Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ойталқы «Жасақ» заңы кімдердің мүддесін көздеді? ?!



Pdf көрінісі
бет41/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Ойталқы
«Жасақ» заңы кімдердің мүддесін көздеді?
?!
«Жасақ» 
заңы
?
1. Өкімет билігінің жоғары органы:
а) «Яса» («Жасақ»)
б) Ескі заң
ә) Жеті жарғы
в) Қағида
2. Монғолдар Еуропаның қай елдеріне шапқыншылық жорықтар жасады?
а) Польша, Чехия, Венгрия
б) Франция, Англия, Литва
ә) Италия, Германия, Франция 
в) Англия, Франция, Италия
3. Мерзімі мен оқиғаларды сәйкестендіріңдер.
1. 1240 жылы 
2. 1237 жылы 
3. 1243 жылы
а) Рязан қаласын алды
ә) Киев қаласына келіп жетеді
б) Алтын Орданың негізі қаланды
Монғолдар шығысқа жорығы барысында 1256 жылы Иранды, 1258 
жылы Бағдатты басып алды. Құбылай әскерлері 1279 жылы Қытайды 
біржолата бағындырды. Қытайда 
Юань әулетінің негізі қаланды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


67
Монғол жауынгерлерi
§13. ЕУРАЗИЯ ЭТНОСАЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА 
МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ
Бүгінгі сабағымызда монғолдардың соғыс жүргізу әдісімен танысамыз. 
Монғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгерткенін 
білетін боламыз. Монғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастарды 
анықтаймыз.
Монғолдардың әскери өнері. Монғолдардың 
ұлан-байтақ жерді жаулап алу себебі – әскери 
өнерінің өте озық болуында. Шыңғысхан өз 
әскерін көшпелілердің рулық-қауымдық құры-
лымы негізінде құрды. Ондықтар мен жүз-
діктердегі жауынгерлер бір рудан немесе бірнеше 
рулардан тұрды. 
Монғол әскерінің негізгі түрі атты әскер болатын. Ол 
ауыр және жеңіл 
деп екіге бөлінді. О бастан монғолдар көшпелі малшылар болған. Сондықтан 
олар балаларын үш жастан бастап атқа отырғызған. Бала 4–5 жасқа 
толғанда қолына алғашқы садағын ұстаған. Сол кезден бала көп уақытын 
ат үстінде, аңшылықта өткізуге дағдыланған. Жорықтарда монғолдар 
ұзақ уақыт бойы ердің үстінде ұйықтауға машықтанып, өз әскерінің тез 
қозғалуына жағдай жасаған. Монғол жауынгерлері өте төзімді еді. 
Ауыр атты әскер қарсыластардың басты күштерімен ұрыс жүргізген. 
Ал жеңіл атты әскер 
қарауылдық және барлау қызметтерін атқарған. 
Әскердің бұл түрі кенеттен ұрыс бастап, садақтан оқ жаудырған. Жеңіл 
атты әскер қарсыластарының соңына түсіп отырған. Атты әскердің 
жетегінде қосымша бос аттар көп бол-
ған, соның арқасында монғолдар алыс 
қашықтыққа тез жеткен. 
Монғолдардың негізгі қаруы садақ 
еді. Әрбір жауынгер бірнеше садақ пен 
жебе толы қорамсақ, ат үстіндегі жауды 
іліп түсіру үшін темір қармақты басы 
бар найза, қайқы қылыш алып жүрген. 
Шыңғысхан өз әскерінде барлау 
жүргізетін, көшіп-қону бағытын және 
тұрақтайтын мекенжайды белгілейтін 
бөлімдер құрды. Бұл бөлімдердің әскер-
басылары тікелей ханға бағынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет