Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет13/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Менің ОтанымҚазақстан


Менің Отаным Азияның төріне орналасқан. Жері кең байтақ. Халқымның мінезі де жері секілді кеңпейіл, қонақжай. Қазақстан – табиғи ресурстарға да бай мемлекет. Елімнің болашағы зор.
Отан! Бұл сөз маған өте ыстық. Отан! Мағынасы терең, асыл сөз. Адамның Отаны біреу-ақ. Отансыз адам – тұлдыр жетім. Отан десем, көз алдыма кең жазық дала, тәкаппар таулар, көгілдір көлдер, мөлдір бұлақтар елестейді. Көліктері ағылған, адамдары ары-бері сабылған қалалар, адамдары таң атысымен еңбекке араласатын ауылдар еске түседі. Осы елді мекендерде 130-дай ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өз салты, дәстүрі, мәдениеті бар.
Егіні жайқалған кең алқапты әсем ән кезіп барады. Әртүрлі тілде айтылған, айтыла беретін сұлу жыр кең даламды шарлап жүр. Отанымды татулық пен ынтымақтын, ырыс пен берекенің ән мен жыры шарлап жүр. Кең даламның төсін шарлай бер, заңғар аспан астында шарықтай бер, әсем ән мен бейбітшілік жыры!
Қазақстанда 14 облыс бар. Қазақстанның климаты қоңыржай. Біздің Алматы облысы Жетісу өңірінде орналасқан. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Алматы қаласы Іле Алатауының бөктеріне орналасқан. Алматы – әсем қала. Алматыда әлемдегі ең биік Медеу мұзайдыны бар. Алматыда биік ғимараттар көп. Біздің университет қалашығы әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев көшесінің аралығына орналасқан. Әл-Фараби шығыс халқының ұлы перзенті. Тимирязев – жаратылыстану ғылымы саласына көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым.
Астана қаласы Есіл өзенінің бойына орналасқан. Елордамыз Есіл бойына ХХ ғасырдың аяғында ауыстырылды. «Астананың» қала күніне арналған мерекелік нөмірінде «Астана мен Алматының ара қашықтығы 1260 км» және «Бартал-12» деген екі негізгі тақырыппен жоба жарияланды. Бартал көне түркі тілінде «салтанатты, әдемі көш» деген ұғымды білдірген.
Биылғы жылы «Атамұра» баспасында қазақтың ұлттық дүниетанымын, салт-санасын, этностық дәстүрін, халқымыздың әдеп-ғұрпын, мәдениетін өскелең ұрпаққа таныстырып, насихаттайтын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Жинақтың авторы – белгілі қазақ қаламгері, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы.



  1. Ақпаратты толықтырыңыз.

Қазақстан Республикасы ... орналасқан.
А) Оңтүстік Азияда
В) Орталықта
С) Азияның ортасында
D) Азияның төрінде
Е) Еуразияның ортасында
2. Сөйлемді толықтырыңыз.
Қазақ даласын әсем ән мен ... шарлап жүр.
А) әнұран
В) бақыт жыры
С) қазақтың халық әні
D) тамаша ән мен жыр
Е) бейбітшілік жыры
3. Дұрыс мәліметті табыңыз.
Елордамыз Астана қаласы болып жарияланды:
А) 1993
В) 1998
С) 1997
D) 1996
Е) 1995
4. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Астана күні – ....
А) 6 маусым
В) 1 мамыр
С) 6 шілде
D) 16 шілде
Е) 10 қазан
5. «Бартал» сөзінің көне түркі тіліндегі мән-мағынасын анықтаңыз.
А) әсем көше
В) керемет көше
С) сәнді көш
D) тамаша той
Е) салтанатты көрініс
Сөйлесу
Адамдар өмір қажеттілігіне байланысты басқа кісілермен ой бөліседі, пікір алмасады, сөйлеседі. Сөйлесу үшін сол ұлттың тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді пайдаланады.
Адамзаттың сана-сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеу – адам сана иесі екендігінің негізгі белгісі. Сана бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын қасиет. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуы биологиялық жағдайлар мен қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторларға да байланысты.

Сана мен тіл – адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білуінің нәтижесі.


Тілдің негізгі қызметі - адамдар арасында қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы,. Сөйлеу пікір алысу кезінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы болып табылады. Сөйлеу екі түрлі болады: ауызша және жазбаша. Сөйлеу арқылы біз ақапарат алмасамыз. Ақпаратты қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен түсіну (ұғыну) бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет