Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет16/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Мерзімі

соңғы

тариф

арт.төл. /қарыз

төлемге

төлеймін

1

тамыз




341,39 тг/ад




1956,95




2

қыркүйек




341,39 тг/ад




1706,95




3

қазан




341,39 тг/ад

250т.

1456,95




A) тамыз: 1956,95 теңге
B) қыркүйек: 1456,95
C) қазан: 1706,95
D) тамыз: 1456,95
E) тамыз: 1706,95
F) қыркүйек: 1956,95
G) қыркүйек: 1456,95
N) қазан: 1956,95
Дұрыс жауабы: В, Е, N


19 . Мәдина жоғарғы сыныптың оқушысы. Мектепке қоғамдық көлікпен қатынайды. Оқушылардың жолақысы 40 теңге. Сабақтың арасында, үлкен үзіліс кезінде, асханаға барып тамақтанады. Негізінен жеңіл желпі тамақтанады: 70 теңгеге кофе, 150 теңгеге самса және 200 теңгеге салат сатып алады. Мәдина ... ... 500 теңге жұмсайды.
A) дүкенге
B) күнделікті
C) қалта
D) асханаға
E) шығынына
F) жолақысына
G) қосымша шығынға
N) самса, кофе сатып алуға
Дұрыс жауабы: В,С,Е
20. Ол спорттық мәнерде киінгенді ұнатады. Бірақ мектепке әрдайым форма киіп келеді. Ал маған спорттық мәнерде киінгеннен гөрі ... үлгіде киінген ұнайды. Нұржандар үш ағайынды. Нұржан – отбасының кенже ұлы. Сонда да шалдуар емес, мейірімді бала. Мен досымның әділдігі мен еңбекқорлығын ұнатамын.
Сәйкесін тауып, сызбамен қосып көрсет
Нұржан киінеді Мен киінемін




Дұрыс жауабы: Нұржан киінеді: спорттық мәнерде – спорттық костюм, трико, кроссовка,


ен киінемін: классикалық үлгіде, ақ жейде, қырлы шалбар, қара туфли
21. «Бір киер» сөз тіркесінің мағынасын анықта
A) ескі киім
B) жаңа киім
C) сәнді киім
D) спорттық киім
E) әртүрлі костюмдер
F) қонаққа киетін кіим
G) қолайлы киім
N) салтанатты жиынға киетін киім;
Дұрыс жауабы: С, F,N
22. Кедей отбасылары үшін көмек сұрап жүрген қайырымды екі жан бір күні бір байдың үйіне келді. Әлгі бай ескі деп күректі тастай салғаны үшін жұмыскер малайына кейіп тұр екен. Мұны көрген соң біреуі қайтайық, деді. Ал екіншісі келген соң сұрай салайық деді де, байға шаруасын айтты. Сонда бай олар сұраған қаржыдан бес есе артық берді және мұқтаж жандардың үйіне азық түлік жеткізіп беретінін айтты. Сараң деп ойлаған байдың жомарттығына олар таң қалды. Бетіне таңдана қарап тұрған бұларға қарап, бай үнемшілдік сараңдық емес, деді.
Мәтіннің мазмұнына сай қанатты сөздерді көрсет
A) аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп
B) өзі жемей мал жиып сараң болар, содан күні қараң болар
C) сараңның өзі тойса да, көзі тоймайды
D) қайырсыз адам жеміссіз ағаш, ал жомарт жан мәуелі ағаш
E) теңге тиыннан құралады
F) дүниеқорлық дауасыз дертпен тең
G) алтын көрсе періште жолдан таяды
N) қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар
Дұрыс жауабы: D,Е. N
23. Айнұрдың отбасы Людмиланы жылы шыраймен қарсы алды. Қонақ бөлмеге кіргізді. Қонақ бөлмелері кең әрі әсем жиналған екен. Және дастарқан да жайнап тұр. Қонаққа арнап қазақша ет асып қойыпты. Дастарқанға етпен бірге әртүрлі салаттар мен тұздықтар қойылды. Үй иелері Людмилаға жілік ұсынды. Тағам өте дәмді екен. Айнұрдың анасы қазақша ет асу мен табақ тарту дәстүрімен таныстырды. Тамақтан соң Людмила альбом көрді. Үй иелерімен әңгімелесті. Содан кейін дастарқан қайта жасалды. Шай ішілді. Қазақы шай дастарқаны орыстың шайынан басқаша дайындалады екен. Дастарқанға шығыс халқының тәтті тағамдары қойылды. Людмилаға Айнұрлардың отбасы өте ұнады. Қазақы дастарқан да өте ұнады.
Табақ тарту дәстүрі дегеніміз ....
А) сыйлы қонақтарға
В) қазақша ет асу
С) жасына қарай
D) сыйлық беру
E ) табаққа тағам салып беру
F ) тәтті тағамдарды ұсыну
G ) кәделі мүшелерді ұсыну
N) қонақ күту дәстүрі
Дұрыс жауап: А,С, G
24. Психолог мамандар, адамның сырт келбеті ішкі дүниесінен де хабар беріп тұрады, дейді. Киіміңе .., ......... деген халықтың дана сөзін ұмытпаған дұрыс.
Халықтың дана сөзін толықтыр.
А) орай
В) қарай
С) қарсы алып
D) бағалайды
E ) ақылыңа қарай
F ) жеткізіп салады
G) сыртына қарай
N) шығарып салады
Дұрыс жауап: В,С, Е, N
25. Визит карточкасын өз еліңіздің мемлекеттік тілімен қатар, халықаралық қатынаста әмбебап тілдік құрал болып табылатын ағылшын тілінде ресімдегеніңіз жөн. Қос тілде ресімделген визит карточкасы іскери қатынаста сіздің мүмкіндігіңізді кеңейте түседі. Азия елдерінде оны сізге әдепке сай иесі қос қолдап ұсынады, ал Батыста бұл жайтқа қатысты қалыптасқан тәртіп жоқ. Келіссөз жүргізу барысында, іскери кездесулерде визит карточкаларын олардың иелерінің аты-жөнін, лауазымын шатастырмас үшін алдыңызға қойып отырсаңыз да болады. Әдетте қалыптасқан қарым қатынасқа сәйкес визит карточкасымен алмасу барысында лауазымы төмен тұлға бірінші болып ұсынады, ал шені бірдей адамдар арасында жасы кішісі алдымен ұсынады.

1.Мәтінге мазмұнына орай тақырып таңда.


А) Ресми стиль
В) Ресми кездесудің атрибуты
С) Іскери этикеттің ережелері
D) Ресми құжат талаптары
E ) Визит карточкасы әмбебап - тілдік құрал
F ) Ресми-іскери келіссөздің басты талабы
G) Ресми кездесулерге қажетсіз мәнер
N) Функциональдық стильдің атрибуты
Дұрыс жауап: В, С, Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет