Р. Сыздык 6-том indd


Көркем әдебиет тілін танудың қырлары



Pdf көрінісі
бет123/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Көркем әдебиет тілін танудың қырлары
Функционалдық стильдердің бір тармағы – көркем әдебиет 
тілін зерттеуде әңгіме негізінен екі түрлі пробле ма төңірегінде 
болады. Олар: 1) жалпы ұлттық әдеби тілдің даму барысын-
дағы көркем әдебиет тілінің орны, 2) жеке жазушылардың 
сөз мәнері (даралық стилі). Бұларды тағы екі түрлі тұрғыдан 
қарастыруға тура келеді: бірі – шеберлік, екіншісі – нормалы-
лық тұрғысы. Ашып айтсақ, біріншісі – көркем әдебиет тілін, 
яғни «поэтикалық сөзді»
50
стилистика 
объектісі ретінде 
қарастыру, екіншісі – 
жалпы ұлттық әдеби тілдің
белгілі бір 
қаттауының, айталық, лексикасының немесе грамматикасы-
ның нормалары мен ұлттық көркем тіл нормаларының 
арақатынасы, қарым-қатынасы және бұл нормалардың көркем 
текстерде көрінуі тұрғысынан қарастыру.
Бұл екі түрлі зерттеудің объектісі біреу – көркем әдебиет 
тілі болғанымен, олардың көздейтін түпкі мақсаттары мен тал-
дау әдістерінде үлкен айырмашылық бар. Алдыңғысы 
линг- 
вистикалық стилистика
деп аталатын салаға жатса, соңғы-
сы тіл нормаларының қалыптасып, орнығуы, яғни сөз 
мәде- 
ниеті
деген саланың проблемалары болып шығады. Мұның 
себебі көркем әдебиет тілінің өзі «екі планды» екендігінде: 
біріншіден, ол «жалпы» тілге жатады, соның үдесінен шығуға 
50
Біз бұл жерде «сөз» терминін орысша «речь» дегеннің баламасы ретінде алып 
отырмыз, ретіне қарай кейде «речь» дегенді «тілдің қолданысы», «қолданыстағы 
көрінісі» деген тіркестермен де білдіреміз. «Речь» дегенді қазақша бір сөзбен білдіре 
алмай келеміз.


242
тиісті бол са, екіншіден, көркем шығарма тілі сол туындының 
«символдық құрылымына» бағынуы керек 
51
.
Жалпы стилистика – шеберлік туралы ғылым саласы, оған 
тілдің көріктеуіш құралдары, солардың көркем әдебиетте 
қолданылуы жайындағы зерттеулер жатады. Көркем әдебиет 
өнер туындысы болғандықтан, оның тілі сол өнердің құралы, 
«материалы» ретінде қаралып, ол да ө 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет