Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет122/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

мен
деп өзін танытуды көздемейді, 
48
Бұл да сонда, 6-7-беттер.
49
Кожина М.Н.
Аталған кітап. - 35-39-беттер.


238
табиғат пен адамзат сырын белгілі бір жаққа (
мен, сен, ол, 
біз, олар 
деген сияқты) бейтарап тұрғыдан баяндайды, тек 
ғалым баяндап отырған ғылыми мәлімет немесе пікірге өзінің 
көзқарасын, бағасын, күмәнін т.т. білдірген тұстарда жақтық 
жіктеу есімдігінен гөрі (мы салы,
 мен
есімдігінің Циолковский-
де 9, Павловта 24 рет кездесетініне назар аударалық) қыстырма 
сөздерді жиі жұмсайтыны байқалады.
Егер қазақ тіліндегі көркем әдебиет пен ғылыми әдебиет 
текстеріне осы іспеттес санақ жүргізер болсақ, дәл бұл шама 
(пропорция) болмағанмен, осыған жуық сандық көрсеткіштер 
шығар еді: Тек қазіргі қазақ тіліндегі ғылы ми, әсіресе ғылыми-
көпшілік стильде 
біз
есімдігі неме се I жақтағы көпше 
түрдегі жіктік жалғаулы баяндауыш (етістік не есім) жиірек 
ұшырасатынын айтуға болады. Бұл да – функционалдық стиль 
белгілерінің бірі.
Сөйтіп, көркем әдебиет стилінің өзге мақсаттық стильдер-
ге қарағанда, олардан өзгешеленетін тұстары бар екендігі 
байқалады, олар: 1) мұнда экспрессивті, әсерлі (эмоционал-
ды), суреттеме бояуы, бағалауыш сипаты күшті элементтердің 
жиірек қолданылатындығы, 2) сондай-ақ көркем әдебиетте 
қарапайым сөздер мен көне сөздердің, әдеби нормадан тыс-
қары тұратын диалектизм, варваризм, дөрекі сөз, макаронизм
сияқты сөздердің стильдік мақсатта еркін қолданыла беретін-
дігі, 3) ғылыми терминдер мен тілдік трафареттердің қолданыл-
майтындығы, қолданыла қалған күнде олардың белгілі бір 
стильдік жүкпен, мысалы, кейіпкер тілінде кездесетіндігі. Бұл 
белгілер көптеген тілдерге ортақ. Қазақ көркем әдебиет стилі 
де, айталық, оны ғылыми немесе кеңсе іс қағаздары стиль-
дерімен салыстырғанда көрсетілген белгілерімен көзге түседі. 
Әрине, бұл – тым жалпы көрсеткіш. Проза жанрында көркем 
әдебиет өз ішінен бірнеше жанрлық, тақырыптық түрге: тари-
хи шығарма, философиялық эсселер, тұрмыстық оқиғаларды 
баяндайтын әңгіме, новелла, романдар, фантасти калық шығар-
малар, сатиралық туындылар т.т. болып бөлінетіндігіне қарай,
олардың әрқайсысының ерекше өз белгілері және болатыны
белгілі. Тек көркем әдебиет емес, ғылыми әдебиет те таза 
ғылыми, яғни белгілі бір ғылым саласының мамандарына 


239
арналған және ғылыми-көпшілік, яки қалың оқырман қауы-
мына ұсынылған болып ажыратылады. Алдыңғысында 
ғылыми терминдер, олардың ішінде көпшілікке түсініксіздері 
молынан қолданылатын болса, ғылыми-көпшілік қолды 
әдебиетте жалпыға түсініксіздеу термиңдер суреттеме жол-
мен (тіркестермен) түсіндіріліп беріледі, бұл орайда олардың 
көркем әдебиеттегі сияқты бейнелілік, әсерлілік сипаты бола-
ды. Мысалы, «Зерде» журналының 1989 жылғы 4-нөмірінде 
«Көлден келген тажал» деп аталатын мақала былайша баста-
лады:
«1986 жылы 21 август күні кешқұрым Камерунның баты-
сындағы вулканды кратерлі Нисс көлінің маңайында тұратын 
адамдар үлкен жарылысты естіді. Ал бірнеше ми нут өткен 
соң, олар тез арада тұншықтыра бастаған ерек ше иісті сезді 
де күркелерінен қашып шыға бастады. Бірақ 
барар жер, ба-
сар тау
қалмаған еді. Өйткені әп-сәтте-ақ көлемі 25 шаршы 
шақырым жерді улы газ бұлты басып қалды. Көл төңірегі адам 
мен жан-жануар өліктерінен 
аяқ алып жүргісіз...
» 
Мұндағы курсивпен терілген бейнелі сөздер адам баласы-
ның басына келген бұл оқиғаның қасіретін көпшілік оқырман-
ға шынайы көрсетуге қызмет етіп тұр. Мұндай бейнелеп
суреттеме тәсілмен берілетін текстер көпшілікке арналған 
ғылыми (кейде оларды «жартылай ғылыми» деп те атайды) 
кітапшаларда да жиі кездеседі.
Әр функционалдық стильдің өз ішінде кездесетін мұндай 
жекелеген ерекшеліктерді сол стильдің стильдік белгісі деп 
емес, «стильдік бояулары» деп атау керектігін қостаймыз. 
Мысалы, тарихи романдарда көнерген сөздердің орын алуы – 
жалпы көркем әдебиет үлгілерінің бәріне тән ортақ белгі емес, 
тарихи шығарманы әрлейтін стильдік бояуы деп тану қажет. 
Айталық, жазушы Мұхтар Мағауин «Аласапыран» деген 
шығармасында қолданған 
шортабегі, есікағасы, ғаскербасы, 
сипағсалар, аталық, қараша бек, құма, емелдес, тұтқауыл, ер-
тауыл

маңдайсүбе
сияқты көнерген тұлғалар – тарихи көркем 
туындының стильдік бояуын көрсететін элементтер. Неме-
се Мұхтар Әуезовтің «Білекке білек» әңгімесінде 30-ға жуық 
қолданылған жергілікті сөз (диалектизмдер) Қазақстанның 


240
оңтүстік өңіріндегі еңбек адамдарының нанымды бейнесін 
жасауға көмектесетін стильдік бояулар болып танылуы тиіс. 
Мұндай құбылыстарды шығарманың «стильдік тезге түсуі» 
(стилизация) деп атауға да болар еді.
Көркем әдебиет стилистикасы – негізінен сөз қолданыс 
шеберлігін, сөз эстетикасын, сөздердің контекстегі «қылығын» 
(поведение слова в контексте) зерттейтін ғылым саласы. Бұл 
– осы стильдің айырым белгілерін зерттеу болып табылады. 
Әрине, бұлар өзге стильдерге кел генде де орын алуы мүмкін. 
Сондықтан функционалдық стильдер мәселелерін сөз ететін 
ғылым саласы – стилис тика ұлттық тіл мәдениеті негізін 
қалайды.
Көркем әдебиет стилистикасын зерттеуде орыс тілі ғылы-
мында тіл білімінің проблемалары деп 1) көркем әдебиет тілі-
нің өзге функционалдық стильдермен өзара байланысын 
(қарым-қатысын) таныту; 2) тіл құралдарын эстетикалық қыз-
метте жұмсау принциптерін айқындау; 3) жеке ақын-жазушы-
лардың ұлттық әдеби тіл тарихындағы рөлін зерттеу мәсе-
лелерін таниды. Қазақ тіл білімінде осылардың ішінде соң-
ғысына көңіл аударылып келеді де алдыңғыларына арнайы 
жазылған монографиялар жоқтың қасы екенін айтуға болады.
Көркем әдебиет стилін тануда оны өзге функционалдық 
стильдермен салыстыра зерттеудің мәні зор, мұнда, бір жағы-
нан, салыстыру әдісімен әр құбылыстың айырым белгілері 
айқынырақ көрінетін болса, екінші жағынан, көркем әдебиет 
стилінің әдеби тіл дамуындағы орны, рөлі де көріне түсері хақ. 
Біздің байқауымызша, 2, 3 деп көрсетілген мәселелер тобы 
бірінші мақсатты көздеген зерттеу барысында жүргізілген 
жұмыстарды қамтиды, яғни тіл элементтерінің эстетикалық 
қызметін анықтауды әр стильдің аясында жүргізсек, көркем 
әдебиеттің бұл орайдағы ерекшелігі танылады, сондай-ақ 
көркем әдебиет стилін өзге стильдерден айырып тану үшін, 
сөз жоқ, жеке қаламгерлер (жазушылар) шығармаларын талдау 
керек болады, ал бұл талдаудың үстінде көркем сөз шеберлері-
нің әдеби тіл дамуындағы орындары, сіңірген еңбектері, қос-
қан үлестері айқындалатынын осы кітаптің I бөліміндегі талда-
уларымыз көрсетеді.


241
Функционалдық стильдер жүйесінде қазақ көркем әдебиеті 
тілін зерттеуде әдеби тілдің осы қатарының өз ішінен: 1) көркем 
поэзия, 2) көркем проза, 3) драматур гия, 4) көркем публици-
стика деп бөлінетінін ескеріп, әрқайсысын жеке-жеке талдау 
қажеттігі даусыз. Және олардың пайда болу, әрі қарай жылжу 
процестеріне қарай та рихи кезеңдерге бөліп қарастыру және 
қажет. Сондықтан осы еңбекте біздің нысанамыз – көркем про-
за тілі және негізінен оның қазіргі синхрондық күй-қалпын 
таныту бол ды. Ол үшін, әрине, бұл стильдің көздері мен 
қалыптасу кезеңдері де сөз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет