Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет17/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық 
құрылыстың келесі бір белгісі – шаруашылықтың натуралды, яғни 
томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен 
азық-түліктердің бәрі оның поместьесінде (иелігі) өндірілді. Феодал 
поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан 
Аcтық жинау
Орталық
мем ле кет тiк билiк 
әлсiз болды
Натуралды шаруашылық
Сауда-саттық пен 
экономикалық
байланыстардың төмен 
дәрежеде болуы
Қажеттi азық-түлiк 
пен бұйымдар
по местье нiң өзiнде 
өн дiрiлдi
Натуралды шаруашылықтың белгілері
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


26
Соқамен жер жырту
киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, 
ыдыс-аяқ 
пен 
құрал-саймандарды 
өздері жасады. Шаруалар да, олардың 
қожайындары да еш нәрсені сатып ал-
мады, «бәрі өзімізде бар» деген үрдісте 
өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-
түлікке, малға айырбастап алатын. ХІ ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-
саттық өте төмен дәрежеде болды. 
VІ–Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды 
шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе са-
тылмады және сатып алынбады. 
Феодалдық бытыраңқылық. Натуралды 
шаруашылық жағдайында жеке феодалдық 
иеліктер арасындағы экономикалық және 
саяси байланыстар өте мардымсыз болды. 
Батыс Еуропада ірі жер иелігі бар фео далдар жеке-дара шаруашылық 
жүргізе алды. Мұнда табиғат жағдайы қолайлы, жері құнарлы, өзен-суы 
жеткілікті, шабындығы мол болды. Осының бәрі феодалдың байлығын 
молайтып, оның үкі
мет тен тәуелсіз өмір сүруіне мүмкіндік жасады. 
Феодалдық иелік тердің саяси және мәдени орталықтарына айналған 
қалалар өсіп-жетілді. Феодалдық иеліктер өзінше тәуелсіз мемлекет 
іспетті еді.
ІХ ғасырда Карл империясынан Франция, Германия, Италия бөлініп, 
жеке корольдіктер құрды. Олардың әрқайсысы көптеген иеліктерге 
25–26-беттердегі суреттерге қарап, 
ортағасырлық шаруалардың тұрмыс-
тіршілігі жайлы айтыңдар.
Феодалдық бытыраңқылықтың 
себебін анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


27
бөлінді. Көптеген феодалдардың жер көлемі король иелігінен де асып 
түсті. Әрбір ірі феодалдың өз әкімшілігі мен соты, әскері болды. Оларды 
қол астындағы шаруаларды бағыныштылықта ұстауға әрі сыртқы жау-
дан қорғануға пайдаланды. Ірі феодалдар көршілерімен соғысу немесе 
бітім жасау мәселелерін өздері шеше беретін. Күшейіп алған жекелеген 
феодалдар өздерін корольмен тең санай бастады. 
Осының бәрі ІХ–ХІ ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық быты-
раңқылықтың негізгі белгілері болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет