Дискреттеу жиілігі дегеніміз, сол арна арқылы берілетін кілт қосылу жиілігін айтамыз.
Дискреттеу жиілігін Котельников теоремасына сүйене отырып, былай жазуға болады
fдис 2 Fmax.
Арналық интервал еріп жүру периоды
Тд = 1/ fд.
Осы жерде Тд = 125 мс, ал дискреттеу жиілігі fд = 8 кГц.
Қабылдау станциясы жағында, жол бойымен келіп түскен топтық сигнал әр арнаның өз ЭК – не беріледі. Бұл жерде, қабылдау станциясы жағында жұмыс жасайтын генераторлық құрылғы бар, сол құрылғыдан қысқа импульстер жіберіледі, кілттердің қосылуы үшін, сонымен әр арнаның өз ЭК –ті келген сигналды қабылдап, төменгі жиілікті сүзгі арқылы өткізеді де, бастапқы сигналдарды С11 (t) … СN1 (t) біраз өзгерістерімен жергілікті АТС – терге жібереді. Арналарды дұрыс бөлу үшін тарату станциясындағы электронды кілттер қабылдау жағындағы электронды кілттермен синхронды және синфазды жұмыс жасауы керек. Синхросигнал өз параметрлері мен арналық сигналдан басқаша болып келеді.
Олардың синхронды жұмыс жасауы үшін электронды кілттің екінші жағынан синхросигнал тізбектеле қосылады. Сонымен қатар, қабылдау жағында бұл синхросигналда сигналдан бөліп алатын синхросигнал қабылдағыш қосылған. Бір типті арналардағы ипмульстер арасындағы уақытпен бөлінген интервал периодқа теңеледі. Т=125мс, егер fд = 8кГц болса, - импульс ұзақтығы.
8 – сурет. АУБ КАТЖ сұлбасының жұмыс істеу қағидасы
Сигналдың таралу ортасы
Арналарды бір-біріне сенімді бөлу үшін аралық интервал немесе қорғау аралығы ( fқор ) енгізіледі. Сөйлесу сигналынан синхронды сигнал (СС) импульсі өзіне тән параметрімен ерекшеленеді. Ол параметр импульс ұзақтығы tн.
Бұл графиктерге қарасақ АУБ КАТЖ кезінде АИМ арқылы жұмыс жасайды, бұл жерде импульс амплитудасы сигнал сол кездегі мәніне тең болады. АИМ тәсілі бөгеуілден қорғанушылығы өте төмен, өйткені бөгеуіл сигнал амплитудасына бастапқы кезде әсер етеді. Сондықтан аналогты тарату жүйені (АТЖ) арналары уақытпен бөлінген (АУБ) кезде модуляцияның басқа бөгеуілге қарсы тұра білетін беру жүйесін таңдау керек. Мысалы: ИКМ ФИМ арқылы қолдану. Бағытталған орта үшін – симметриялық, коаксиалдық, ТОТЖ кабелдер, РРЛ қолданылады. Ал магистралдық тарату жүйесінде коаксиалдық кабель КМ-4 және КМ – 8/6 қолданылса, ал аймақ ішіндік беру жүйесінде аз габаритті МКТ–4 кабелі қолданылады. Симметриялық кабелдер аймақ ішіндік және жергілікті желілерде кеңінен қолданылады. Өкінішке орай, жиілік өскен сайын тізбек арасында өзіндік әсер өседі. Осыған байланысты 260 кГц жиіліктен жоғары болғанда, қорғанушылық керекті шамасын қамтамасыз ету қиындайды, сондықтан АЖБ жүйесінде осы кабелмен өте аз санды арна ( 60) құруға болады.
Әуелік жолдар аймақ ішіндік және жергілікті желідерде қолданылады. Біртіндеп әуелік жолдар кабелмен ауыстырылып жатыр. Әуелік жолдардың кемшілігі, олар ауа-райынан тәуелді, жиілік өскен сайын өзара әсер үлкейеді. Сондықтан олардың ең жоғарғы жиілігі 150 кГц аспауы керек, ал бұл АУБ жүйесінде 30 арнаға дейін құруға мүмкіндік береді.
Ара қашықтық өскен сайын сигналды беру үшін бағытталған ортада өшулік те өседі. Сол өшулікті өсірмеу үшін АЖБ бөлу кезіндегі негізгі звено күшейткішті желіге енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |