Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Ұлт бойындағы ұлы өнер – құсбегілік



бет27/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Ұлт бойындағы ұлы өнер – құсбегілік

Қазақтың кең даласы жайында айтылған теңеулердің ең кереметі бабаларымыздың «о шетінен бұ шетіне дейін құс қанаты талатын мекен» деген сөзі болар. Иә, осы кең далада кербестіні ерттеп мініп, қолыңызға қаршығаны қондырып жүруден асқан рахат бар ма? Бұл бекзадалықтың, кербездіктің белгісі. Бұл кез келгенге беріле бермейтін ұлы өнер. Өзіңіз ойлап қараңызшы,сол қаршығаны қайырып, қолға қондырудың өзі қаншалықты күш-жігер еңбекті талап етеді.


Көшпелі халықтардың табиғатпен етене байланыста болуы шарт. Ал біздің халық - табиғаттың төл баласы. Жасында оның әрбір ой-шұңқырын кезіп, есейгенде шыңына ұмтылатыны да содан. Сол биік құз-шыңдарда құс біткеннің төрелері жайғасады. Ал көшпелі елдің ержүрек ұландары сол құстарды балапан шағынан ұстап, асырап, қолға үйретеді. Оларды құсбегі деп атайды.
Құсбегілік – қазақ салт-дәстүрінің ажырамас бір бөлігі. Ол тек біздің ұлтқа тән барлық асыл қасиеттердің көрінісі. Жер бетінде қазақ деген ұлт бар кезде бұл өнердің жойылып кетуі мүмкін емес, керісінше қарыштап дамып келе жатқандығына күн сайын куә болып отырмыз. Ұрпақтарымыздың да бұл дәстүрден ажырамасына сенеміз. Себебі қыран құстың асқақтығы мен тектілігі біздің халықтың бойына сіңген қасиет. Қыран - қазақ елі үшін еркіндіктің, тәуелсіздік пен бостандықтың символы. Осы тұғырынан түспегей.

Мен емес...

(новелла)


Қазақтар өз басын ғана ойламайтын. «У ішсе, руымен». Туғанын тұмсықтыға тастамайтын, туысшыл болатын. Туысы бардың туы жығылып көрген емес. Жығылса өзгенің емес, өз ағасының аяғын жалайтын. Ұлты басқаның емес.
Қазір өзімізден биттің қабығындай артық біреуді көрсек; үйренеміз деп ожауымызды анаған да, мынаған да ұстатамыз. Қазандағы қаймағың қалыңдағаннан гөрі, құнары жоқ көбікке айналып барады-ау! Кезінде орысқа ожауымызды ұстатып қойдық. Аш өзегіңе түсіп кетіп еді, азайдық. Бірақ құрып кетпедің. Тіпті өз арамыздан ожаушылар шықса да.
Себебі, сен, асыл едің! Еркегіміз еркек болатын! Қозы баққан баланың саны – қозыдан да көп болатын. Бір өлгенің мың болып, мың өлгенің миллиондап қайта тірілетін. Сондықтан оны жау алмайтын. Қазіргі қойымызда қозыламайды, қойнымыздағы қатынымыз да жиі қысыр қалатын болды. Әлде, еркек атаулымыз алысқа шаба алмастай қола болып қалған ба? Мүмкін, кім көрінген ұстаған ожаудың кірі тай қазанның ішін де күйеледі ме?! Ол – ол болсын...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет