Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет46/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
Уот Тайлер көтерілісі. ХІV ғасырдың 60–70-жылдары Жүзжылдық 
соғысқа байланысты Англияның экономикалық жағдайы нашарлап 
кетті. Ағылшын үкіметі парламенттен елге салық салуды көбейтуді 
сұрады. Бұл елдегі әлеуметтік жағдайды күйзелтіп жіберді. 1381 жыл-
дың мамыр айының соңында Англияның оңтүстік-шығысындағы Эссекс 
графтығында Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Оған 
Франциямен соғысты жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі се-
беп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың 
кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Көтеріліске бұрын Жүзжылдық 
соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан 
екі графтықтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің 
«ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды 
көздеді.
Париждегі көтерілістің бір 
күні (1358 ж. 9 маусым). 
Жак 
Фруассардың «Хроникасынан»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


75
Король ІІ Ричард көтерілісшілерімен кездесуге мәжбүр болды. 
Көтерілісшілер корольден басыбайлылықты жойып, саудаға еркіндік 
беруді талап етті. Король шаруалармен келіссөз жасап жатқанда
Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король уәде 
беріп, шаруаларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған 
көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда 
король соттары жұмыс істеп, қатысқандарды қатаң жазалайды.
Ойталқы
Көтерілісшілердің жеңілуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
1. «Қара індеттің» негізгі себебі неде еді? 
2. Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісінің ерекшелігі мен 
ұқсастықтарын айқындаңдар.
Жакерия көтерілісі
Ұқсастық
Уот Тайлер көтерілісі
Интернетті пайдаланып, «қара індет» туралы қысқаша баяндама жасаңдар. 
«XIV ғасырдағы қара індет» («Эпидемия чумы ХІV века») фильмін көріп, 
алған әсерлеріңді бөлісіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет