Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет32/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Оразмұ­хамед сұлтан

Қазақ сұлтаны Оразмұ­хамедті (Ораз Мұхаммед) келіссөз жүргізген болып, алдап тұтқынға алуы Ресейдің Қазақ хандығын өзіне бағындырудың бір амалы ретінде қарас­тыруы­ның мысалы болып табылады. 1594 жылы Тәуе­­кел ханның Ораз­мұ­хамедті тұтқыннан босату, әскери одақ құру, сол кезде Сібір хандығымен соғысып жатқаннан кейін қару-жарақпен көмек беру жөніндегі өтінішімен барған Құлмұхамед баста­ған елшілік сапарынан еш­теңе шықпайды. Себебі, Оразмұхамедті босатудың басты шарты ретінде орыс патшасы Борис Годунов Қазақ хандығының Ресей бодандығын қабылдауын алға тартады. Орыс тарих­на­масында бодандық мә­се­лесінің Тәуекел хан тара­­пынан көтерілуін екі ел арасындағы «ұлы достықтың» бастауында тұрған оқиға ретінде сипат­таудың ешбір қисыны жоқ.


Бұл қазақ ханының өз туысы Оразмұхамедті босатып алуға ұмтылған жай айласы ғана болатын. Ресей қазақтарды Сібір хандығы мен Бұхара хан­дығына қар­сы бағыт­тауға, осы арқ­ылы олардың үшеуін де әлсіретіп, өзіне тәуелділікке түсіруді мақсат тұтады. Қазақтарға қару-жа­рақ та бермейді. Қайта орыс патшасы қазақ ханы Тәуекелден өз ұлын ама­натқа жіберуді сұрайды. Бұл жағдай хандықтың орыс сюзеренитетін қабылдауы дегенді білдіретін еді. Онымен қоймай, Тәуекел хан Бұхара хандығы мен Сібір хандығына шабуыл жасап, оларды орыс патшасының құзырына қаратса ғана, қару-жарақпен көмектесетінін айтады.
(Ж.Дәдебаев)
Тапсырма:Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер

Терме диктант. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайық cөйлемдерді теріп жазады.




Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп көшуі


Мұхаммед Хайдар Дулати: «…Жә­нібек және Кереймен бірге кеткендерді «қазақтар» деп атады және оларға осы атау бекігені» туралы жазады. 
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер бойынша, Шәкәрім Құдайбердіұлының хабарламасында, «сұлтандардың көшіп кетуіне тікелей себеп болған Қара Қыпшақ Қобыланды мен арғын руынан шыққан танымал Ақжол бидің өлтірілуі». Бұл жағдай, шындығында орын алған болу керек. Еңіреген әке – Қодан тайшының ұлын жоқтауы бүгінгі күнге дейін келіп жетті. Баласының өлімін көрген әкесі – Қодан тайшының ұлының сүйегін айналып жүріп жылағанда айтқан жыры:
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Сексен асып, таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!
Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Аңызда айтылғандай, жапа шеккендер жағының көсемдері Қобыландының зұлымдығы үшін оны жазалауды талап етеді. Әбілқайыр хан болса, беделді қыпшақ бектерімен қарым қатынасын бұзғысы келмеді. Бұл Жәнібек пен Керейдің сұлтанның ызасын келтірді. Әбілқайыр Ақжол бидің өлімі үшін үш жауынгердің төлемі көлемінде құн төлеуді ұсынғанын, яғни бидің құны үш адамның өмірімен теңестірілген.
Жәнібек пен Керейдің сұлтандар бұл шешімге наразы болған. Сол кезеңнің деректері (аңыз, өлең-толғау, ауызша әңгімелер) Керей және Жәнібек сұлтандардың Жайық (Орал), Арал және Еділ (Волга) жағалауынан, яғни Ноғай Ордасы жағынан Жетісуға көш түзегені туралы айтады. Бұл көш 1450-1460 жылдары болғанын біршама ғалымдар (Мұхаммед Хайдар Дулати) айтып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет