Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет67/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихынын мәселелері және Абай поэзиясының 
тілі. - Алматы, 1948. - 58-б.


140
мысалда: Ең семізін ілейін Қызыққылып ашарға (II, 128). Проф. 
Қ.Жұмалиев дәл осы жердегі ашарға тұлғасы мақтаншақтықты 
білдіру үшін әдейі өзге тілден алып қолданылған дейді. Бұл 
пікірге ден қоюға да болар еді, бірақ екіншіжерде, прозасын-
да, Абай бұл сөзді тағы пайдаланады: Ашап-ішуге малдың 
тапшылығы да... (II, 179). Бұл жердегі ашап сөзіне ешқандай 
экспрсссивтік-эмоционалдық өңнің қажеті жоқ, сондықтан 
ол енді ешбір стильдік мақсатпен қолданылып тұрған жоқ. 
Соған қарағанда, ашау сөзі бірқатар түркі тілдерінде «тамақ 
жеу, тамақтану» мағынасын білдіретіні сияқты, ертеде қазақ 
тілінде де осы мәнде қолданылып келген болу керек. Абай-
да ол реликт (қалдық) ретінде көрінеді. Қышқыру сөзін де 
біз осы іспетте дейміз. Абай мұны да 2-3 жерде келтіреді: 
Қисыны жоқ қышқырған неткен тантық (II, 132). Атшабар кел-
се қышқырып (I, 75). В.В.Радлов «кричать, звать, бранить» де-
ген мағынада қышқыру етістігін қолданатын тілдердің ішінде 
қазақ тілін де көрсетеді (Радлов, II, 1, 632). Бұл сөз Ыбырай 
хрестоматиясындағы материалда да бар: Алатаудай атаға 
Ұл қышқырса керек-ті (Алтынсарин, 1879, 98). Қораздың 
қышқыруы деген тіркесте қазіргі жазушыларымыз (мысалы, 
М.Әуезов) да қолданады. Осыларға қарағанда, қышқыру – ар-
хаизм. Қазірде қолданудан шығып қалған.
Ауыз әдебиетінің ірілі-уақты үлгілерінің көбінде және 
тұрақты тіркес құрамдарында қырым сөзі жиі кездеседі: «Ер-
ден туған қырымға қарайды, иттен туған жырымға қарайды» 
(Мақал), қызы – қырымға, ұлы – ұрымға (фраза). Бұл сөздің 
қазақ тіліндегі ертедегі мағынасы «алыс жер» болғанға ұқсайды 
(Бұл сөз Қырым деген, ұрым – Рум деген географиялық ата-
улардан шығуы да мүмкін, бірақ бұл – жорамалымыз ғана). 
Эпостардың бірінде: «Қырымнан қиын дау келсе» деген 
тармақ кездеседі. Бұл жерде әңгіме – алыстан > алыс елден > 
өзге халықтардан келетін дау туралы. Қырым сөзін Катанов 
даль деп аударады. Жоғарғы келтірілген мәтелді ол «Рожден-
ный от хороших людей, смотрит в даль, а рожденный от собаки 
– на жырым (ремень, который привязывается к седлу) (Ката-
нов, 88)», – дейді. Кейіннен қырым сөзінің мағынасы тарылып, 
горизонттық кеңістікті (алыстықты) білдіруге ауысқан болар, 


141
өйткені XIX ғасыр үлгілерінде құспен (қыранмен) байланы-
сты айтылады. Жоғарғы мақалдың өзін Шортанбай: «Текті құс 
қарар қырымға, ит айналар жырымға» (142) деп жаңғыртады. 
Біржанның Сарамен айтысында, «Қырымға қарайтұғын қыран 
құспын» дегенінде де құспен тіркестірген. Абай да бұл сөзді 
горизонт (аспан) кеңістігіндегі алыстық ұғымында қолданады: 
Қыранша қарап қырымға (I, 204). Бүркітші туралы өлеңінде: 
Томағасын тартқанда бір қырымнан,Қыран құс көзі көріп 
самғағанда (I, 22). Сөйтіп, қырым сөзін кейбір сөздіктеріміз 
қазіргі қазақ тілінің лексикалық нормасы қатарында берген-
мен (бұл сөз де, өзге ондаған көне сөздер сияқты, «Қазіргі 
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ескілігін көрсететін ешбір 
белгісіз кіргізіліпті), біз оны Абай тілінде қолданылған көне 
элементтердің бірі деп табамыз.
Абай қол, қар, ет тәрізді сөздердің қолданудан қалып бара 
жатқан көне мағыналарын да пайдаланады. Қол сөзінің «әскер» 
мағынасында қолданылуы қазақ тілінде өте ертеден келе 
жатқаны мәлім. Ауыз әдебиетіндегі жаугершілік тақырыптарды 
жырлайтын эпостарда және XIX ғасырдың I жартысында-ақ 
(мүмкін одан да бұрынырақ) қол сөзі әскер, шерік сөздерімен 
қатарласа қолданыла бастайды. Мысалы, Махамбетте: Ауыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет