Ключевые слова: «Благодатное знание», омонимы, стилистические фигуры, тажнис, туюук.
Abstract
This article discusses stylistic and semantic peculiarities of homonyms presented in the poem of Yusuf Balasagun named as "Holy knowledge". Homonyms are the basis of such stylistic figures as "Tezhnis" and "Tuyuk" in the Arab-Persian poetics. And the use of these figures underlines once again the high skill of the poet in the presentation of philosophical ideas.
Key words: "Kutty Bilik", homonyms, stylistic figures, tezhnis, tuyuk.
Тіл білімінде омонимдер туралы екі түрлі көз қарас бар. Бірінші, яғни дәстүрлі көзқарас бойынша, омонимдер қатарына тек фонетикалық жағынан ұқсас, бірақ генетикалық жағынан бір-біріне байланысы жоқ және тарихи даму үдерісінде дыбыстық ұқсастыққа ие болып қалған сөздер кіреді. Мұндай гетерогендік омонимдерге кірме сөздермен төл сөздер арсындағы кездейсоқ дыбыстық жағынан ұқсас сөздер де кіреді. Екінші көзқарас бойынша, омоним сөздер қатарына гетерогендік омонимдерден басқа, баста бір сөз болған, кейіннен оның мағыналары дамып бір-бірінен семантикалық байланысы үзіліп қалған сөздер кіреді. Мұндай омонимдер гомогендік омонимдер деп аталады. Кейінгі кездерде екінші көзқарас кеңірек қолдауға ие болып жатыр.
Жүсіп Баласағұндың «Құтты білік» поэмасы поэтикалық шығарма болғандықтан, біз тек мәтіндегі мақсатты түрде қолданылған омонимдерді қарастыруды дұрыс көрдік.
Омонимдер тілде сирек кездесетін құбылыс болғандықтан, оларды көркем шығармада қолдану үлкен шеберлікті талап етеді.
Көркем әдебиетте сөз ойындары (каламбур), арап-парсы поэтикасына тән «тәжніс» деп аталатын стилистикалық фигура, түркі тілдеріне тән «тұйұқ» жанры омоним сөздерді мақсатты түрде қолдануға негізделген.
«Тәжніс» пен «тұйұқ»та омонимдер ұйқас ретінде қолданылады. «Құтты білікте» тәжніс көп қолданыған. Тәжніс омонимдік ұйқасқа негізделген екілік, немесе бәйіт. Белгілі болғандай, поэма аруздың месневи, яғни екі ұйқастық өлең формасында (аа; бб; вв;) жазылған. Бұл форма тәжністі қолдануға қолайлы жағдай туғызған.
Тәжніс арап-парсы пэтикасында ең негізгі стилистикалық фигура есептелген. Ол туралы Рашид әд-дин Ватват және Мусулманқұловтар еңбектерінде жанжақты сөз болады. Алишер Наваи өзінің «Муһакамәтул лұғәтәйн» атты түркі және парсы тілдерін салыстырып талдайтын кітабында тәжністі қолдануға түркі тілдері парсы тіліні қарағанда бейімдеу екендігін және олардың шығарманың көркемдігін арттырады деген пікір айтады.
Ұйқас омоним сөздер арқылы келгенде, олар оқушының зейінін бірден өзіне тартады, өлеңдің экспрессів қасиетін артырады. Мысал үшін, «Құтты біліктегі» ал «қулық» - ал «алқызыл түс» - ал «алу» омонми сөдеріне негізделген бәйіттерді келтіріп көрейік:
2356 Әң ашнұ яғықа кәрәк һілә ал,
Бұ һілә білә қыл яғы мәңзі ал.
(Ең алдымен жауға керек айла, ал (қулық),
Бұл айламен қыл жаудың меңзін ал (алқызыл).
4445 Нәгү қолса бәргіл, кәрәк болса, ал,
Көні көрдүм ұшбұ құтұ білмез ал.
(Не сұраса бер, керек болса, ал,
Дұрыс көрдім осы еш білмейтін ал (айла).
«Әліг» сөзіне де да арнайы тоқталып өткен артық болмайды. Бұл сөздің «Құтты білікте» бес омонимі кездеседі: 1. әліг «патша» - 2. әліг «елу» - 3. Табыс септік қосымшасымен келген сөздер: әліг «қолын» - әліг «елді» - әліг «күш-қуаты». Оларды Жүсіп төмендегідей қолданған:
368 Отуз йығмышын яндру алды әліг,
Нәгү қылғай алтмыш тәгүрсә әліг.
(Отыз жинағанын қайтарып алды, әліг (елу),
Не істейін алпыс тигізсе әліг (қолын).
1796 Янут бәрді Өгдүлміш айды әліг,
Ұзұн кәч яшасу бұ үстәң әліг.
(Жауап берді Өгдүлміш, айтты: Әліг (патша),
Ұзақ, кеш жасасын бұл үстәң әліг (жомарт).
2139 Қылыч бірлә бәгләр ұзатұр әліг,
Қылычсыз ұсал бәг басұмаз әліг.
(Қылыш пен бектер ұзатады әліг (қолын),
Қылышсыз осал бек, баса алмайды әліг (елді).
3040 Ақылық білә бәкләгү ол әліг,
Ақылық білә бәг бәдүр ай әліг.
(Жомарттық пен бекітеді ол әліг (елді),
Жомарттық пен бек байиды, ей әліг (патша).
5476 Нәлүк болды ажыз өзүң ай әліг,
Қамұғ әдгү қылғұ күчүң бар әліг.
(Неге болдың әлсіз өзің, ей, әліг (патша),
Барлық ізгілік жасауға күшің бар, әліг (әлің).
Жалпы, әліг сөзінің жоғарыда қаралған омонимдерінің тәжністе ұйқас болып келуі көп кездеседі. Бұлардың арасында әліг «қол» фразеологиялық тіркестерде келгендіктен, метафоралық мағынада қолданылады: ұзатұр әліг (кейде сұнғұ әліг) «қолын созу», яғни әсер күшін, билігін кеңейту; әліг бәрді «қолын берді», яғни көмектесті; үстәң әліг «үстіңгі қол», яғни жомарт; көтүрсү әліг «қолын көтеру», яғни үмітін үзу; тәгүрмә әліг «қолын тигізбеу», яғни ұрыспау, тиіспеу.
Жоғарыда мысалға келтірілген тәжністер «тәжніс-и тамм» (толық тәжніс) деп аталады. Себебі ол омонимдер толық дыбыстық ұқсастыққа ие. Арап-парсы поэтикасында тәжністегі ұйқастың бірі күрделі сөздерден тұратын «тәжніс-и мурәккәб» деп аталатын түрі де бар. Мұндай тәжніс «Құтты білікте» аз қолданылған:
2221 Сақыш сақлықын болды аты сақыш,
Көрү барса сақыш әді өк сақ іш.
(Сақыш (математика) сақтығынан болды аты – сақыш (математика),
Қарап көрсең, сақыш (математика) еді өте сақ ыш (сақ іс).
Бұл бәйітте Жүсіп тәжністі қолданудан басқа, сөздің келіп шығуын сөз ойыны ретінде берген.
Тәжніс-и мурәккәб 165 бәйіте де кездеседі:
165 Тілін әмгәміш әр нәгү тәр әшіт,
Бұ сөз ішкә тұтғыл өзүңә әш әт.
(Тілінен азап көрген ер не дейді, әшіт (тыңда),
Бұл сөзді іске тұт, өзіңе әш әт (дос ет).
«Құтты білікте» омонимдерге негізделген сөз ойындары да қолданылған.
4246 Бұ бәгләр әві аты қаршы тұрұр,
Бұ қаршы ічіндәкі қаршы тұрұр.
(Бұл бектер үйінің аты қаршы (сарай),
Бұл қаршы (сарай) ішіндегілер қаршы (қарсы) (бір-біріне).
Бұл бәйітте «қаршы» сөзінің екі омонимін (орда, сарай мағынасындағы «қаршы» сөзі мен қарама-қарсы мағынасындағы «қаршы») сөз ойыны ретінде қолдану арқылы, Жүсіп сол қоғамдағы бектердің арасындағы қарама-қарсылықтарды, таусылмайтын тақ үшін күрестерді көрсетеді.
«Құтты білікте» «қара» сөзінің «қара түс» және «қарапайым халық, бұқара» мағыналарын білдіретін омонимдерін де екі бәйітте сөз ойыны ретінде қолданылған.
4323 Қара қылқы барча болур қап қара,
Қара қылма өзні күдәзгү тұра.
(Қара (халық) қылығы барлығы болады қап қара,
Қара қылма өзіңді, күзет дұрыс).
986 Қара қылқы тәңсіз ява сөзләгән,
Ява сөз тұрұр бұ қара баш йәгән.
(Қара (халық) қылығы нашар, босқа сөйлеген,
Бос сөз бұл қара басты жеген).
564 Бұ мұндағ кішіләр болұр әді қыз,
Бұ қыз қызлықы қыз аты қылды қыз.
(Мұнай кісілер болады қыз (аз, сирек),
Бұл қыздың қызлықы (сиректігі, аздығы) қыз атын қылды қыз.
3372 Нәгү тәр әшітгіл кіші өдрүмі,
Ұрұғ кәсмәгүкә кіші ол әмі.
(Не дейді тыңда, кіші (кісі) жақсысы,
Ұрық кеспеуге кіші (әйел) емі).
330 Болұр өтрү ішлер пүтүн һәм пышығ,
Білікліг кішіләр пышығ йәр ашығ.
(Болады барлық істер бүтүн және пышығ (піскен),
Білімді кісілер пышығ (пісіріп) жейді асты).
«Құтты білікте» тек бір рет қана тұйұқ қолданылған.
1993 Қаю әрдә болса, ұқұш бірлә өг,
Аны әр атағыл, нәчә өгсә өг.
1994 Ұқұш өг білік кімді болса, түгәл,
Явуз әрсә, кәд тә, кічіг әрсә өг.
(Қай ерде болса, ақыл мен өг (парасат, ақыл),
Оны ер деп ата, қанша мақтасаң өг (мақта).
Ақыл, парасат, білім кімде болса түгел,
Жаман болса, .... кіші болса өг (үлкен).
Бұл тұйық туралы атақты түркітанушы А. Н. Самойлович былай деп жазады: «Стихи 23-24 дают крайне редкий в «Кутадгу билик» случай полной игры рифм в четверостишии напоминающем «туюги» чагатайских поэтов Лютфи, Наваи, Бабура. В этом четверостишии рифмующим словом трижды является «өг» в трех разных значениях, из коих дав превых общеизвестны: «ум» и «хвала», а третье впервые дается Махмудом Кашгарским [1, 49 б.] «өг» значит, в третьих взрослый»
Егер тәжніс арап-парсы поэтикасына тән болса, тұюқ түркі поэтикасына тән жанр. Ол туралы Наваи да жоғарыда аталған еңбегінде айтып өтеді [1, 182 б.]. Түркі поэтикасын жан-жақты зерттеген И. В. Стеблева тұйұқ келіп шығуы және оның формасы мен мазмұнының байланысы туралы екі үлкен мақала жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |