гендік және жасушалық инженерия
гаплоидты биотехнология
клондық көбейту
Тағыда басқалары
Гаплоидты биотехнология
Өсімдіктерді химиялық заттармен , иондаушы сәулемен және температураны күрт өзгертіп өңдеу, сәулелендірілген тозаңмен тозаңдандыру, алшақ будандастыруды қолдану – осының бәрі гаплоид алу үшін жасалғанымен, оның пайда болу дәрежесі өте төмен. Сондықтан бұл тәсілдер гаплоидті тұрақты түрде алуға мүмкіндік бермейді.
Табиғатта гаплоидтер апогамия, гиногенез, немесе андрогенез нәтижесінде мейоздың редукциялық бөліну барысында аталық немесе аналық жыныс жасушаларынан пайда болады. Редукцияланған апогамия – ұрықтың синергидтер немесе антиподтардан пайда болуы.
Қазіргі кезде гаплоидтарды алу үшін мынадай тәсілдер қолданады:
Псевдогамия
Гаплодюсер тәсілі
Андрогенез және гиногенез in vitro тәсілдері
Гаплоидық өсімдіктер практикалық селекция мен генетикалық зерттеулер үшін өте құнды. Дағдылы әдістермен оларды алу ұзаққа созылады, ал in vitro әдістерімен, әсіресе тозаңқаптарды өсіру арқылы және гаплопродюсер әдісімен гаплоидтарды алу селеция процесін жеделдетеді.
Гаплоидты технологияның маңызы •
Селекция бағдарламасында гаплоидтарды қолдану
- Гаплоидтық өсімдіктердің жасушаларында хромосомалар жиынтығының жартысы ған болады.
- Изогенді линияларды гаплоидтерді екі еселеу арқылы бір жыл ішінде алуға болады, ал оны дәстүрлі инбридинг тәсілмен алу үшін 4-6 жыл қажет.
- Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гаплоидтік хромосомалар саны екі еселену арқылы өзіндік құндылығы бар таза линиялар алынады.
- Гаплоидтерді диплоидтік түрлермен будандастыру арқылы: біріншіден, моногаплоидтар алынады, оларды кейбір хромосомалардың жойылуына байланысты моносомдық генетикалық талдауда қолданады. Екіншіден, гетерозистің триплоидтік түрлері алынады.
- Гаплоидтерді аласа және басқа пішіндегі сәнді өсімдіктер алу үшін пайдаланады.
- Гаплоидтерді алшақ будандастыру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |