Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


§16–17. ЕУРОПАДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАНҒАН



Pdf көрінісі
бет49/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

§16–17. ЕУРОПАДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАНҒАН
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛУЫ
?!
Негізгі ұғымдар:
Король билігінің 
күшеюі, өкілдер жи-
налысы, Парламент
Бас штаттар, Кортес
Сословиелік-өкілділік органдар – «Парламент», «Бас штаттар», «Кортес» 
ұғымдарын анықтаймыз. Еуропада орталықтанған мемлекеттердің қалай 
қалыптасқанын білетін боламыз.
ХІV–ХV ғасырлардағы Еуропа феодалдық 
бытыраңқылықтан ұлттық мемлекеттер құрыла 
бастауымен ерекшеленеді. Алғашқы ұлттық 
мемлекеттер Франция мен Англия, Испанияда 
қалыптасты. 
Францияның бірігуі. ХІ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап қалалар мен тауар-ақша қатынасының дамуына 
байланысты Батыс Еуропа елдерінде саяси бірігу құбылыстары байқала 
бас тады. Бөлшектенген мемлекеттер біріктіріліп, король өкіметі күшейе 
түсті. 
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


80
Орталықтандырылған билік Батыс Еуропа елдерінің ішінде Англия мен 
Францияда тез қарқынмен жүзеге асты.
Бұл екі елде өнеркәсіп, сауда және қалалар мен ішкі рыноктың 
қалыптасып, дамуы елдің бірігуін жеделдетті. Бұрын қалыптасқан ірі 
қалалар 
Париж бен Лондон елдегі барлық аймақтармен қатынастарын 
нығайтып, елдің саяси бірігуіне жағдай жасады. Тауар-ақша нарығының 
дамуы үшінші әлеуметтік топ – қала тұрғындарын қалыптастырды. 
Ал қалалықтар бытыраңқы феодалдық монархияның орнына күшті 
орталықтанған король үкіметі билігін қалады. Францияда король билігі 
ХІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түсті. Король өкіметі 
қалалықтардың жергілікті феодалдарға күресіне қолдау көрсетті. 1259 
жылы Англиямен бітімшарт жасалып, Англия Францияның солтүстігі 
және солтүстік-батыс провинциялары мен Нормандиядан бас тартты.
ІV Көркем Филипп король (1285–1314) Рим папасына қарсы күресте 
қолдау табу үшін Бас штаттарды шақырды. Елді басқару жүйесінде 1302 
жылы жаңа жүйе 
Бас штаттар құрылды. 
Оның құрамы үш әлеуметтік топ өкілдерінен: діни шонжарлар, 
дворян дар және ауқатты қалалықтардан тұрды. Бұл ұйымның құрылуы 
Франция үшiн алға жылжушылық еді. Осы ұйым арқылы король қала-
ның бай өкілдеріне арқа сүйеп, қазынаны толтыруға және феодалдарды 
бағындыруға мүмкіндік алды. Бас штаттар – ауқат ты қала тұрғындары, 
дінбасылар мен дво рян дардың жиналысы 
еді. Францияның толық бірігуі Жүзжылдық 
соғыстан кейін ғана аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет