Работников по акмолинской области сборник материалов



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата06.03.2017
өлшемі4,68 Mb.
#7901
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

       Әдебиеттер тізімі 
1.
 
Байжігітов. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері. Атырау., “Өнер”., 2005 
2.
 
Қ.Әмірғази. Қазақтың бейнелеу өнері. Алматы., “Өнер”. 
3.
 
А.С.Шипанов. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер Алматы .,“Мектеп”. 
4.
 
Ә.Төлебиев .«Сурет сала білесің бе ?» Алматы., «Өнер». 
5.
 
Ғалиев В.З. Қазақстан ХІХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында.    Алматы., “Өнер”., 
2005 
 
КІТАПХАНА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Есенгулова Т.С., 
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханашысы 
 
Жақсы ауданы,  Ақмола облысы 
  
 
Жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану 
үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі 
бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында:  «Білім  беру 
формасы  –  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін  аса  маңызды  құралдарының  бірі»  деп  атап  көрсетті.   ХХІ  ғасыр  –  бұл  ақпараттық 
қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі,  айналадағы  дүниеге,  адамның  денсаулығына, 
кәсіби  мәдениеттілігіне  мұқият  қарайтын  дәуір.  Қазіргі  таңда  дәстүрлі  оқыту  әдістемесінің 
заман  талабына  сай  толық  білім  беруге,  меңгертуге  кепілдік  бермейтіндігін  мектеп 
тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске 
асу  үшін  оны  технологияландыру  қажеттілігі  туады.  Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  – 

207 
 
жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара 
тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық 
деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.  Қазіргі  кезде  біздің 
қоғамымыз  дамудың  жаңа  кезеңіне  көшіп  келеді,  бұл  кезең  ақпараттық  кезең,  яғни 
компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялар  педагогтар  қызметінің  барлық  салаларына  кірігіп,  оның  табиғи  ортасына 
айналып  отыр.  Сол  себепті  бұл  авторлық  бағдарлама  мектеп  кітапханаларының 
сабақтарында 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды 
пайдалану 
арқылы 
оқырмандарды  кітапханаға  тарту  мақсатында  пайдалану  көзделіп  отыр.  ХХІ  ғасырда 
ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  төмендегідей 
міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық 
желі,  электрондық  оқулықтарды,  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне 
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. 
Мектеп  кітапхана  сабақтарында  АКТ-ны  пайдаланудың  негізгі  мақсаты
оқушыны  қазіргі  қоғам  сұранысына  сай,  өзінің  өмірлік  іс-әрекетінде  дербес  компьютердің 
құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдаланатын  жан-жақты  дара  тұлға  ретінде  тәрбиелеу,  яғни 
оқушыны  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу.  Заманауи  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істеу 
оқушыларды  ұқыптылыққа,  нақтылыққа,  берілген  тапсырмалардың  нәтижелі  орындалуына, 
басты  мәселеге  назар  аудара  білуге  баулиды,  сондай-ақ,  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істеу 
барысында  оқушылардың  өзінің  жеке  іс-әрекетін  дұрыс  жоспарлауға,  дұрыс  шешім 
қабылдай алуға тәрбиелейді.  
Міндеттері: 
-
 
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана білу; 
-
 
Бағдарламалау  ортасында  инновациялық  әдістерді  пайдаланып,  бағдарламалық 
сайттар мен құралдарды пайдалана білу
-
 
Өзіндік қосымша білім алуды қамтамасыз ету. 
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, 
сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және 
кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. 
Коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және 
оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын  қамтитын  жалпы  ұғым.  Осы  кітапхана 
саласындағы  іс  тәжірибемде  ақпараттық  технологияның  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-
шараларды  қолданудың  маңызы  зор  екенін   байқадым.  Оқушының  дайындық  деңгейін, 
ынтасын  және  қабылдау  жылдамдығын  ескеру  арқылы  жаңа  материалдарды  меңгеруге 
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық  технологияның 
мүмкіндіктерін  пайдалану.  Оқытудың  жаңа  әдістері  мен  формаларын  сабақта  жиі  қолдану. 
Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  пайдалану  арқылы  оқу  процесінің   материалдық-
техникалық  базасын  жетілдіру.  Кітапхана  сабақтарында  оқытудағы  білім  берудің  негізгі 
міндеті-жеткілікті  жоғары  деңгейде  тұжырымды  қорытындылау  арқылы  оқушылардың 
білімді игеруін және сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады. 
Жаңашылдық  –  жаңа  талап:  Биылғы  жылы  мектеп  кітапхана  сабақтарында  жаңа 
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың кітапханаға 
тарту мақсатында, жаңа талаптар қоя отырып, оқушыларды кітап оқуға және сабаққа деген 
қызығушылығын оятуды жөн көрдім.  
Бұл  авторлық  бағдарламаның  оқушылар  үшін  жаңашылдығы  мектеп  кітапханасында 
ақпараттық-коммуникациялық  құралдарды  пайдалана  отырып,  заман  талабына  сай  жаңа 
ақпараттық  технологиялардың    элементтерін  кітапхана  сабақтарында  пайдалана  отырып, 
оқырмандардың  қызығушылығын  ояту  мен  қатар  кітапханаға  тарту.  Қазіргі  кезде  ауыл 
мектеп  кітапханаларында  әдеби  кітаптардың  тапшылығына  байланысты,  ақпараттық-
коммуникативтік  технологиялардың  көмегімен  кітапхана  оқырмандарын  кітапқа  деген 

208 
 
қызығушылықтарын  қалыптастырып  отыру.  Осы  авторлық  бағдарлама  5-11  сынып 
оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай жасалынған.  
Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері: 
1.Тақырып  бойынша  талдау  жасау,  бағдарламаның  мақсаты  мен  міндеті,  аталу  себебіне 
талдау жасау.
 
2.  Мектеп,  ауыл,  кітапханаларындағы  ғылыми  және  көркем  әдебиеттерді,    ғаламторды 
басшылыққа алу.
 
3.  Кітапхана  сабақтарында  АКТ-ны  пайдалана  отырып,  шығармашылықпен  жұмыс  жасай 
білуге, пәнаралық байланыс жасауға, тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету.
 
4.  Көркем  әдебиет  саладағы  шығармалардың    имандылық,  парасаттылық,  адамгершілік, 
тәрбиелік  мәнін  түсіндіре  отырып,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеттерін 
қалыптастыру.  
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: 
1. Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
 
2.  Компьютерлік технология құралдарымен танысу.
 
3. Кітапхана сабақтарының тақырыптық тұрғыда және  құрылысына қарай талдау жасай білу.
 
4. Ғаламтор желісінен және электронды оқулықтарды пайдалана білу.
 
Мектеп  кітапхана  сабақтарында  АКТ-ны  қолдануда  оқу  үрдісінің  тиімділігін 
қамтамасыз ету үшін не қажет? 

 
Бір қалыптылықты пайдаланбау; 

 
деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып 
отыру;  

 
баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, 
байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; 

 
әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру; 

 
жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыра отырып, 
кітапхана  сабақтарында  жеті  модуль  арқылы  оқушылардың  ақпараттық-  коммуникативтік 
технологияларды пайдалануы мен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Сол себепті 
мен  мектеп  кітапханасында  осы  жеті  модулді  қолдану  барысында  кітапхана 
оқырмандарының  қызығушылығы  пайда  болды.  Бағдарламада  ұсынылған    жеті  модульмен 
жұмыс жасаймын. Атап айтсам: 
1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер; 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 
4.  Оқыту  мен  оқуда    ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) 
пайдалану; 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту; 
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және  оқу; 
7. Оқытудағы  басқару және көшбасшылық.  
Осы жеті модульді пайдалана отырып, бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан 
бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен 
барлық  деңгейлерде  өзгерістердің  іске  асырылатыны  негізделеді.  Мектеп    жұмысының 
бағдарламасына  балаларға  көшбасшы  болуға  үйрететін  тренингтер,  рөлдік  ойындар  кіреді. 
Осы  жеті  модульді  сабақтарыма  қолданған  кезде  сыныптағы  көрініс,  оқушылардың 
көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты  орын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.  
Сыныпқа    ынтымақтастық  атмосфераны  қалыптастыру  кезеңі:  топқа    бөлу,  топ 
ережесін  құру,  постерді  қорғау, рефлекция. 
Оқушылар  өзін-өзі  бағалауда  жеті  модулді  сабағымда  әр  түрлі  стратегияларға 
ықпалдастыра  қолдану    арқылы  оқушылардың  жеке,  жұппен,  топпен  жұмыс  жасауға  деген 
белсенділігін,  сабаққа  көңілді  қатысуын,  қызығушылықтарын  ояттым.  Өйткені,  бірін-бірі 
оқыту  арқылы  ойлау  қабілеттері  дамиды.  Әр  оқушының  жауабы  тындалуы  қажет,  әр  топ 
мәселе бойынша өз ойларын ортаға  салуы маңызды. 

209 
 
Бағдарламаны  ұйымдастыру  формалары:  лекция  сабағы,  шығармашылық  жұмыс 
сабағы, пікірталас сабағы, сайыс сабағы. 
Кітапхана 
сабақтарында 
қолданылатын 
әдіс-тәсілдерім: 
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін 
де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты АКТ-ны игеріп пайдалану, 
оқыту  мен  оқудың  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  АКТ  оқушыларға  ғылыми 
ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп, 
сабақ  беруде  көмектесетін  маңызды  құрал  болып  отыр.  Мектептегі  сандық  технологиялар: 
теледидар  бағдарламалары,  ғаламтор,  ұялы  телефон,  планшет,  интербелсенді  тақта, 
фотоаппарат,  элетронды  оқулықтар,  видеороликтар,  ұтқыр  қондырғылар,  компьютер, 
ноутбуктермен жұмыс жасаймыз. 
Сандық  сауаттылық  -  бұл  сандық  технологияны  пайдалана  отырып  ақпараттың 
орналасқан  жерін  анықтау.  Ақпаратты  ұйымдастыру,  түсіну,  бағалау  және  құру  қабілеті. 
Техникалық  жағынан  сауатты  болу  оқушылардың  сандық  құралдарды  пайдалана  білуін, 
сыни тұрғыдан ойлауын, әлеуметтік хабардарлығын, оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді.  
Өз  сабақтарымда  АКТ-ны  жиі  пайдаланамын.  Өткізген  «Өз  денсаулығың  -  өз 
қолыңда!»,  «Қазақ  хандығына  550  жыл»,  «Тәуелсіз  елдің  ұрпағымыз!»,  «Имандылық  – 
инабаттылық  мұраты»,  «Зиянды  заттар  зардабы»,  «Санадан  ешқашан  өшпейтін  естелік» 
кітапханалық сабақтарында қолдандым.  
Сабақта  қолданатын    көрнекі  материалдары:  компьютер,  ноутбук,  электронды 
оқулықтар,  видеороликтер,  ұялы  телефон,  планшет,  интербелсенді  тақта,  фотоаппарат, 
интернет желісі, үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, стикерлер, т.б. 
АКТ-ны  сабақ  үстінде  кез-келген  кезеңінде  қолданамын.  Оқыту  әдістері:  жеке, 
топпен,  жұппен,  жалпы  ұжыммен  жұмыс,  рөлдік  ойындар,  постер  құру,  рефлексия.  Соған 
байланысты  тапсырмалар:  ой  қозғау,  постер  қорғау,  бағалау,  рефлексия,  «Екі  жұлдыз,  бір 
тілек».  Оқуға арналған тапсырма  жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты 
ұялы  телефон  не  планшет  арқылы  интернет  желісінен  мәлімет  іздеуді  тапсыру  тиімді. 
Мәліметті  интернет  желісінен  тез  тауып,  оқуда  қолдануға  үйренгеннен  кейін  тапсырманы 
күрделендіремін.  Мысалы,  кітапхана  сабағында  «Тәуелсіз  елдің  ұрпағымыз»  тақырыбын 
өтуде  «Тәуелсіздік» дегеніміз не?, «Тәуелсіз ел» интернет желісінен табу тапсырмасын кез-
келген  оқушыға  ұсынуға  болады,  ал  дарынды  оқушыларға  өз  елінің  тарихы  жайлы 
немесе  бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде 
оқушыларды  бір-бірінен  интернет  желісін  қолдану  жолдарын  үйренеді,  алған  материалды 
іріктеуге, талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады. 
Планшетті қолданудың тағы бір жолы тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни,   алдын 
ала  кітапхана  сабақтарында  тапсырмаларды,  сызбаларды  теріп  қояды  да,  керек 
кезінде  электронды пошта арқылы немесе SMS-пен  жібереді, оқушылар  тапсырманы жеке, 
топпен,  жұппен,  өз  бетімен   орындайды.  Бұл  жұмыс  оқушылардың  кітап  оқуға    деген 
қызығушылығын арттырумен қатар, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді. 
Видеороликтер  мен  презентацияларды  демонстрациялау  оқу  құралы  ретінде  қиялды, 
абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және кітап оқуға деген қызығушылықты 
арттырады.  Презентациялар  бір  жағынан  оқушыларға  жаңа  материалды  (иллюстрация, 
фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.  с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы 
болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты 
меңгерту процесін жеңілдетеді. 
Кітапхана  сабақтарында  видеосауалдарды  пайдаланамын.  Қажетті  сұрақтарды  өзге 
сынып  оқушыларына  қойғызып,  видеоға  жазып  аламын  да,  интербелсенді  тақтадан  немесе 
теледидардан  тыңдатамын.  Мұндай  сұрақтарға  оқушылар  қызыға  отырып,  таласа  жауап 
береді.  Бұл  әдіс  оқырманның  кітапхана  сабақтарына  деген  қызығушылықты  оятады.  Әрбір 
ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң 
ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) 
қайтадан  қарап  шығу  тиімді  болып  табылады.  Осы  орайда  АКТ  құралдарын  пайдалана 

210 
 
отырып  интербелсенді  тақтадан  презентация  құралдары  арқылы  сипаттап,  артынан  осы 
материалдарды  флеш  -  карталарына  салып  беру  қолайлы.  Сонымен  қатар  кітапхана 
сабақтарынан  тақырыпты  толығымен  қайталап  келу  үшін,  сонымен  қатар  қорытындылау 
мақсатында  берілетін  тест  тапсырмаларына  оқушы  алдын  ала  дайындалуы  үшін  флеш-
картаға сақтап беру жолдарын қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет 
екендігін түсінуге көмектеседі. 
Ұялы  телефонның  диктофонын  пайдалана  отырып,  оқушыларға  журналист  роліне 
еніп  сұхбат  алу  тапсырмасын  ұсынып  отырамын.  Қасына  фотоаппаратымен  репортерді 
қосамын, бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес қосқаным деп санаймын.  
Ақпараттық-коммуникативті  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту  үрдісінің 
функциялары:  оқыту,  дамыту,  ақпараттық  болжау,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту, 
тәрбиелеу.  
Сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып 
жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген 
жауапкершілігі  артады.  Әр  топқа  берілген  тақырыпты  жеке  оқып,  содан  кейін  өзге  топқа 
реттік  нөмірлер  бойынша  топталып,  өз  тақырыптарын  түсіндіреді.  Бұл  есте  сақтау,  негізге 
алу,  түсіндіруді  арттырады,  яғни  жаңа  ақпараттарымен  бөліседі.Тақырыпты  қаншалықты 
түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді. 
Рефлексия  кезеңінде  оқушылар  алған  жаңа  ақпараттарды,  жаңа  білімді  реттейді,  өз 
пікірлерін дәлелдеп айтады. 
Оқушының коммуникативті құзырлылығы: жан-жақты зерттеу жұмыстары, мәдениет 
танымдылық,  өзін-өзі  дамытуы,  әлеуметтік  еңбек,  ақпараттық  технология,  әдістемелік 
тәсілдер. 
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі 
болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің    әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл 
сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ. 
Жаңа  технологияны  сабақ  үрдісінде  қолдану  үшін    әр  мұғалім  өзінің  алдында  отырған 
оқушылардың  жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. 
Әр  оқушы  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  дағдыланып,  тапсырмаларды  түрлендіру  барысында 
ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды. Оқушылардың 
белсенділігін  арттыра  түсу  мақсатында  әрбір  сабақты  түрлендіріп  өткізу  орынды.  Осы 
ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  барлық  сабақта  пайдалана  бере  алмайсын, 
сондықтан әр сабағымды түрлендіріп отырамын. 
Мектеп кітапхана сабақтарында  АКТ - ны пайдалану маған не берді? 

 
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді; 

 
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді; 

 
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа 
материалды жеңіл меңгеретін болды; 

 
оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.  

 
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді; 

 
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;  

 
Тіл байлығын жетілдірді;  

 
Жан - жақты ізденушілігін арттырды; 
Күтілетін нәтижесі:  
Сәтті жақтары 
Сәтсіз жақтары 
Нәтижелері 
Оқушылар бір-біріне 
көмектеседі
Бір-бірімен ақылдасады. 
Тапсырманы бірігіп 
орындайды. 
Диологпен сөйлеседі. 
Төмен оқитын оқушылардың 
АҚТ-ны дұрыс меңгермеуі. 
Уақытты тиімді пайдалана 
алмауы. 
Оқушылардың өз ойын 
айтуға дайындалмауы. 
 
 
Интербелсенді тақтаны еркін 
қолдануы. 
Оқушылардың ақпараттық 
коммуникативті 
технологияны меңгеруі. 
Зерттеу дағдылары 
қалыптасады. 

211 
 
жақсы оқитын оқушыларға 
қарап отырып, олардың 
шығармашылыққа деген 
ынтасы арттады. 
Оқушылардың кітап оқуына 
қызығушылығы арттады. 
Әр оқушының 
шығармашылыққа баулиды. 
Қорытынды: 
Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу: видео, аудио, 
интернет  жүйесі  арқылы  мүмкіндік  туғанымен  кітапхана  арқылы  әдеби  кітаптарды  оқи 
отырып, алатын білім мен сауаттылықтың орны ерекше. 
Мектептегі  ақпараттық  мәдениет  –  бұл  кітапқа,  кітап  оқуға  деген  ынтасы, 
сүйіспеншілікті оята білудің, түрлі ақпараттық дерек көздерді іздестіруге және оларды тиімді 
пайдалануға  машықтандыра  отырып,  өз  бетімен  білім  алуға  үйретудің  алғашқы  қадамы. 
Сондықтан  оқушыларды  өзіне  қажетті  ақпаратты  дұрыс  анықтауына,  анықтаған 
ақпараттарды талдай отырып, ең қажеттісін іріктеуіне және оған тиімді, әрі жылдам тәсілмен 
қол жеткізу мүмкіндіктерінің әліпиін үйрету мектеп кітапханасының еншісінде. 
Ақпараттық  технологияларды  игеріп,  ақпаратты    пайдалануға  қол  жеткізген  әр  адам 
өзінің күнделікті ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алады.  
 
  Әдебиеттер  тізімі 
 1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
     курстарының бағдарламасы 3-деңгей 
 2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов. Алматы, 
     2013 
3. Қисымова Ә.Қ. Жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біртұтас  
    педагогикалық процесті технологияландыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі //  
    Педагогика мәселелері.-№1,2.  2006 г.  
 
 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БОЙЫНДА ЕЛЖАНДЫЛЫҚТЫ 
ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ 
 
 Шакенов Е. Б., 
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің  
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы 
Көкшетау қаласы,  Ақмола облысы  
 
Жастар  келешегіміздің  негізі  ретінде  өз  білімімен,  жасампаз  еңбегімен  және  күш-
жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алуы қажет. Олар ХХІ ғасырда Жаңа 
Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды 
белсенді жалғастыруы қажет.  
Жас  ұрпақты  Отанына,  халқына,  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеп, 
олардың  бойына  патриоттықты  сіңіру  халық  тәрбиесінде  де  жетекші  орын  алады.  Ұлттық 
тәрбиеміздің  негізі  осы  патриоттық  тәрбиеде  жатыр.  Патриотизм  -  әр    азаматтың  ұлтын, 
Отанын  сүю  деген  мағынаны  береді.  «Отан»  дегеніміз  -  төрт  қана  дыбыстан  тұратын 
комплекс.  Осыны  айтқан  кезде  қазақ  тілін  білетін  кез  келген  адамның  көз  алдына  өзінің 
атамекені елестейді. Ел мен ерге аталарымыз мінездеме берді.  «Ердің елге бағасы қаны бір 
болуда емес, жаны бір болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел 
деген жүрегінің таза болуында; тілегінің елмен ортақ болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел 
өмірінің өрі-көрімен бір болуында» деп Мағжан бабамыз жақсы сипаттама берген еді. Қазір 
бұл  ұғымның  аясы  кеңи  түскен.  Мәселен,  әлемдік  деңгейде  оны  бейбітшілік  пен 
тыныштықты  сақтау  мәселесі  тұрғысынан  да  қарастырып  жүр.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауында 
маңызды  бағыттардың  бірі  ретінде  жаңа  қазақстандық   патриотизмді  қалыптастыруды  атап 

212 
 
өтті.  Қазақстандық  патриотизм  дегеніміз  -  еліміздегі     әрбір   азаматтың  қазақ  мемлекетін 
Отаным деп сезініп, оны көркейтуге, қорғауға дайын болуы.  
Ұлт  жұмысы  -  біз  үшін,  біздің  ұрпағымыз  үшін  үлкен  жұмыс.  Үлкен  жұмысқа  көп 
жұмысшы  керек.  Егерде  білім  іздеген,  бойын  түзегісі  келген  талапкерлеріміздің  саны 
артпаса, жұрт жұмысшысы көбеймесе, елдің болашағы нық болмақ емес. Елім дейтін, жерім 
деп, от болып жана білген жастар көбейсе, жұрттың жұмысы ілгері басады. Біздің де басты 
мақсаттарымыздың бірі – сапалы, саналы, көзі ашық, көкірегі ояу елжанды ұрпақ тәрбиелеу, 
егемендігіміздің  беріктігін  нығайту.  «Ел  болса,  ер  туғызбай  тұра  алмайды»  деген 
бабаларымыздың сөзі шындыққа айналып келеді. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен 
батырларымыздың өмірі айғақ бола алады. Оған біздің аласапыран тарихымыз басты куәгер 
болмақ.  
Қазіргі  күнде  мемлекетіміздің  өзекті  мәселесінің  бірі,  тіпті,  бірегейі  –  ұлттық  рухы, 
намысы  биік,  еліне,  жеріне  деген  махаббаты  адал,  отансүйгіштік  сезімі  жоғары,  нағыз 
патриот  ұрпақ  тәрбиелеу.  Себебі,  ел  болу  үшін,  ең  бірінші,  бесігімізді  түзеу  қажет-ақ. 
Мемлекеттің  келешекке  нық  қадам  басуы  жастарды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мен  Отан 
қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін 
қалыптастыру  міндеттерін  табысты  шешумен  байланысты.  Әскери-патриоттық  тәрбиелеу  – 
азаматтарға  патриоттық  тәрбие  берудің  негізгі  бөлігі.  Әскери-патриоттық  тәрбие  еліміздің 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  сенімді  қорғаудың  міндеттерін  шешу  үшін  қажетті, 
патриоттық  және  рухани-психологиялық  қасиеттерді  қалыптастыруға  міндетті.  Әскери-
патриоттық  тәрбиелеудің  мақсаты  –  азаматтардың  патриоттық  парыздың  терең  түсінігін, 
Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру және де еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту, 
Қазақстан  халықтарының  достығын  сақтау  міндеттерін  шешуге  қабілетті  азаматтарды 
тәрбиелеу. 
Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев  жаңа  Жолдауында:  «Егер  мемлекет  әр  азаматтың 
өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, 
біз  елімізді  сүйеміз,  онымен  мақтанамыз.  Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді  және  оны 
тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық 
биліктің  қолдайтынын  және  тірек  екенін  сезінуге  тиіс»  делінген.  Қай  заманда  болмасын 
адамзат  алдында  тұрған  ұлы  мұрат-міндеттердің  ең  бастысы  өзінің  ісін,  өмірін 
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.  
Осы  мақсаттарға  негізделе,  Ж.Мусин  атындағы  педагогикалық  колледжінде  «Айбын» 
әскери-патриоттық  клубы  құрылған  болатын.  «Айбын»  ӘПК  –  жастар  мен  оқушыларда 
қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелейтін, Қарулы 
Күштерде  қызмет  етуге  қызығушылығы  мен  даярлығын  қалыптастыратын  ерікті  мектеп 
жанындағы  ұйым.  Клубтың  негізін  қалаған  және  жетекшілік  жасаған  –  ҚР  Қарулы 
күштерінің  ардагері,  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»  медалінің,  І,  ІІ  дәрежелі  «Қайсар» 
жауынгерлік  белгісінің,  ҚР  Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»  төсбелгісінің  иегері 
полковник Есентай Жарқынбайұлы Жылқыбаев.  
Клубтың  материалдық-техникалық  базасының  жабдықталуына  5  миллионға  жуық 
қаржы салынған. Клубтың әскери-патриоттық тұғырнамасы, әнұраны, туы және эмблемасы 
бар.  Клуб  доктринасы  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерін  құру  туралы 
Жарлығын,  әскери  мазмұнды  нормативтік  құжаттарды  негізге  ала  отырып  жасалынған. 
«Айбын»  әсери-патриоттық клубына арнап көкшетаулық ақын Ерболат Баятұлы мен сазгер, 
ҚР  Композиторлар  Одағының  мүшесі  Құрмет  Сақай  әнұран  жазды.  Әскери-патриоттық 
клубтың анты: «Тізерлеп өмір сүргенше, тік тұрып өлгенім артық!» 
«Айбын»  әскери-патриоттық  клубының  студенттері  азаматтардың  Қазақстан 
Республикасын  қорғау  жөніндегі  Конституциялық  құқықтарын  ұғынуға,  ҚР  Қарулы 
Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап 
түсінуге  тиіс,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштеріндегі  мерзімді  әскери  қызметті 
өткерудің  жағдайларына  бейімделіп,  өздеріне  сеніп  тапсырылған  қару-жарақ  пен 
жауынгерлік  техниканы  меңгеру  үшін  жас  сарбазды  дайындау  көлемінде  қажетті  білім, 

213 
 
практикалық  машықтанушылық,  мінез-құлық  орнықтылығын  қалыптастыруы  тиіс.  Клуб 
мүшелері  оқу-жаттығу  барысында  түрлі  әскери  тапсырмаларды  орындап,  дене 
жаттығуларымен  шұғылданады.  Атап  айтсақ,  спорттық  жаттығу  түрлері  –  қашықтыққа 
жүгіру,  қолды  бүгіп-жазу,  турникке  тартылу,  орнында  тұрып  секіру  т.б,  ал  әскери 
жаттығулардан  Калашников  автоматын  құрастыру,  ОЗК  кию,  көздеп  ату  секілді 
тапсырмаларды  күнделікті  орындап,  машықтанады.  Арнайы  әскери  күн  тәртібімен 
жаттығатын ұландар темірдей тәртіпке, қатаң талаптарға үйренген.  
Қалалық,  облыстық  деңгейде  өткізілген  түрлі  әскери  сайыстарда  клуб  жүлделі 
орындар  иеленіп  келеді.  Атап  өтсек,  «Айбын»  ӘПК  –  облыстық  сапта  жүріп  ән  айту 
байқауының төрт дүркін жеңімпазы, облыстық әскери-патриоттық клубтар арасында өтетін 
облыстық  жиын  жүлдегері,  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінен  өтетін  облыстық 
олимпиаданың үш мәрте жеңімпазы, облыстық «Намыс» спартакиадасының І орын иегері.  
2015  жылдың  маусым  айында  Қарағанды  қаласында  Тәуелсіз  еліміздің  тарихында 
тұңғыш  рет  республикалық  әскери-патриоттық  жиын  өтті.  Аталмыш  жиынға  Ақмола 
облысының  намысын  қорғау  үшін  «Айбын»  әскери  патриоттық  клубы  облыс  атынан 
қатысып екінші орынды иеленді.  
 
Жылда  өтетін  қалалық  саптық  жүріс  пен  сапта  жүріп  ән  айту  байқауында  «Айбын» 
мен  «Томирис»  техникалық  және  кәсіптік  білім  мекемелерінің  арасынан  жүлделі  І  орынды 
иеленді. Бұл «Томирис» қыздарының халық алдына алғаш шығуы еді.Отансүйгіштік сезімі – 
туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында, ең алдымен, анасына, өз отбасына, өз үйіне, 
туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, 
әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып 
жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. 
Енді  басты  міндет  –  осы  мемлекеттің  өркендеп  өсуі,  халықтың  елжандылық  қасиетін 
ояту.Оқу орнында әскери-патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы да белсенді 
күрескерлерін  тәрбиелеуге,  оларды  еліміздің  игілігі  үшін  жанқиярлықпен  еңбек  етуге, 
республикамыздың  мүддесін  қорғауға  жаңа  мүмкіндіктер  туғызады.  Жастарды  Отанды 
қорғауға  даярлау,  жас  азаматтардың  патриоттық  тәрбиесінің  танымдары  мен  мінездерін 
қалыптастыру  күрделі  және  сан  түрлі  процесс.  Осы  процесс  әртүрлі  кезеңдер  бойынша, 
межелер бойынша іске асады. Біздің жұмысымыз осындай жүеге құрылған: 

 
Екі отан жоқ, Жалғыз Отан – мекенің; Клуб мүшелеріне «отансыз – адам, ормансыз – 
бұлбұл»  екендігін  тарих,  әдебиет,  мәдениет  салалары  бойынша  түсіндіру.  Туған  елдің 
алтын бесік, алтын жер екенін, оның топырағының әрқашан ыстық болатынын жас ұрпақ 
санасына  сіңіру.  Ежелгі  Бейбарыс  сұлтанның  өзге  елдің  патшасы  болса  да,  қыпшақ 
даласының бір уыс топырағы мен жусанының иісін мәңгі ұмытпағаны мысал бола алады.  

 
Елу  жылда  ел  жаңа;  Қазіргі  ақпараттық  соғыс  өршіген  жаһандану  заманында  еліңді, 
жеріңді тек ауырдың үстімен, білектің күшімен қорғау жеткіліксіз. Терезе ашылғанда таза 
ауамен  қатар  шаң-тозаң  да  бірге  кіреді.  Еліміз  тәуелсіздігін  алып,  әлемге  есігін  айқара 
ашқанда  түрлі  ақпарат  құралдары  бас  сұқты.  Осы  тұрғыдан  клуб  мүшелерін 
ақпараттандыру, әрқашан дайын болуға тәрбиелеу. 

 
Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол;  Бүгінгі  белсенді  студент  –  ертеңгі 
сапалы маман. Сапалы маман тек елімізге ғана емес, басқа да елдерге ауадай қажет. Бірақ 
біздің болашақ мамандарымыз елі үшін ерінбей еңбек етуі керек. Ұлым дейтін халқының 
барына елім дейтін ұлдары сенуі керек.  

 
Қазақстан  дейтін  менің  бар  елім,  жатыр  алып  жарты  дүние  әлемін;  Алтай  мен 
Атыраудың,  Ертіс  пен  Еділдің,  Арқа  мен  Алатаудың  арасын  алып  жатқан  ұлан  ғайыр 
даланың иесі бізбіз. Ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп жүріп бабаларымыз аман 
сақтап  қалды.  Аманат  етілген  жеріміздің  бір  қарысында  өзгеге  бермеуіміз  керек.  Клуб 
мүшелеріне  жер  дауының  ертеден  маңызды  болғанын  жан-жақты,  тарихи  деректермен 
түсіндіру.  

 
Таласқа  түссе  жан  мен  ту,  жан  емес  маған  керегі,  көк  тудың  желбірегені;  Еліміздің 
мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Әскери-патриоттық клуб мүшелеріне рәміздер 

214 
 
маңыздылығын,  оларды  құрметтеу  керектігін,  мемлекеттік  рәміздердің  қай  жерде  қалай 
қолданылатынын  түсіндіру.  Түркілер  туы,  алашорда  туы,  қазақтар  ұраны  секілді 
дүниелерден мәліметтер беру.  

 
Парыз сезімі, адамгершілік, аманатқа қиянат жасамау тағы басқа бүгінде құндылығы 
түсіп  кеткен  адами  қасиеттердің  сырына  терең  үңіле  білу.  Клуб  мүшелеріне  әфсаналық, 
мифтік әңгімелермен қасиеттердің мәнін ұғындыра түсу; 

 
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл». Әлемдегі бес мыңға тарта тілдің көбісі 
уақыттың  қысымына  шыдамай  жоғалып  жатыр.  Аз  халықтардың  тілі  жоғалса,  көп 
халықтардың  тілі  үстемдік  құрып  жылдан-жылға  дамып,  әлемдік  тіл,  технологиялар  тілі 
болып  келеді.  Біздің  ана  тіліміздің  бай  екенін,  соны  сақтап  қалу  жолдарын  тілшілермен 
бірігіп  клуб  мүшелеріне  түсіндіру.  Бүгінгі  үш  тұғырлы  тілдің  біз  үшін  маңыздылығы, 
біздің  ол  қадамға  не  үшін  барғанымыз,  Елбасының  саясатының  көздеген  мақсатының 
астарында не бар екенін әскери-патриоттық клуб мүшелеріне түсіндіре білу. 

 
Дін  мен  дәстүр;  Қазақ  дінінің  тарихы  тотемизмнен  басталады.  Бүгінде  еліміз 
экстремизммен  күрес  жүргізіп,  терроризмге  қарсы  екенін  ашық  айтып  келеді.  Әлемдегі 
дәстүрлі  діндер  құрылтайын  өткізіп,  ұлттар  мен  ұлыстардың  татулығына,  діндер 
арасындағы байланыстың нығаюына септігін тигізіп келеді. Біздің басты мақсатымыздың 
бірі – әскери-патриоттық клуб мүшелеріне діндердің маңыздылығын түсіндіру.  

 
Өнер  –  жігіт  көркі.  Өнер  түрлі  болады.  Біреулер  сәулет  құрылысын  салады,  енді 
бірінің  көмейінен  әдемі  ән  шығады.  Екі  өнердің  арасында  айырым  бар.  «Өнер  –  ердің 
қанаты» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек-ті. Біздің тағы бір мақсатымыз – өнерімен 
өрге  жүзген  жастарды  тәрбиелеу.  Өнердің  таусылмас  азық  екенін,  өнерлінің  қолының 
алтын  екенін,  өнерлі  адамның  өрісі  ұзақ  болатынын  клуб  мүшелеріне  түсіндіріп, 
бойларындағы  қасиеттерін  аша  білуге  жәрдемдесу  біздің  басты  мақсаттарымыздың  бірі 
болып табылады. Сөз өнерін, қол өнерін, басқа да өнердің қадір-қасиетін барынша айқын 
көрсету.  
Аталған бағыттар бойынша «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелерімен жан-
жақты  жұмыс  жүргізіліп  келеді.  Клубтың  облыстағы,  республикадағы  жеткен  жетістіктері 
мен  бағындырған  асулары  соның  дәлелі  болмақ.  Бағыттарды  сала-салаға  бөліп  көрсету 
арқылы қаһарлы қамал бұзады дегенмен ғана жүрмеу керектігін тілге тиек еткеніміз. 
«Ел  үшін  аянба  –  ерлігіңе  сын,  жұрт  үшін  аянба  –  жігіттігіңе  сын»,  «Туған  ұлдан  не 
пайда  –  қолына  найза  алмаса,  атаның  жолын  қумаса.  Ар  өмірден  қымбат,  масқаралық  пен 
абыройсыздық өлімнен жаман – нағыз солдаттың ар-ұяты кез-келген сыртқы мәжбүр етуден 
де  қатал»  деген  Бауыржан  Момышұлының  ұлағатты  сөздерін  ұран  еткен  «Айбын»  әскери-
патриоттық клубы мен «Томирис» қыздар саптық шеру тобының жас өркендері келешекте ел 
қорғаны, ел айбыны, ел тірегі болар азаматтар болып шығатынына сеніміміз мол.Жұрт ісіне 
жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақтар көп болуы керек. Біздің тарапымыздан 
жасалып  жатқан  жұмыстар  соның  бір  парасы  ғана  деп  бағалаған  жөн.  Теңіздің  тамшыдан 
құралатынын ескерсек, біздің де жұмысымыздың жетістігі әлі алда деген сенімге ие боламыз. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.
 
 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» Жолдауы. Астана, 2015ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

215 
 
МОДИФИЦИРОВАННАЯ ПРОГРАММА ПРОФИЛЯ 
«ВОДИТЕЛЬ ТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ КАТЕГОРИИ 
«В» И ПОДКАТЕГОРИИ «С1» 
 
Базаров Б. С. 
учитель профиля «Водитель транспортных средств категории «В» и подкатегории «С1» 
«Межшкольный учебно-производственный комбинат» при отделе образования г. 
Степногорска, Акмолинской  области  
 
Пояснительная записка 
 
Учебная   программа    для учащихся профиля «  водитель   транспортных   средств категории 
«В» на подкатегории «С1» разработаны в соответствии с 
законом
 Республики Казахстан от 17 
апреля 2014 года  «О  дорожном движении»  и   приказом  министра внутренних дел Республики 
Казахстан  от  02.12.2014  г.  «Об  утверждении  правил  государственной  регистрации  и  учета 
отдельных  видов  транспортных  средств  по  идентификационному  номеру  транспортного 
средства,  подготовки  водителей  механических  транспортных  средств,  приема  экзаменов  и 
выдачи водительских удостоверений» 
Учебная  программа  предусмотрена  для    обучения  учащихся    10-11  классов  школ    в 
межшкольном  учебно-производственном  комбинате  по  профилю  «Водитель  транспортных 
средств  категории  «В»  и  подкатегории  «С1»,  материал,  предусмотренный  для  изучения 
является единым для учащихся 10 – 11 классов. 
Основными  формами  обучения  являются  теоретические,  лабораторно-практические, 
практические и контрольные занятия. 
Занятия  по  практическому  вождению  проводятся  индивидуально  с  каждым 
обучаемым  на  автотренажерах,  автодромах  (площадках  для  учебной  езды)  и  учебных 
маршрутах.  Обучение  практическому  вождению  проводится  под  руководством  мастера 
производственного  обучения вождению на технически исправных транспортных средствах, 
оборудованных в соответствии с 
правилами
 дорожного движения Республики Казахстан. 
В  июне    текущего  учебного  года  начинаются  практические    занятия  с  учащимися  10 
классов  и продолжаются с учащимися  в 11 классе. В связи с тем, что  с учащимися 10 
классов  в  июне  начинаются    практические  занятия  по    вождение  автомобиля,  изучение 
правил дорожного движения переноситься на более ранние сроки.  
 
 В  соответствии  с  порядком,  установленным  в  системе  образования,  учебная  группа 
комплектуется      численностью  не  боле  24  учащихся  из  одной  или  нескольких 
общеобразовательных школ города. 
 Продолжительность  занятий  по    изучению  данного  курса  -  5  часов  в  неделю.  На  изучение 
программы  требуется  –  374  часа,  из  них  286  часов    теоретического  обучения    и  88  часов  
лабораторно-практических  занятий.  Вождения    автомобиля  проводиться  вне  сетке  учебных 
занятий в количестве  – 80 часов: из них 8 часов на автотренажере,   50 часов на вождение 
грузового автомобиля, 20 - часов на вождение легкового автомобиля, 2 часа на экзамен.    
           По  окончании  11  класса  учащиеся  профиля    сдают  экзамен  в  МУПК  по  устройству 
автомобиля  и  техническому  обслуживанию  и  получают  свидетельство  установленного 
образца,  квалификационные  экзамены  в  МРЭО  одп  проводятся  в  соответствии  с 
«положением  о  порядке  допуска  водителей  к  управлению  транспортными  средствами, 
приема  экзаменов  и  выдачи  гражданам  водительских  удостоверений»  утвержденным 
приказом МВД.              
 
 1.Нормативные ссылки 
Настоящая  программа  разработана в соответствии с Законом  «Об  образовании» от 
27.07.2007 года    и  государственной  программой  развития  образования РК  на 2011-2020 
гг.,  госо  рк  №  1080  1.4.002-2012    Типовых    учебных    планов  дошкольного  начального, 
основного  среднего, общего среднего  образования, утвержденных приказами министерства  

216 
 
образования  и  науки    от  8    ноября  2012  года  №500      ТУП    по    общеобразовательным  
предметам,    курсам    по    выбору  и  факультатива,    утвержденных    приказом  министерства  
образования  и    науки  РК  от  3    апреля  2013  года  №115,  согласно  перечня  профессий  и 
специальностей    технического,  профессионального  и  послесреднего  образования,  приказ 
министерства  образования и науки РК  от 22.01.2016 № 65   
законом
  РК  от 17 апреля 2014 
года  «О  дорожном  движении»    и   приказом  министра внутренних дел Республики Казахстан от 
02.12.2014 г. «об утверждении правил государственной регистрации и учета отдельных видов 
транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки 
водителей  механических  транспортных  средств,  приема  экзаменов  и  выдачи  водительских 
удостоверений». 
 
2.  Квалификационные    требования  к  выпускнику  по  профилю  «Водитель 
транспортных средств категории «в»  и подкатегории «С1» 
Срок  освоения  профессиональной  образовательной  программы  по  профилю 
«Водителей транспортных средств категории «В» и  подкатегории «с1»   - 2 года.  Объектами  
профессиональной деятельности   выпускников по профилю являются:  
-предприятие автомобильного хозяйства различных форм собственности автомобиля. 
Виды  профессиональной  деятельности    водителя  транспортных  средств  категории 
«В» и  подкатегории «С1»: 
-  водитель легкового и грузового автомобиля (не более 7,5 тонн, согласно категории). 
3. Требования к уровню  подготовки  выпускника   
Должен знать: 
-  пдд  и  не  допускать  дорожно-транспортных  происшествий,  основы  управления 
транспортным  средством,  проводить  контрольный  осмотр  автомобиля  перед  выездом  и 
ежедневное  техническое  обслуживание,  оказывать  самопомощь  и  первую  помощь 
пострадавшим  при  дорожно-транспортных  происшествиях  и  соблюдать  требования  по  их 
транспортировке, устройство автомобилей, основные приемы выполнения работ по разборке 
простых  агрегатов  и  механизмов,  виды  технического  обслуживания  автомобилей; 
обязательные работы, выполняемые при техническом обслуживании и ремонте автомобилей, 
правила  и  последовательность  выполняемых  работ  по  техническому  обслуживанию  и 
текущему ремонту автомобилей, правила пользования технической документацией, правила 
безопасной  организации  труда,  производственной  санитарии  и  противопожарной 
безопасности, правила применения охлаждающих, тормозных жидкостей, масел; 
Должен уметь: 
 - 
управлять  легковым  и  грузовым  автомобилями  в  различных  дорожных  и 
метеорологических  условиях,  соблюдать  пдд  и  не  допускать  дорожно-транспортных 
происшествий,  проводить  контрольный  осмотр  автомобиля  перед  выездом  и  ежедневное 
техническое  обслуживание,  разбирать  простые  узлы  и  агрегаты  автомобилей,  промывать, 
чистить  и  смазывать  детали,  определять  в  условиях производства  пригодность  материалов, 
заготовок  и  запасных  частей,  используемых  при  техническом  обслуживании  и  ремонте 
автомобилей, производить проверку технического состояния простых узлов  и конструкции 
автомобилей, производить разборку агрегатов и механизмов средней сложности. 
4. Обязательный минимум содержания программы и условия для её реализации 
Требования  к  обязательному  минимуму  содержания  профессиональных    образовательных 
программ должны содержать следующие данные: 
     - теоретическое  обучение     286   часов;     
     - практическое обучение 88 часов из них:   
               практическо - лабораторных –  54 часа, 
              летняя  учебно - производственная практика   34  часа. 
Зачет                 2 часа 
Экзамены       10  часов 
Вождение автомобиля  80 часов  

217 
 
* экзамен по вождению автомобиля проводится за счет часов, отведенных на вождение 
автомобиля. 
** вождение проводится вне сетки учебного времени  в объеме 80 часов: 
-занятие на автотренажере – 8 часов; 
-вождение: грузовые автомобили – 50 часов, легковой автомобиль – 20 часов; 
-экзамен – 2 часа (1и1 грузовой, легковой автомобиль) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет