сайып кел-
генде, барлығы да әдеби тілдің нормалану процесіне қатысты 
болғанмен, сол процесс жолында себепкер болған мотивтер 
түрліше болып келеді, оның ішінде ықшамдалу құбылысы да 
бар (менен>мен, тұғын>тын),дифференциация тенденциясы 
да бар (қазірде -мақ жұрнақты тұлғаның мақсатты келер шақ 
үшін,  жұрнақты тұлғаның қимыл есімі үшін ажыратылуы), 
өзге тілдердің әсері де (әсіресе синтаксистік құрылыста) себеп-
кер болады т.т.
Сондықтан осылардың барлығы Абай тілінің грамматика- 
лық құрылысын да сипаттап өтуді қажет етеді. Жоғарғы 
айтылған принциппен мұнда біз тек кейбір категорияларды 
ғана талдаймыз. Атап айтқанда:
1. сөз жасау тәсілдері (морфологиялық және синтаксистік); 
2. кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі (-мақ, -ар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет