237
Функционалдық стильді айқындауда тілдің әлеуметтік мүд-
дені көздеп жұмсалуы – негізгі принцип. Зерттеуші М.Н.Кожи-
на функционалдық стильдерді шығарманың жанрына я болма-
са экспрессиялық сипатына, сондай-ақ сөздің (ойдың) айтылу
түріне (ауызша не жазбаша) қарай ажырату лингвистикалық
ғылым тұрғысынан негізгі прин цип бола алмайды дейді
48
,
Сондықтан көркем әдебиет стилін айқындайтын принциптерді
өзге тұстардан іздеу ке рек болар. Айталық, көркем әдебиеттің
коммуникативтік қызметіне үстелетін эстетикалық қызметі
оның функционалдық стилін танытатын белгілердің бірі бол-
мақ. Сірә, қай құбылысты да өзге ұқсас нәрселердің қарама-
қарсысында немесе фонында салыстыра қарағанда, оның
өзіне тән белгілері айқынырақ көрінбек. Сол себептен орыс
тілінің көркем әдебиет стилі көбінесе ғылыми әдебиет
стилімен я болмаса публицистикалық стильдерімен салысты-
рыла зерттеліп жүр. Мысалы, М.Н.Кожина функционалдық
стильдер тұрғысынан қарағандағы көркем әдебиет пен ғылым
тілінің ерекшеліктерін сөз ету барысында жіктеу есімдіктері
мен қыстырма сөздердің екі стильдегі қолданылу активтігін
сан жағынан есептеп көрсетеді. Айталық,
мен (я)
деген I
жақтық жіктеу есімдігі Менделеев пен Столетовтің 10000 сөзді
қамтитын текстерінде бірде-бір рет кездеспесе, Циолковскийде
9, Павловта 24 рет қана жұмсалыпты, ал Толстойда 75 рет, Тур-
геневте 104 рет, Чеховта 136 рет қолданылған екен. Қыстырма
сөздердің текст ішіндегі жиілігін анықтауда зерттеуші әрбір
1000 сөзі бар текст үзігін қарастырады. Сонда Менделеев
29 түрлі қыстырмаларды 107, Бутлеров 36 түрлі қыстырма
сөздерді 153 рет, Циолковский 30 түрлі қыстырма элементтерді
114 реттен қолданғаны байқалса, Л.Толстой бар болғаны 10
түрлі қыстырманы 16 рет қана, Тургенев 35 түрлі қыстырма
сөзді 58 рет, Чехов 25 түрлі қыстырма сөзді 44 рет жұмсағаны
анықталады
49
. Бұл фактілер неден хабар береді? Сөз жоқ, әр
стильге жататын әдебиет үлгілерінің жанрлық сипатына қарай
тілдік элементтерді тандау, кейбіреулерін ак тив қолдану сияқты
тұстарда сөз ерекшеліктері бар екенін көрсетеді: ғылыми
әдебиетте автор негізінен
Достарыңызбен бөлісу: