Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет113/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180
-шы+лық деген аффикстер тіркесі Абай текстерінде екі 
күйде кездеседі: бір ретте ол тұтас, екіге ажыратылмайтын 
жұрнақ болып келеді. Мысалы, жаманшылық, таршылық, 
жалшылық, қоршылық, адамшылық, қапашылық, құлшылық
құдайшылық, наданшылық, хүсідшілік, күншілік, кемшілік, 
әурешілік, тіршілік, кеңшілік, бұзақышылық, әдемішілік сөз- 
деріндегі
180
-шы компонентін кәсіп не мамандық иелерін 
білдіретін жұрнақ деп табуға болмайды
181
. Ал Абай қолданған 
суретшілік, қайыршылық, тіленшілік, бәйітшілік, койшылық 
сөздеріндегі жұрнақтар құрамын кәсіп, мамандықты білдіретін 
-шы жұрнағы мен дерексіз ұғым атауын жасайтын -лық 
жұрнақтарының қосындысы деп ажыратуға болады.
Сөйтіп, -шылық жұрнағының екі түрінің екеуін де Абай- 
дың аса актив пайдаланып, онымен жасалған мынадай мағы- 
наларды білдіретін сөздерді қолданған:
1. Адамға тән қасиет, белгі, күй, қылықтардың атауы: 
жаманшылық, өтірікшілік, адамшылық, құлшылық, надан- 
шылық, күншілік, кемшілік, бұзықшылық, әдемішілік т.б. 
Бұлжерде, -шы лық аффиксі -лық аффиксінің дублеті тәрізді 
болып келеді. Абайда жамандық жаманшылық, қорлық 
қоршылық, адалдық – адалшылық, құдайлық құдай- 
шылық параллельдерін табамыз. Екі қатардың екеуі де абс- 
трак тұғымдарды білдіреді. Айырмасы – бірінші қатары түбір- 
дегі мағынаға қатысты жалпы абстракт ұғымды білдірсе 
(жамандық), екінші қатардағылар адамға тән қасиет, белгі- 
лердің абстракт атауын білдіреді: жаманшылық – адамның 
мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы, ойындағы жаман-
дықтың атауы.
Белгілі бір күй, құбылыс атауы.
2. Бұлар Абайда сан жағынан көп емес. Олар: кеңшілік, 
тіршілік, таршылық, жоқшылық, ашаршылық, «алыс, қашық 
күй» мағынасындағы жылшылық («Екі көңіл арасы – жыл- 
180
Бұл тәрізді жұрнақтардың Абайда актив қолданылғандығын көрсету үшін 
мысалдарды мол келтірдік. Әрине, бұлар – әлі де түгел емес.
181
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1964. - 213-б.


234
шылық жер» – I, 200). Соңғысынан басқалары – жалпыхалықтық 
тілде бар сөздер. Тіршілік пен тірлік Абайда да, өзгелерде де – 
мағыналық айырмашылықтары жоқ тең дублеттер.
1) 
-шы+ -лық болып ажыратылатын түрімен жасалған 
сөздер адамның кәсібінің, мамандығының түрін білдіреді: 
суретшілік, бәйітшілік, қойшылық Абайда да, оның алдын- 
дағыларда да бұл жұрнақтар қосындысымен осы күнгі тілі- 
міздегідей шаруашылық салаларын атау (егіншілік, бақша-
шылық, шаруашылық) фактісі жоқ.
Келесі күрделі (құранды) жұрнақтың бірі -лы + лық 
адамның ішкі қасиеттерін білдіретін дерексіз есімдерді жа-
сайды: тоқтаулылық, шыдамдылық, арлылық, намысты- 
лық, табандылық, талаптылық, рахымдылық, мейірбан- 
дылық, байлаулылық, естілік. -лы+лық жұрнағының 
морфологиялық құрамы айқын: біріншісі адамға белгілі бір 
қасиеттің тәндігін көрсетеді (шыдам-ды), екінші бөлігі сол 
қасиеттің абстракт атауын жасайды. Бұл Абайға дейін де ак-
тив тәсіл болғанмен, оны өнімді пайдалану жағынан Абай 
тілі ерекше көзге түседі. -лы +лық аффикстері арқылы Абай 
көптеген жаңа сөздер жасаған: тоқтаулылық, байлаулылық, 
арлылық, намыстылық тәрізді сөздер халық тілінде потенци-
алды болғанмен, Абайдан өзге нұсқалардан көп кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет