Дәріс мақсаты: КАБЖ – нің күшейткіш аппаратураларының түрлері, екі жақты арна жұмысы, дифференциалды жүйенің жұмыс істеу қағидасы. Тарату құрылғыларының негізгі бөлігінің бірі – күшейткіштер. Күшейткіштердің екі түрі бар:
- негізгі күшейткіштер;
- көмекші күшейткіштер.
Негізгі күшейткіш ол телефон сигналдарын, яғни берілетін информацияны күшейтуге арналған. Ал көмекші күшейткіш, ол тарату аппаратурасындағы сигналдарды күшейтуге, яғни тарату аппаратурасының жұмысы дұрыс болуы үшін арналған. Негізгі күшейткіштер өз кезегінде тағы екіге бөлінеді:
- жеке күшейткіш (яғни жеке сигналды);
- топтық күшейткіш, ол топтық сигналды күшейтеді.
Тарату құрылғысының арнаны жиілікпен бөлуде күшейткіштер күрделі болып келеді. Сондықтан бұл күшейткіштерге қатаң талап қойылады. Олар төмендегідей:
- сызықтық емес бұрмалану деңгейі;
- кірістік және шығыстық кедергілерді келістіру мақсатында (Rкір и Rшығ);
- өзіндік шуыл деңгейі кезіндегі, күшейткіш коэффициенті тұрақтылығы т.б.
Бұл күшейткіштер тереңдетілген жалпы теріс кері байланысты қамтиды (ТКБ). Тарату құрылғысының жиілікпен бөлінген арнасында қолданылатын күшейткіштер қарапайым келеді. Бұл кезде ол теріс (ТКБ) кері байланысты қажет етпейді, өйткені күшейткіш коэффициенті бірқалыпты емес (тұрақтылығы аз) сызықтық еместік, бұрмаланулар болып тұрады. Арнаның жиілігінің сипаттамасын түзету және қуаттың керекті деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке күшейткіштер орнатылады. Кейбір кездерде күшейткіштер байланыс жолдарының өткізгіштігінің орнына келтіру үшін қолданылады.
Көмекші күшейткіштер – генератор құрылғысында қолданылады. Тарату жүйелерінің уақытпен бөлінген арналарындағы топтық күшейткіштер
интегралды сұлбалар құрамында болады, өйткені олар түзету тізбектерін және теріс кері байланысты (ТКБ) қажет етпейді.
Егер күшейткіштер ТОТЖ құрамында жұмыс істесе, онда шығыстық трансформатор болмайды, өйткені ол интегралды сұлбалар құрамында
өндіріледі.