Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет13/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Киев Русінің құрылуы. ІХ ғасырдың екінші жартысында 862 жы-
лы шығыс славян тайпалары өздерін басқару үшін Скандинавиядан 
(Солтүстік Еуропадан) князь Рюрикті билікке шақырды. Рюриктерді 
шақыруының негізгі себебі, біріншіден, сол кездегі Еуропада үстемдік 
жасап отырған викинг тайпасына тойтарыс беру болса, екіншіден, «Иль-
мен көлінің бойындағы тайпалар арасындағы бақталастықты жою» деп 
жазады сол кездегі жылнамаларда. 
ІХ ғасырдың соңында Рюриктің туысы Олег Киевті жаулап алады. 
Киев князьдары Аскольд пен Дирді өлтіріп, 
882 жылы древлян, северян және радимич-
тер тайпаларын бағындырды. Князь Олег 
Киев жерін 33 жыл бойы басқарды. Днепр 
өзенінің орта ағысында славян тайпаларын 
бағындырып, мемлекет құрды. Рюриктің 
баласы 
Игорь (912–945) Олегтен кейін Киев 
Русі мемлекетін басқарды. Князь Игорьден 
бастап орыс князьдары Рюриктер әулетінен 
шыққан деп саналады. 
Киев Русіне Киев князы билік етті. Ол 
елді князьдар мен жасақшылардан құралған 
Кеңес (Боярлар Думасы) арқылы басқарды. 
Жасақтар 
үлкен жасақ және кіші жасақ деп 
бөлінді.
Киев Русі мемлекетінің астанасы – ежел гі 
Киев қаласы. 
Ежелгi Киев
19-беттегі суретке қарап, ежелгі сла- 
вян дардың тұрмыс-тіршілігі жайлы 
айтыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


21
945 жылы Игорьді древлян тайпалары салық жинау кезінде өлтіреді. 
Игорьдің жесірі Ольга кейіннен древляндардан күйеуінің кегін алады. 
Игорьдің баласы Святослав 945–972 жылдары Киев Русінде билік 
жүргізді. Алайда оның жас болуына байланысты княгиня Ольга билікке 
араласты. Византия мен Киев Русінің арасындағы байланысты жақсарту 
мақсатында княгиня Ольга 957 жылы Константинопольге сапармен бар-
ды. Византия императоры VІІІ Константин Багрянародныйдың құрметті 
қонағы болды. Константинопольде Ольганы христиан шіркеулерінің 
биіктігі мен әдемілігі, ішкі сән-салтанаты таңғалдырды. Ольга хрис-
тиан дініне өтуге шешім қабылдайды. Княгиня Ольганы христиан 
дініне қабылдау рәсімін императордың өзі мен патриарх Феофилакт 
ұйымдастырды. Бұл сапар Киев Русіне Византия мәдениеті мен христиан 
дінінің таралуына ықпал етті. Игорьдің баласы 
Святославтың тұсында 
Киев Русінің қуаты артады. Әскери жорықтар жасап, көрші тайпаларды 
бағындыру арқылы мемлекеттің жері кеңейеді. Бірақ Киев князьдығында 
бақталастық күшейіп, Святославтың екі баласы Ярополк пен Олег бірін-
бірі өлтіріп, Киев Русі тағына кіші баласы 
Владимир отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет