Радиотехника, электроника және телекоммуникация



бет18/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
копарналекция

Дәріс мақсаты: 
Бір бүйірлі жолақты (ББЖ) сигналдарын қалыптастыру тәсілдерін,
яғни сүзгілік және фаза айырымдық әдістерін оқып үйрену, түйістіру аппаратурасын, КАТЖ-дағы деңгейді автоматты реттеу құрылғысының жұмыс істеу қағидасын зерттеу.
ББЖ  тарату тәсілін қолданғанда тасымалдаушы мен бір бүйірлі жолақты бұқтыру қажет. Тербеліс тасымалдаушысын жою модулятор
сұлбасы арқылы іске асырылады. Мұнда модуляторлар балансты немесе екі балансты сұлба көмегімен іске асырылады. Балансты сұлбаны қолданғанда
модулятор шығысында тасымалдаушы жиілік болмайды.
ББЖ жою үшін сүзгілік, фаза айырымдылық, аралас әдістер
қолданылады.
Сүзгілік әдіс
Сүзгілік әдіс кең түрде қолданылады. Пайдаланылмайтын бүйірлік жолақты жою үшін модулятор шығысына қосылатын ЖС қолданылады (28-сурет).

28 – сурет. Сүзгілік әдіс
Қазіргі қолданылатын  арналары жиілікпен бөлінетін (АЖБ) байланыс жүйелерінде көрші арналардағы тасымалдаушы жиілік аралығы 4 кГц болуы керек, төменгі нөмірлі арнаның қолданылатын бүйірлік жолағы жоғарырақ
нөмірлі арнаның қолданылатын бүйірлік жолағының спектрінің орнына
түседі. Сондықтан қолданылмайтын бүйірлік жолақты болдырмау үшін қатаң тиым салынады. Қолданылатын БЖ қарағанда қолданылмайтын БЖ – ты бұқтыру 60 дБ-ден төмен болмауы керек, тасымалдаушы жиілікті өсіру кезінде және арна арасындағы жиіліктік саңылауы  кГц сақталған жағдайда  қатынасы өседі, сондықтан жолақтық сүзгілер (ЖС) тіктігі  -мен қатар өседі.
кГц жиіліктік диапазонында LC-элементтерінен
Құралған (ЖС) жолақтық сүзгілер, ал одан үлкен жиіліктерде кварцтық,
магнитострикциялық және тағы басқа сүзгілер қолданылады.
Фаза айырымдық әдіс
Бұл әдіс кезінде модуляторлар екі балансты сұлбадан тұрады (29-сурет), бұл жағдайда модуляторлар шығысында тасымалдаушы жиілік
кернеуі іс жүзінде болмайды.

29 – сурет. Фаза айырымдық әдіс
АҚ – айырғыш құрылғылар;
ФК – фазалық контурлар, фаза бойынша   - ге жылжытып отырады;
, бастапқы сигналының гармоникалық құраушылары;
 - М2-ге берілетін  бастапқы сигнал + тасымалдаушы  жиілік;
 тасымалдаушы ;
 ;
 М1 шығысындағы ток  ;
 М2 шығысындағы ток
;
 ББЖ сигналы: .
Модуляторлар сұлбасы әдетте екі еселенген балансты сұлбадан тұрады,
оның шығысында тасымалдаушы жиілік кернеуі болмайды. Бастапқы сигнал
тізбегіне екі ФК қосылады, себебі бастапқы сигнал бір жиіліктен емес
бүкіл жолақтан тұрады. Бұл жерде осы жолақтағы барлық жиіліктер үшін -ге фазалық ығысу болғаны өте маңызды. ФКтасымалдаушы жиіліктегі фазаны ығыстырады, ал тасымалдаушы жиілік моно хроматикалы болғандықтан, осы жиілікте істейтін бір ФК жеткілікті.
, нүктесінегі (29-сурет) модуляторлар шығысында және  токар
және  жиілікті екі БЖ құрамалары болады.  модуляторы шығысында екі БЖ сигналдары болады, бірақ фазалық ығысу енгізілген  модуляторында сигналдарды модуляциялау жүргізіледі.
Бұл жағдайда төменгі БЖ сигналында фазалық ығысулар бірін-бірі теңгереді, ал жоғары БЖ сигналында фазалық ығысулар қосылып, бұл фазалық жылжу  - ге тең болады, бұл осы құраушысының ток ағынының басқа таңбамен ағуына эквивалентті. АҚ2-де және  токтар қосылады. Егер жоғарғы БЖ сигнал токтары   болса, жоғарғы бүйірлік жолақ бірін-бірі теңгереді, ал таңбасы бірдей төменгі БЖ токтары қосылады. Сонымен біз модулятор шығысында құрамында тек ББЖ сигналы болатын  тогын
аламыз.
Жоғарғы БЖ алу үшін біржолақты модулятордың бір арнасына  -ге фазалық ығысу енгізу қажет.
Қолданылмайтын жолақтың бұқтыру коэффициенті (осы жолақтағы өшуліктер)
,
мұндағы  – асимметрия коэффициенті, яғни айырғыш құрылғысы шығысындағы токтар қатынасы: ;
– өткізу жолағындағы өшуліктер;
сұлбадағы фазалау қатесі.
Егер  болса, онда
.
Егер  болса, бұл өшулік мәні аз және бұны ескермеуге болады.
Қолданылмайтын БЖ-ты 60 дБ - ге бұқтыру үшін  -тан аспауы тиіс, ал бұл талап аппаратураның сұлбасын іске асыруын қиындатады.
Жергілікті желілерде қолданылатын арзанырақ фазалау қателігі
ықтималдылығы  болатын  қарапайымдау ФК-лар қолданылады.
Осыған байланысты ондағы қолданылмаған БЖ бұқтыру жеткілікті болады, яғни 60 дБ–ден төмен болады. Арналық сигналдардың бір-біріне өтіп кетпес үшін көрші арналар тасымалдаушыларының аралығын 8 кГц –ке тең етіп алады.

30 – сурет. Фаза айырымдық әдіс
Сүзгілік әдіспен салыстырғанда осы әдістің артықшылықтары:
тек ФКбойынша ажыратылатын, әр түрлі жиілікте жұмыс істейтін барлық арналар үшін бірдей құрылғылар қолданылады;
тасымалдаушы шамасы   күрделі сұлбаны жүзеге асыруда әсер етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет