Р. Сыздык 1-том indd


-у, -са жұрнақты етістік тұлғалары т. б.); 3. кейбір морфологиялық тұлғалардың варианттылығы (- тұғын



Pdf көрінісі
бет112/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   180
-у, -са жұрнақты етістік тұлғалары т. б.);
3. кейбір морфологиялық тұлғалардың варианттылығы
(- тұғын ~ - тынменен ~ мен, дағы ~ да, - дайын ~ - 
дай т.б.); 
4. проза тілінің синтаксистік құрылысы: сөйлемдердегі 
сөздер тәртібі, құрмалас сөйлемдердің жасалуы; 
5. өзге түркі тілдеріне тән морфологиялық тұлға-тәсілдер.
Бұларды талдауда көздейтін мақсаттарымыз – ең алды-
мен, әдеби тіліміздің даму барысының бір дәуіріндегі – XIX 
ғасырдың II жартысындағы – грамматикалық сипатын көрсету. 
Екіншіден, грамматикалық тұлға-тәсілдерді активтендіру, 
нормалау ісіндегі Абайдың қызметін таныту. Үшіншіден, 
грамматикалық тұлға-тәсілдердің қазақ поэзия тілі мен проза 
тілінде, соңғының әр алуан стильдеріне қарай дифференциа- 
циялану актісін айқындау.


230
Сөз жасау тәсілдері
Бұл жердегі талдау Абайдың өзі жасаған жаңа сөздер ту-
ралы емес (ол жөнінде «Жаңа сөздер» деген параграфты 
қараңыз), Абай тілінде кездесетін жалпы туынды сөздер жай-
ында. Яғни Абайда кездесетін сөз тудырушы жұрнақтарды 
және синтаксистік амалдарды регистрациялап шығу мақсатын 
көздейміз. Талдау үстінде кейбір аффикстердің қызметтері 
ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да 
мотивтерге орай пайдаланғандығы қоса сөз болып отырады.
Абайда бірінші орында сөз жасаудың морфологиялық 
тәсілі, яғни жұрнақ жалғау амалы тұрады. Екінші орында 
синтаксистік тәсілдерден сөзді қосарлау және тіркестіру жол-
дары келеді.
Абай тіліндегі ең өнімді жұрнақ -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, 
-тік
179
). -лық арқылы жасалатын сөздердің морфологиялық 
құрылымы біркелкі емес: ол негізгі түбір тұлғаға да (первич-
ная основа), туынды тұлғаға да (вторичная основа) жалғанған. 
Әрине, ең көп ұшырасатыны – бұл жұрнақтың тікелей түбір- 
ге жалғануы: адалдық, адамдық, азаматтық, азаттық, 
ақымақтық, аламандық, арамдық, байлық, балалық, балу- 
андық, барлық, батырлық, беріктік, билік, болыстық, бірлік, 
ғалымдық, ғаріптік, ғашықтық, достық, дүниелік, дұшпандық, 
ездік, еркелік, жақсылық, жалғандық, жамандық, жастық, 
жомарттық, жоқтық, жүйріктік, жылмаңдық, жылылық, 
жігіттік, зарлық, зорлық, имандық, иттік, кәрілік, кедейлік, 
кердеңдік, кісілік, қарсылық, қастық, қаттылық, қомдық, 
қорлық, қулық, құдайлық, құмарлық, масқаралық, мастық, 
момындық, мырзалық, надандық, оңайлық, ортақтық, өрлік, 
паңдық, салғырттық, салдарлық, солдаттық, софылық, 
суықтық, тентектік, тоқтық, тірілік, шалқақтық, шеберлік, 
шешендік, хақтық, ұрлық, ұстаттық, үлкендік, ынтықтық 
т.б.
-лық жұрнағы жалғанған түбірлер төл сөздер де, араб-пар-
сы сөздері де (ғашықтық, софылық, хақтық, растық), орыс 
сөздері де (солдаттық, болыстық) болып келеді.
179
Әрі қарай қай аффикстің болмасын фонетикалық варианттарын әрдайым тізіп 
отырмай, біреуін ғана аламыз.


231
Бұл жұрнақтың түбір сөзге жалғанғандағы беріп тұрған 
(Абай тілінде) мағыналары мен қызметтері мынадай:
1. Абстракт ұғымдарды, яғни құбылыс, күй, сапа атаула-
рын, адам өмірінің кезеңдерін т.б. білдіретін зат есімдер жа-
сайды: адамдық, адалдық, байлық, кедейлік, балалық, жігіт- 
тік, кәрілік, достық, дұшпандық, иттік, қулық, құмарлық, 
надандық, растық, болыстық (екі мағынада: бірі – әкімшілік 
инстанциясының жинақты-абстракт атауы, екіншісі – болы-
су етістігінен жасалған дерексіз ұғым аты). Бұл тәсіл және 
осы көрсетілген мысалдар қазақтың жалпыхалықтық тіліне 
тән, сондықтан оларды ауыз әдебиеті үлгілерінен де, өзге 
ақындардан да жиі кездестіреміз. Абайдың осы модельмен 
бірнеше жаңа сөз жасап, әдеби тілге қосқанын жоғарыда 
айттық. -лық жұрнақты модельді Абай әсіресе аударма 
шығармаларында актив пайдаланған: Жанында суықтық бар 
бір жасырын (II, 104) – И царствует в душе какой-то холод тай-
ный (Лермонтов, I, 32). Азаттық пен тыныштық – көксегенім 
(II, 117) – Я ищу свободы и покоя (Лермонтов, I, 93). Кеудем-
де осы жүрек тұрған шақта, Жақсылық жоқ өзіме мен дәметер 
(II, 100) – Пока сердце в груди моей бьется, Не увидит блаже-
нетва оно (Лермонтов, I, 267). Келісімді тәтті ой әм шеберлік 
(II, 104) – Мечты поэзии, создания искусства (Лермонтов, I, 
32). Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек, Кісіге балдан тәтті 
орны келген (II, 72) – Пугать отчаяньем готовым Приятной 
лестью забавлять (Пушкин, V, 13). Бұлардың барлығында да 
орыс тіліндегі түбір және туынды дерексіз есімдердің балама-
сын -лық жұрнақты туынды сөздермен берген.
2. -лық жұрнағы арқылы жасалған сөздердің бір тобы н ә р 
с е атауларынбілдіретін зат есімдер болып келеді: ахиреттік 
(кебін), жарлық, қомдық, ішкілік. Бірақ бұл типті туынды-
лар Абайда көп емес және барларының өзі – халық тілінен 
алынғандар. Бұл үлгімен Абай өзі жаңа сөздер жасамаған. Бұл 
модельмен оқулық, сөздік, орталық (зат есім мағынасындағы) 
тәрізді көптеген жаңа сөздердің жасалуы соңғы екі-үш он 
жылдықтардың жемісі екені белгілі. Мысалы, жарлық – өте 
ертеден келе жатқан туынды сөз. Жалпы халық тілінде және 
Абай тілінде бұл сөз екі мағынада жұмсалған: а) хан, пат-


232
ша т. б. тәрізді өкімет иесінің бұйрығы, әмірі: «Жарлықты 
кешіктірмей тез беріңіз» (II, 134); «Хан жарлығын алмады» 
(Бұқар, 33); «Хан жарлығын қайтарма» («Қамбар», 1957. 20); 
ә) Құдайдың «бұйрығы», «кесімі», «жазғаны»: «Жарлығы 
күшті Иенің» («Қамбар», 1957. 53).
3. Қазіргідей аса актив болмаса да, -лық жұрнағының Абай-
да сын есім жасайтынсәттері бар: «Ғашықтық сөзге жүйрік 
әсіресе» (II, 72); «Құдайға дұспандық іс емес пе?» (II, 186); 
«Құдайлық құдірет» (II, 184) т.б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған 
сын есімдер бұрыннан да бар болатын, бірақ, біріншіден, бұлар 
өте сирек, некен-саяқ кездесетін. Мысалы, біз ауыз әдебиеті 
үлгілері мен өткендегі ақындардан -лық жұрнақты сын 
есімнің мезгілдік шамаға қатысы жоқтарынан он шақтысын 
ғана таптық, олар: «Қорен атқан тайлық оқ» («Қыз Жібек», 
1963. 45); «Мынау жаулық заманда» («Қамбар», 1957. 25); 
«Тебінгілік жүні жоқ» (Сонда. 47); «Жаулық жолын сүймеңіз» 
(Бұқар, 29). Екіншіден, бұлардың барлығы еркін тіркестен гөрі 
тұрақты тіркеске жақын. Үшіншіден, -лық жұрнағы арқылы 
жасалған сын есімдердің белгілі бір система құрайтындары 
(әрі жиірек қолданылатыны) сан есімдермен тіркескен мезгіл 
мәнді сөздерге (ай, күн, жыл, түс) жалғанып келуі: қырық 
күндік (~ күншілік) шөл, бір жылдық азық. Кейде мезгіл мәнді 
сөздер сан есімсіз жеке тұрып-ақ -лық жұрнақты сын есім бо-
лып келеді: Күндік жерден қарасын («Қыз Жібек», 1963. 117); 
«Түстік жол, жер – расстояние, которое можно проехать с утра 
до полудня» (Ильминский, 118); «Түстік өмірің болса, күндік 
мал жи» (Мақал). Абайда бұл типтес туындылар да бар: «бес 
күндік өмір» (II, 190), «бір күндік өмір» (II, 162).
Ал жоғарғы келтірілген ғашықтық сөз, дұшпандық іс, 
Құдайлық құдірет дегендер аз болса да, біріншіден, еркін 
тіркестер екенін танытады, екіншіден, -лық жұрнағының 
сын есім жасауда мезгілдік шаманы білдіру тәрізді нормадан
асып, қызмет аясын кеңіте түскенін танытады. Сөйтіп, Абай- 
дағы ғашықтық сөз дегендер осы күнгі туынды сын есімдер- 
дің өте активтенген түрлерінің алғашқы қарлығаштары 
(үлгілері) болып келеді.
Бұлар – -лық аффиксінің түбір сөзге тікелей жалғанған 
түрлері мен қызметтері. Қалған жағдайларда -лық жұрнағы ту-


233
ынды түбірлергс жалғанған, яғни өзге аффикстермен тіркесте 
келеді. Олар: -шы+лық, -ар +лық, -ды+лық, -сыз + дық 
қосындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет