Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Шыңғысханның жаулап алушылық жорықтары



Pdf көрінісі
бет38/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
Шыңғысханның жаулап алушылық жорықтары. Монғол тайпаларын 
біріктіргеннен кейін, Шыңғысхан танғұттардың Батыс Ся мемлекетіне 
шабуыл жасайды. 1207 жылы Енисей жағалауындағы ойраттар т.б. тай-
палар бағындырылды. 1211 жылы монғолдар Солтүстік Қытайдағы Цзинь 
мемлекетіне шабуыл жасады. 1215 жылы ұзақ соғыстан кейін Шыңғыс-
хан әскерлері Пекинді алды. Солтүстік Қытайда әскербасы Мұқалиды 
(Мұқылай) 23 мың әскермен қалдырды. Шыңғысхан Монғолияға қайтып 
келіп, 1218 жылы Жетісуда бекіген наймандарды бағындырды. 1219 
жылы монғолдар Қазақстан мен Орталық Азияны жаулауды бастайды. 
1220 жылы Хорезм мемлекетінің астанасы Бұхараны, одан кейін 
Самарқанды қоршап, оны да басып алды. 1221 жылы Орталық Азияның 
соңғы қаласы Мерв монғолдарға қатты қарсылық көрсеткенімен, ол да 
жеңіліс тапты. Сөйтіп, Орталық Азияны жаулау аяқталады. Жебе мен 
Сүбедей қолбасшылар басқарған монғолдар Әзірбайжан мен Грузияны 
талқандап, Қырымға жетті. 1223 жылы Қалқа өзенінде қыпшақтар мен 
орыстардың біріккен әскері жеңіліс тапты.
Монғол ауылы
Ойталқы
Шыңғысханның жорықтарда жеңіске жетуіне не ықпал етті деп ойлайсыңдар?
Шыңғысханның тұлғасы жайлы 
бүгінде әртүрлі пікірлер айтылады. 
Сен Шыңғысханға қандай баға бе-
рер едің? 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


63
«Яса» («Жасақ»). ХІІІ ғасырдағы әдебиеттерде «Ұлы Яса» деп ата- 
латын Шыңғысханның әртүрлі мәселелерге байланысты айтылған 
заңдары қалыптасты. «Яса» монғолша – 
жасақ, құқық, салық деген 
мағына береді. Алғаш рет монғолдардың құрылтайында (1206 жылы) 
оқылған. Ясаның 36 үзіндісі күні бүгінге дейін жеткен. Бұл заңды 
зерттеуші ғалымдар, оны 5 бөлімнен тұрған деп болжайды: 1) қылмыс, 
оған берілетін жаза; 2) соғыс, әскери жасақ; 3) отбасы және неке;
4) мақтау; 5) салт-дәстүр, ырым.
Яса заңы бойынша соғыстан түскен байлық былай бөлінген: 3/5 – 
әскерге; 1/5 – қағанға; 1/5 – әскербасына.
Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жаза-
ланатын болды. Монғол хандары «Ясаны» ел басқару ісінде ұзақ жылдар 
1226 жылы Шыңғысхан Батыс Ся мемлекетіне тағы да жорық жасап, 
1227 жылы бұл елді де біржолата бағындырды. Шыңғысхан сол жылы
72 жасында қайтыс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет