Едіге Дәріғұлұлының түркі-моңғол фольклоры, эпостану, мифология және этнографияны зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Едіге Дариғұлұлының «Қазақтың тұрмыстық ертегілерінің генезисі», «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» сынды іргелі зерттеулері Қазақстанда ғана емес, шетелде де мойындалып, үлкен сұранысқа ие болды. Бұл еңбектерінде қазақ ғалымы алғаш рет Сібір және түркі-моңғол халықтарының мыңжылдық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, эпостары мен ауыз әдебиетін, тілін, музыкасын жаңа ғылыми ұстанымдар тұрғысынан зерттеді. Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері.
Е.Тұрсыновтың “Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері”атты еңбегінде бақсы,ақын,сал-сері,жырау,сыншылардың әлеуметтік юәне шығармашылық тұлғасы мен олардың шығу тегін зерделеген. Е.Тұрсынов ежелгі дәуірдің адамдары ең бірінші кезекте мистерия кезінде шаман-бақсы қолданатын қамшы, бубен, кілемше, аса таяқ, пышақ, қазан тәрізді заттар мистификациялап, оған сакральдық (киелі) қасиеттер берген деп тұжырым жасайды.
Ақселеу Сейдімбек қазақтың дəстүрлі рухани мəдениетінде айрықша орын алатын үш саланы атап өтеді: біріншісі — сөз өнері, екіншісі — музыка өнері, үшіншісі — қолөнері. Ақселеу Сейдімбек өз туындыларында осы аталған «жылуынан сұлуы басым» өнердің бірнеше түріне тоқталып кеткен.