Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет31/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57

«Қырық қыз» туралы аңыз...


Ел аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз ол туралы былай деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң заманында болар, осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте жатқанда атастырылып қойған жiгiтiне ұзатылатын күн де келiп жетедi. Құда-құдағилар той жабдығын дайындап, мәре-сәре боп қуанып жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап, балуандар белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар жетедi бiр кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне таққан үкiлерi желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн жел толқытып, болашақ жездесiнiң алдынан шықпай ма, керiлiп…
Кенет бiр қиырдан шаң көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi. «Жау... Жау шапты...». Қалың ел аяқ астынан дүрлiгiп, қолына қару ұстауға жарайтын ер-азаматтың барлығы атқа қонып жатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап берген жау олардың басын бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп, қанға бөктiрiп, қынадай қырып салады…
Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан сұлу қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием, жерiмiз отқа оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау қорлығынан құтқарып, тасқа айналдырып жiбере гөр...» деп зарлап, құдайға жалбарынған екен…
Ежелгi аңыз осылай деп егiледi. Осылай деп күңiренедi. Қалай болғанда да, «Қырық қыз» аңызында сонау бiр зұлмат заманның өкiнiшi, мұңы, қайғысы күзгi жауыннан кейiнгi қақ суындай мөлтiлдеп, тұнып жатқан секiлдi.
Қос қолымен қылыштасқан Ораз Мұхаммед сұлтан

Қазақ ханы Тәуекелдің немере інісі Ораз Мұхаммед сұлтан 16 жасынан бастап Ресей патшасының қоластында аманатта болып, қалған бар ғұмырын сонда өткізді. Мықты қолбасшы болғандықтан орыс патшасы оны еліне жібергісі келмеген.


Сейтек, Ораз Мұхаммед және Қадырғали – үшеуі қаршыға салып жүргенде орыс әскербасы Данила Чулковтан елшілер келіп, сұлтандарды қамалға шақыртады. Салтанатты ас үстінде патша адамдары барлық ережені бұзып, қонақтарды тұтқындайды. Қолға түскен Ораз Мұхаммед Мәскеуге жөнелтіледі.
Ораз Мұхаммед 1590 жылы ол орыс-швед соғысында, Ям, Ивангород, Нарва қалалардың түбіндегі ұрыстарда жанқиярлық ерлік көрсетті.
Ораз Мұхаммед ештеңеден қаймақпайтын ержүрек, ұрыс тәсілдерін мейілінше терең меңгерген, Ресейдің ішкі және сыртқы саясатын жақсы білетін қолбасшы болды. Деректерде оның екі қолымен бірдей шапшаң қылыштасатын өнері туралы айтылады. Ораз Мұхаммедтің шебер қылыштасатынын білетін патша сарайындағылар онымен жекпе-жекке шығуға дәттері бармаған. Ол 1598 жылғы орыстардың Қырым хандығына қарсы жорығына да қатысып жанқиярлық ерлік көрсетеді.
1594 жылы Тәуекел хан патшадан інісі Ораз Мұхаммедті босатуын сұрап, оның қайтарымы ретінде Бұқар ханы ІІ Абдоллаға қарсы күресте көмек беретінін жеткізеді.
Қазақ жағы талаптарды орындаса да, патшалық Ресей жағы Ораз Мұхаммедті еліне қайтармады. Оның бүкіл өмірі жат елде өтті. Ханзада туған еліне деген сағынышын өз хаттарында жеткізеді. Ағасы Тәуекелге жазған бір хатында:«Мен биік ағаштан алысқа барып құлаған жалғыз жапырақ секілдімін» деп жазады ол.
(Ж.Дәдебаев)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма:Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет