Генераторлық құрылғы ГҚ негізгі қызметі сигналды синтездеу (талдау) болып табылады, яғни тасымалдаушы жиілік сигналын талдау, сонымен қатар, автоматты реттегіш құрылғы (АРҚ) жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті бақылау жиіліктер сигналын өндіреді, нөмірді теру импульстерсигналының трансляциясы, шақыру сигналдары мен тарифтік импульстердің (осы сигналдар көмегімен шақырушы абоненттің сөйлесу есебі іске асырылады) трансляциясы жүзеге асырылады. Бұл сигналдар тасымалдаушы жиіліктер және олардың арналық жиіліктері сияқты синусоидалы болады. Бұл сигналдардың әр қайсысы қабылданған талаптарға сай болуы керек, олардың маңыздылары:
− жиіліктің және деңгейдің тұрақтылығы;
− бөгеуіл қорғанушылық және сенімділік.
Нақтырақ қарастырайық.
Тасымалдаушы жиіліктер сигналын алу үшін қолданылатын генераторлардың тұрақтылық талабы ерекше мәнді болады. Көпарналы байланыс жүйесі көбінесе қабылдағышта қалпына келетін бір бүйірлі жиілік тасымалдаушысыз тарату қағидасымен жұмыс істейді. Тарату станциясындағы пайдаланылған тасымалдаушы жиіліктен айырмасы қабылданатын сигналдың спектрінің сәйкес ығысуына әкеп соғады, бұл байланыс сапасын төмендетеді. спектр ығысуы дискретті информацияны тарату және дыбыстық таратусапасына әсер етеді, ол арналарды қайта қабылдағыш болмаған кезде 0,5 Гц-тен аспауы керек.
Ең біріншіден, деңгейлер тұрақтылығының талабы бақылау сигналдарының деңгейлерінің тұрақтылығының қажеттілігімен анықталады, өйткені бұлардың өзгеруі АРҚ құрылғыларының жалған іске қосылуына әкеп соғады. Сол сияқты тасымалдаушы жиіліктер сигналының деңгейлері жеткілікті мәнде тұрақты болуы керек, себебі кері жағдайда жолақтық жиіліктердің жұмыстық өшулігінің мәнді өзгерістері болуы мүмкін.
ГҚ-нан өндірілетін сигналдардың бөгеуіл қорғанушылық талаптары олардың моно қатыстылығының белгіленген дәрежесін қарастырады, яғни берілген жиіліктің сигналымен бірге жүретін паразиттік спектралдік құраушыларының бұқтырылу дәрежесін анықтайды.
және (мұндағы − негізгі сан) түрлі тасымалдаушы жиілік сигналдарының паразиттік құраушылары түрлендіргіштерге түсіп жүйенің арналарының арасында аралық бөгеуілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады, ал бұлар арнаның ішінде сызықтық емес бұрмалануларды көбейтеді. Белгілі бір паразиттік құраушыларының әсерінен болатын бөгеуілдердің мәні және сипатына байланысты олардың бұқтыру дәрежесі 55−60 дБ болуы керек.
Бөгеуіл тұрақтылық жағынан тасымалдаушы және арналық жиіліктер сигналын гармоникалық тәсілмен синтездеу жеке дара генераторлар тәсіліне қарағанда нашарлау болып келеді. Төменде генераторлық құрылғының қарапайым құрылымдық сұлбасы көрсетілген. Тұрақтылығы жоғары беруші (тіректік) генератор кГц жиілікті сигнал өндіреді, бұл бөлу коэффициенті 32-ге тең жиілік бөлгішке (ЖБ) келіп түседі. Жиілік бөлгіш шығысында кГц негізгі жиілікті сигналды аламыз, сигнал құраушылар генераторына (ГГ1) беріледі. Құраушылар генераторларының жұмысының мәні жиілікті сигналын импульстер тізбегіне түрлендіру болып табылады, оның бірі жиіліктің жұп, ал келесісі тақ жоғарғы құраушылары болады. Арнаның біріншілік топтарын (БТ) қалыптастыру үшін қажетті тасымалдаушы жиіліктерге сай келетін жиілікті тізбектен сигналдың бөлінуі жеке дара тасымалдаушы жиіліктер жолақтық сүзгісімен (ДТЖС) іске асырылады.
15-суреттен көріп тұрғанымыздай, осы топтың ең жоғарғы жиілігі (104 кГц-ке тең) кГц жиіліктің 26-шы құраушысы болып табылады, оның бөгеуілқорғанушылығы көбейту коэффициентінің үлкен болғанына қарамастан әлде де жоғары болады. Бұл кварцтық резисторлардағы жоғарытаңдамалы ДТЖС-терді қолдану арқылы іске асырылады, бұлар сигналмен бірге жүретін паразиттік құраушыларды (ең жақындарының деңгейі бөлінетін сигнал деңгейімен жуықтап бірдей болады) қажетті бұқтырумен қамтамасыз етеді. Арналардың екіншілік топтары (ЕТ) және басқа да екіншілік түрлендірулер тасымалдаушы жиіліктеріне сай сигналдарды кГц негізгі жиілікті құраушылары ретінде алу тиімсіз. ГГ1 шығысында осы сигналдардың деңгейі салыстырмалы түрде аз, себебі іс-жүзінде құраушылар генераторларының сұлбасында құраушылар нөмірі өскен сайын олардың амплитудасының төмендеуі байқалады. Жоғарғы көбейту коэффициенті, сәйкесінше, бөлінетін сигналдың бөгеуілқорғанушылығының төмендеуі жолақты сүзгілерді құрастырғанда біршама қиындықтар туғызады. Сондықтан берілген сұлбада екіншілік түрлендірулердің тасымалдаушы жиіліктері тобына жататын сигналдар ГГ2 шығысында кГц негізгі жиілік құраушылары ретінде құралады. Өз кезегінде, жиілігі жиілігінің үшінші құраушысы ретінде ГГ2-ден алынған. Оның жоғарғы бөгеуіл қорғанушылығы ( жиілікті сигналдың бөгеуілқорғанушылығына тең) жоғарытаңдамалы жолақтық сүзгімен (ЖС1) қамтамасыз етіледі.
15 − сурет. Генераторлық құрылғы сұлбасы
ДТЖС – БТ тасымалдаушылары;
ҚТЖС – ЕТ және басқа екіншілік түрлендірулердің тасымалдаушылары.
Сол әдіспен үшіншілік топ (ҮТ) спектрлерін қалыптастыру үшін қажет тасымалдаушылар алынады. Негізгі жиілік кГц.
4 кГц-ке еселі емес біріншілік топтың бақылау жиілігі (БТБЖ) - 84,14 кГц және екіншілік топтың бақылау жиілігі (ЕТБЖ) - 411,86 кГц сигналдарын алу үшін екінші беруші генератор (БГ2) болуы қажет. Бақылаушы жиіліктер тұрақтылығы талабы тасымалдаушы жиіліктер тұрақтылығы талабынан салыстырмалы түрде аз болғандықтан, БГ2 сұлбасы БГ1 сұлбасына қарағанда құрылымы жағынан қарапайымдау болып келеді (16- сурет).
ГҚ-ң бір комплектісі бірнеше жүз және мыңдаған стандарттық ТЖ арналарының спектрлерін түрлендіруін қамтамасыз етеді, сондықтан ГҚ құрылғысына сенімділігі жағынан жоғары талаптар қойылады. Бұл дегеніміз − ГҚ резерві болуы қажет және профилактикалық қызмет көрсету ережелері қатаң қадағалану керек деген сөз. Қазіргі күндері барлық генератор блогы (ГБ) байланыс аппаратурасы құрылымдарымен орталықтандырылған эталондық генератормен синхронизациялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Тұрақты орталықтандырылған синхрондау жүйесін құру олардың бағасын төмендетіп, байланыс сапасын жоғарылататын еді.