73
§14. ФРАНЦИЯ МЕН АНГЛИЯДАҒЫ ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ
ХІV–ХVІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ
ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМ
А л т ы н ш ы
т а р а у
Негізгі ұғымдар:
«Қара індет»,
Жакерия көтерілісі,
Уот Тайлер көтерілісі.
Турне қаласында
обадан қаза тапқан дар ды
жерлеу кезі.
ХІV ғасырдағы Гилль
Майзеттің хроникасындағы
миниатюрадан үзінді
Бүгінгі сабағымызда «Қара індеттің» таралу себебін анықтаймыз. У. Тайлер,
Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен
маңызын білетін боламыз.
«Қара індет». Қалалардың ластығынан жұқ-
палы аурулар жиі тарап, адам өлімі көбейді.
Жұқпалы аурулар
Еуропа елдеріне кемелер-
мен жеткен егеуқұйрықтар арқылы тарал-
ды. Індет қалаларда қатты болып, Еуропа
тұрғындарының үштен бірі қазаға ұшырады.
Бұл қорқынышты оба індеті ХІV ғасырда «Қара індет»
деп атал-
ды. Көптеген елді мекендер қаңырап бос қалды, қалаларда адамдар-
ды жерлейтін зираттар жетіспеді. Франция мен Англияда,
осылайша,
қалыптасқан жағдай шаруаларды күйзеліске жеткізді.
Франциядағы Жакерия. 1358 жы-
лы Бовези округінде шаруалардың Жа-
керия деп аталған көтерілісі бол ды.
«Жак» деген адам аты. Фран цуз шон-
жарлары шаруалар ды ке ле
ке етіп осы-
лай атайтын. Содан шаруалар көтерілісі
«Жаке рия» деп аталған.
Көтеріліске
100 мыңдай адам қатысты. Кө тері лістің
Ортағасырлық «Қара індеттің»
Еу ропаға таралуы жайлы әр түрлі
пікірлер айтылады. Осыған өз
ойыңды білдір.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
74
себе бі – Жүзжылдық соғыстан және «Қара
ін дет тен» туындаған елдегі күйзеліс,
салық тың өсуі еді. Сонымен бірге жалда-
малы әскерлердің тонаушылық әрекет-
тері қарапайым
халықтың ашу-ызасын
келтірді. Көтеріліс ұйымдаспаған түрде
кенеттен туындады. Шаруалар салыққа
және
өздерін
әртүрлі
жұмыстарға
тегін пайдалануына қарсылық ретінде
феодалдар әскерімен қақтығысып қа-
лады.
Мұның аяғы көтеріліске ұласып,
Солтүстік Францияның – Бовези, Пи-
кардия, Шампань аймақтарын қамтыды.
Әсіресе Бовези аймағында көтеріліс кең
етек алды. Көтерілісті әскери істі білетін
шаруа Гильом (Гийом) Каль басқарды.
Көтеріліске шаруалармен қатар, қол-
өнершілер, ұсақ саудагерлер т.б. қатысты. Кейбір қала тұрғындары да
көтерілісшілерге
қолдау көрсетіп, қала қақпаларын ашуға көмектесті.
Көтерілісшілер «қайырымды корольге» сеніп, негізгі ашу-ызасын фео-
далдарға қарсы бағыттады. Сондықтан олар сарайларды қиратып, өздеріне
салы натын салық қағаздарын өртеді, феодалдарды қатыгездікпен жазалады.
Гильом Кальды феодалдар алдап,
келісімге шақырып, өлтіреді.
Басқарусыз қалып, нашар қаруланған шаруаларды феодалдар отряд-
тары тас-талқан етіп жеңіп шығады. 1358 жылы француз тағының
мұрагері Карл Парижды басып алып, көтерілісшілерді жазалады.
Достарыңызбен бөлісу: