Радиотехника, электроника және телекоммуникация


Жеке дара түрлендіргіш деп



бет13/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
копарналекция

Жеке дара түрлендіргіш деп, тарату немесе қабылдау кезінде кері тізбекпен жіберу кезіндегі жеке жиілік жолағын сызықтық немесе аралық жолағына түрлендіретін түрлендіргіштерді айтамыз.
Топтық түрлендіргіштер деп, жиілік шкаласының жоғарғы немесе төменгі жеке жолақ санынан құралған жиілік жолағының орын ауыстыруы үшін қолданылатын түрлендіргіштерді айтамыз. Бұл түрлендіргіштер тек көп еселі топтық түрлендіру кезінде қолданылады.
Құрылу сұлбасы бойынша сызықтық емес түрлендіргіштердің элементтер саны, біртактілі, екітактілі, балансты (тізбекті-балансты, параллелді-балансты, 2 есе балансты, сақиналы) болып бөлінеді.
Түрлендіргіштің жұмыстық өшулігін түрлендіретін сигналдың қуаттық жоғалуларын сипаттау мына формуламен анықталады
,
мұндағы –  жиілікті сигналдың электр қозғаушы күші (ЭҚК) көзі жүктемеге бере алатын ( ) қуат;  – түрлендіргіш жүктемесінен бөлінетін бүйірлі жиілік сигналының қуаты.
ЖТ-ге сызықтық емес элементтерді таңдау, нақты сипаттамаларды таңдау кезінде, осы элементтерді қосу сұлбасы мен бұлардың нақты жұмыс режимін таңдау ескеріле отырып бірқатар негізгі талаптар қойылады:
- түрлендірушілердің негізгі өнімінің қуаты (түрлендіргіш жүктемесінде өндірілетін) екіншілік қуатына көп болуы керек. Бұл түрлендіргіштердің минималды жұмыстық өшулігінде іске асырылады;
- түрлендірудің негізгі өнімдерінің амплитудасы тасушы жиілік сигналының амплитудасының өзгеруінде немесе түрлендіргішке сыртқы факторлардың әсер етуінде көп өзгере қоймауы керек;
- түрлендіргіш шығысында түрлендіргіштің сыртқы өнімдерінің саны мүмкіндігінше аз, ал олардың амплитудалары негізгі тербелістердің амплитудасынан аз болуы керек. Егер, оның жиілігі негізгі тербеліс жиілігіне жақын немесе оған тең болса, онда қосалқы өнім көбінесе қатерлі болады.
ЖТ-ң сызықтық емес элементтерінің жұмыс тәртібін анықтайтын негізгі шарт: тасымалдаушы жиілік сигналының амплитудасының түрленетін сигнал амплитудасынан айтарлықтай аз болуы (модуляция тереңдігі аз). Модуляция тереңдігі аз болған сайын негізгі өнімдер қуаты қосалқы өнімдер қуатымен салыстырғанда аз болады (түрлендіргіштің сызықтық емес бұрмаланулары аз болады); бұл топтық түрлендіргіштерде аса маңызды (сызықтық емес бұрмаланулар арналарда аралық бөгеуілдердің пайда болуына әкеп соғады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет