Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ежелгі Киев Русінің мәдениеті



Pdf көрінісі
бет15/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Ежелгі Киев Русінің мәдениеті. Қазіргі орыс, украин және бело-
рус халықтарының мәдениеті ежелгі Киев Русі мемлекетінің мәдениеті 
негізінде қалыптасқан. Рухани мәдениетке жазу, жылнамалар, сәулет, 
сурет және қолөнер жатады. Ертедегі шығыс славяндар шаруашылығы 
материалдық мәдениеттің дамуына жол салды. 
Христиан діні арқылы бұл дінді бұрын қабылдаған Балқан түбегіндегі 
Болгар патшалығымен тығыз байланыс орнап, болгарлар – Кирилл және 
Мефодий жасаған славян әліпбиі (алфавит) қолданыла бастады. 
Ежелгі Киев Русінің жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары 
кезінде Новгород қаласынан қайың қабығына жазылған грамоталар, хаттар, 
шаруашылық құжаттар, шаруалардың арыздары табылды. Монастырьларда 
көптеген жазба тарихи құжаттар сақталған. 
Монастырьлардан табылған жазба дерек терді, оқиғалар жазбасын 
орыстар летопись – 
жылнама деп атаған. Бізге келіп жеткен сондай 
жылнамалардың бірі – 
«Бағзы бір замандардың хикаясы» («Повесть вре-
менных лет»). Мұны жазған Киев – Печер монастырының монахы Нестор. 
Бұл жылнама Киев Русі мемлекетінің құрылуы, славян тайпаларының 
көшпелі тайпалармен соғысы, алғашқы князьдар туралы жазылған тари-
хи дерек, жазба ескерткіш болып табылады. 
Ежелгі Киев Русіндегі монастырьлар жанындағы мектептерде оқу
жазу, дін ілімі, ән үйретілді. Мектепте ер балалар мен қыздар бөлек 
оқытылды. 1086 жылы Мономахтың туысы Киев қаласында қыздарға 
арнап мектеп ашқан. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


23
Ойталқы
Киев Русінің мәдениетіне христиан дінінің ықпалы зор болды деген 
пікірмен келісесіңдер ме? 
?!
Орыс халқы христиан дінін қабылдағаннан кейін, басқа славян ха-
лықтары сияқты оларда да сәулет өнері дамыды. Мәселен, Византияның 
дәстүрлі сәулет өнері негізінде салынған Успен соборы, Спас-Преобра-
женский монастыры, София соборы т.б. Орыс, украин және белорус
жерінде салынған барлық православие шіркеулері бір-біріне ұқсас болып 
келеді. Орыс мемлекетіндегі сәулет өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет