139
«Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп,
Құлдық ұрып, Бұ-
ларға көп
жалбарды» (I, 269) деген сөйлеммен келтіреді.
С.Е.Малов jalbar- (жалбару) – «умолять» деген сөздің көне жаз-
ба ескерткіштерінде бар екенін көрсетеді. Тіпті ертеде «прось-
ба, мольба» мағынасында
жалбармақ (jalbarmaq) тұлғасының
болғанын білдіреді (Малов. Пам. др. тюрк. письм., 383).
Ялбар
(jalbar) сөзі шығыс түркі тілдері мен көне ұйғыр тілінде «про-
сить, умолять» деген мағынада қолданылатынын В.В.Радлов
көрсетеді (Радлов, III, I, 187, 188). Қырғыз тілінде қазірде де
жалбар тұлғасы қолданылады (Кир.-русск. сл. 22). Демек, бұл
түбір бір кезде қазақ тілінде де осы мәнде жұмсалғанын сөз
қазынасын тере білген ұлы жазушы қолданысынан білеміз.
Сарнау сөзі қазіргі әдеби нормамызда түсіндірме сөздікте
көрсетілгендей, «адамның қатты ауырғанда, қиналғанда
шығаратын үні, зарлау» (ҚТТС, II, 247) болса, о бастағы түркі
тілдерінің көпшілігіне ортақ семантикасы – «өлең айту», ал
шағатай тілінде «бір нәрсені өлеңмен білдіру, баяндау» дегенді
білдірген (Будагов, I, 612, 613). Шығыс түркі тілдерінде
сарын
– өлең, халық өлеңі (Сонда). Қазақ тілінде бір кезде
сарна(у)
етістігінің «бір нәрсені өлеңмен баяндау» мағынасы болғаны
байқалады. Мысалы: Сыпыра
сынды сұм жырау Тұрады да
толғайды. Толғайды да
сарнайды, Сарнайды да
жырлайды
(С. Сейфуллин, VI, 312). Абай да өзінің өзгеге көңілі тойса
да, өлең шығаруға тоймайтынын, оны қоя алмайтынын, бірақ
жұрттың «жүрегімен
тыңдамай, құлағымен қармайтынын»
айта келіп: «Соны көріп соларға қайтіп қана
сарнарсың» (I, 120)
деп бітіреді. Бұл жердегі
сарнау – адамның дауыстауы емес,
таза көне мағынасындағы «өлең шығару, өлеңмен бір нәрсені
айту».
Сарнау сөзінің көне мағынасын Абай эмоциялық реңк
қосып, стильдік мотивте қолданған.
Абайда бірді-екілі ғана жерде қолданылған
ашау, қышқыру
деген екі сөз бар. Кейбір зерттеушілер бұларды татар тілінің
элементтері, Абай оларды стильдік мақсатпен қолданған
дегенді айтады
120
. Біздіңше, бұл екеуі де – қазақ тілі үшін арха-
измдер.
Ашау етістігін Абай екі жерде келтіреді; бірі аударма
120
Достарыңызбен бөлісу: