59
Абай Семей, Алматы өңірінде «кіре берістегі бөлме, ауыз
үй» мағынасында қолданылатын
далаң сөзін алған болу керек
те, мағынасын жаңғыртып, «таинственное место гробницы»
деген қазақ түсінігі үшін мүлде жат та жаңа ұғымды білдірерлік
жаңа сөз ретінде ұсынса керек.
Далаң сөзін
бөлме деген сөздің
мағынасында М.Әуезов те қолданады («Абай жолы», II. 41).
Екінші диалектизм –
балаң. Қазіргі әдеби тілімізде соңғы
кездерде
балаң сөзі «жас, толыспаған, шикі» деген мағынада
қолданылып жүр. Ал бұл тұлға Таулы Алтай, Қосағаш қазақтары
тілінде «бос, болбыр, нашар адам» мағынасында қолданылады
екен. Семей өлкесінен жиналған диалектологиялық материал-
дардың ішінен
балаң сөзін кездестірмедік, дегенмен Қосағаш
өлкесі Шығыс Қазақстанмен ұштасып жатқанын ескерсек,
бұл сөздің Абай өмір сүрген аймақта да қолданылатындығын
немесе бұрынырақ қолданылғандығын аңғарамыз. Абай
Лермонтовтың «Бородиносынан»
Да, были люди в наше время,
Не то, что нынешнее племя. Богатыри – не вы!» (Лермонтов,
I, 14) «деген тармақтарды»
Ондағы біздің адамдар Сендердей
емес –
балаңдар! (II, 70) деп аударады. Бұл жердегі
балаң сөзі
– «ондағы біздің адамдар»-ға қатысты емес,
сендер дегеннің
эпитеті. Және мұндағы
балаң сөзі қазіргі біздің қолданып
жүрген «жас, толыспаған» деген мағынада емес, «нашар, бос,
болбыр, батыр емес, яғни «богатыри!» дегенге қарама-қарсы
түсінікте. Сөйтіп, жергілікті халық тіліндегі
балаң сөзін Абай
орынды да дәл пайдаланғанға ұқсайды.
Диалектолог Ж.Болатов Абай, Шұбартау аудандарында
қазіргі кезде
қораздану етістігі бар болғанмен,
қораз деген сөз
жоқ екенін, оның орнына
әтеш сөзі қолданылатынын айтады.
Абай текстерінен де дәл осы картинаны көреміз:
қораздану
етістігі бар. Құсы да, иесі де
қоразданар (II, 23),
қораз есімі
жоқ, оның орнында
әтеш сөзі қолданылған: Сен біраз ә
теш
үнін үйрен депті (II, 127).
Абайда кездесетін
ақ шомшы сөзі (кейде
ақшом вариантын-
да), сірә, өткенде шығыс өлкелерде қолданылған болу керек.
Өйткені
шом сөзі әр жерде әртүрлі мағына береді. Сыр бойын-
да қамыстың бір бумасын білдіреді. Ұлытауда
шом – қоршау,
қора, ал шығыста
шом – жазы, түйенің жазысы
57
. Бұрын
57
Достарыңызбен бөлісу: