Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет145/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   180
деп дәнекері сөйлемнің ең соңында келеді. Деп дәнекерімен 
келетін конструкциялардың өзі екі түрлі: ол төл сөзді 
сөйлемде және төл сөзсіз құрмалас сөйлемде компоненттерді 
жалғастырушы қызметін атқарады. Қай қызметте болса да, 
Абайда деп сөзі көбінесе
242
сөйлемді аяқтап тұрады: «Сонда, 
мен ойлаушы едім: «Ей Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі 
антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз», – деп» (II, 158); 
«Көзді, мұрынды [Құдай тағала] ауызға жақын жаратыпты, 
ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, ішіп-жесін 
деп» (II, 182); «Ойлайды жалынтып бердім деп» (II, 176).
Сөйлемнің деп дәнекеріне аяқталуы Абай тұсындағы күллі 
қазақ прозасы тіліне тән: бұл тәсіл көркем әдебиет стиліне
жататын Ыбырай әңгімелерінде де, қоғамдық-публицисти- 
каға жататын баспасөз тілінде де, қазақша қара сөзбен 
жазылған өзге үлгілерде де (тіпті христиан дінін уағыздаған 
миссионерлік әдебиетте де) – барлығында қолданылған: «Асан 
жылай бастады, енді қайсысына түсеміз деп» (Алтынсарин, 
1879, 21). «Тауық айтты: «Мен таңертең тұрып, шақырып ха-
бар айтамын таң атты», – деп» (Сонда, 15). Ыбырайда да бірен-
саран жерде болмаса көбінесе деп дәнекері сөйлем соңына 
келтірілген. Баспасөз бұл тәсілді тіпті актив пайдаланған: 
«Торғай облысының газеті айтады 1896 жылдың аяғында 
Бестөбе болысында сол елдің болысы Ысмайыл Досұғлы бір 
242
Деп дәнекерінің қазіргі нормадағыша екі компоненттің аралығында келетін 
тәртібі Абайда мүлде жоқ емес, сирек болса да, бұл норманы да ұшырата аламыз: 
«Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы» 
(II, 186).


304
школ ашты» деп» (Дала уалаяты газеті, 1897, № 14); «Алғаш 
орып алған ұшынды азырақ кептіріңкірейді ашуы қайтсын 
деп» (Сонда. 1889. № 21).
Көркем прозадан тұңғыш (1903 жылы) аударылғандардың 
бірі А.С.Пушкиннің «Капитан қызының» қазақша тексі де 
бұл тәсілден құралақан емес: «Мен өзім бегіректе қуандым 
Петерборға барып, босаңдықта қызық көремін деп».
Қысқасы, бұлардың барлығында да бұл тәсілдің өте жиі 
қолданылуы оны белгілі бір кезеңдердің грамматикалық нор-
масы етіп танытады (кейбір зерттеушілер мұны әдеби норма 
емес, яғни ауызекі сөйлеу тілінің әсері деп қарауы мүмкін, ал 
біз әдеби норма деп ашық айтып отырмыз).
Рас, өзге де көптеген грамматикалық тұлға-тәсілдер тә- 
різді, бұл тәсілдің де түп-төркіні ауызекі сөйлеу норма-
сынан шығады. Сондықтан да ауыз әдебиетінің прозамен 
берілгендерінде сөйлемнің деп-ке аяқталуы –система. Әсіресе 
бұл – өткен ғасырда хатқа түскен фольклорлық үлгілерде дұрыс 
сақталған, оның ішінде де орыс ғалымдары мен ағартушылары 
жиып бастырған нұсқаларда жырды немесе ертегіні айтушы 
қалай айтып берсе, осы күнгідей «редакцияламай», солай хат- 
қа түсіргендіктен, проза бөліктерінде талдап отырған тәсілді 
жиі кездестіреміз: «Баласы он жасқа келгенде, шешесінен 
сұрайды әкем қайда деп» (Радлов, Образцы... III, 253); «Сонан 
соң ханға хабар берді: «Солай, Тарғын батыр жоқ», – деп» (Сон-
да. 128); «Қан тұрып сұрайды: «Әрқайсыңның не өнерлерің 
бар, айтыңыздар», – деп» (Васильев, 1).
Деп дәнекерінің сөйлем соңында келуі сөйлеу тілінің нор-
масы дегенді бізден бұрынғы зерттеушілер алдымен атап 
көрсеткен болатын
243
. Екінші бір зерттеушілер бұл норманың 
себебін де іздестіріп, деп-пен келген бағыныңқының басың- 
қыдан соң тұруы, біріншіден, оның бағыныңқы сипатын таны-
ту үшін, екіншіден, негізгі ой айтылған басыңқыға екпін түсіру 
үшін деген тұжырымға келеді
244
. Шынында да, бұл норманың 
243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет