Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет33/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
(Бүркітбай Аяған)
Тапсырма: Тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Леп белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер
Тапсырма: Жақшалардың қойылу себебін түсіндіріңіздер
Жидебай Қожаназарұлы

Ғалым М. Жолдасбеков: «Жидебай Қожаназарұлы – қазақ халқының даңқты, әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, асқақ Абылайдың сенімді серігі, жауқарақ басы, пікірлес досы әрі биі. Абылайды ақ киізге отырғызып, хан көтеруге қатысқан кісі», – деп жазады.


Жидебай батырдың шешендігін, көсемдігін танытатын оның артында қалған даналық сөздері де баршылық. Бірде үлкен жиынның үстінде Абылай ханға Жидебай батыр: «Жасқаншақ болсақ – жаушыл болып неміз бар, қорғаншақ болсақ – қолшыл болып неміз бар, келіспесе екі жақ – ұзын-сонар дау болар, біле-білген адамға екі түрлі жау болар: көрініп келетін қауіпсіз жау бар – жекпе-жекке шығасың, күшің асса жығасың, ол да өзіңдей адам, несіне қорқып бұғасың; көрінбей келетін қауіпті жау бар – сенен де сақ, ұтып алар амалын тап, ақылдан түспе, ойланып істе, сақтанбасаң кетеріне мен кепіл басыңда тұрған бақ», – деп толғайды.
Міне, бұл шешендік сөз – Жидебай Қожаназарұлының батырлығымен қоса, тек шешендігін ғана көрсетпей, Абылай ханның білгір кеңесшісі болғанынан да хабар беріп тұрғандай.
(Нұрперзент Домбай)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер
Жәнібек батыр
(177 сөз)

Жәнібек батыр бала кезінде нағашы атасының тәрбиесінде ер жетіп, жылқы жайып, қоспен бірге дүзде жүрген екен. Бір күні Қазыбек би жылқысын шолып басты-басты айғыр үйірлерін түгендеп келе жатса, қаңтарулы тұрған атты көреді. Жанында жас бала жиені Жәнібек ұйықтап жатыр, екі бөрі баланың үстінен айқыш-ұйқыш секіріп, ойнап жүр. Еріксіз атының басын тартқан Қазыбек би бұған таң қалып қарап тұрса, екі бөрі ғайып болыпты. Сонда Қазыбек бидің кәрі жүрегі лүпілдеп, сақалы селкілдеп тұрып былай депті:


Аруақты батыр боларсың,
Алысқан жауды аларсың.
Еліңді ел етерсің,
Ежелгі жерге жетерсің.
Екі бөрің тұрғанда,
Екіленбей не етерсің, – депті.
Бұл қазақтың қасиет қонған билерінің айтқаны келмей кеткен бе? Жоғарыдағы бір ауыз сөзбен бір рудың тарихи күрделі келешегі бастау алып жатыр. Шыңғыс ханнан кейін тоз-тозы шығып қаңғырып кеткен Абақ керейлер құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған. Аталас Уақ руларын пана тұтып, Бармақ батырдың отының басында, қосының арасында жүрген еді. «Еліңді ел етерсің» дегендей Абақ керейді ел етіп, жеке шаңырағын көтерген осы Жәнібек батыр. «Ежелгі жерге жетерсің» дегені ежелгі қонысы Алтай тауын айтқаны. Бұл жерге 550 жылдан кейін Абақ керейлер осы Жәкеңнің салмақты саясатының арқасында қайта қоныстанды. 
(Сейітжанов З.)

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Тырнақшаның, қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет