Құралай рахымбай



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі6,71 Mb.
#6505
1   2   3   4   5   6

− Ерікті деген кім? 

Әуелі осының басын ашып 

алайықшы?

− Еріктілік –  адамның 

қалауымен болатын іс­әрекет. 

Кім ерікті болғысы келеді сол 

адам ерікті бола алады. Ал, 

ерікті болғысы келмейді екен, 

онда ол адамды ерікті болуға 

шақырып керегі жоқ.  Қазір 

жастар арасында «ерікті» деген 

не, саған не пайда әкеледі 

деген сұрақ жиі айтылады.. 

Мәселе саған пайда әкелу, 

болмаса, өз пайданды ойлау 

емес. Жастардың сабақтан 

кейінгі бос уақытын тиімді 

өткізу. Ерікті болу адамды 

еркіндікке, қауіпсіздікке, 

әділдікке және барлық 

адамдарға көмек көрсетуге, 

өз ойын айта білуге баулиды. 

Пайда табудан да өзге байыпты 

мақсаттар болады. Мәселен, 

Еуропада кез­келген адам 

ерікті. Олар адамдарға бар 

ықыласымен көмектескісі келіп 

тұрады. Ал біздің елде мүлде 

басқаша.

− Өзіңіз білесіз, 

біздің қоғамда еріктілер 

аса танымал емес. 

Кешегі Кеңестік кезеңде 

«Тимуршылар» командасы 

деген болатын. Бұл да соған 

ұқсас қой, әлде басқарақ па?

− Иә, «Тимур и его команда» 

Кеңес одағының менталитеті 

болды ғой. Қазіргі кезде қандай 

бір ерікті жастар олардың  

жасағанын қайталай алмайды. 

Өйткені біздің жастардың 

санасын өз пайдасын ойлау, 

«мен ерікті болсам маған не 

пайда?» деген сұрақтар жаулап 

алған. Кеңес одағының кезінде 

сен ерікті болсаң ата­анаң сен 

үшін қуанатын «Менің балам 

тимуршылар жасағында» деп.  

Ол кездері үлкен мақтаныш 

болған. Ал, қазір XXI ғасыр 

жастары мүлде бөлек. Баланың 

кінәсі 


емес, бұл жерде ата­ананың 

кінәсі деп ойлаймын. Бала 

қандайда бір іс жасағысы 

келсе «саған не пайда, оны не 

істейсің?» деп бетін қайтарып 

жатады. Осылайша алға 

ұмтылғысы келген жастың ынта 

жігерін басып тастайды.



− Сіз қалай  волентер 

болдыңыз? Әлде бір нәрсе 

әсер етті ме? Кітаптан оқыған 

деген сияқты әлде ағылшын 

тілін білгеннен кейін 

қызықтыңыз ба?

− Тіл білгеннен ерікті болған 

жоқпын.  Мен ерікті болуды 

«Жас ұрпақ» деген ұйымнан 

бастадым. Алтыншы  сынып 

оқып жүргеннен ерікті атандым. 

Сол кезде қоғамдық жұмысқа 

араластым, осы ұйымның 

президенті болдым. Ерікті 

болғаннан жаман өспедім. 

Колледжге түстім, облыстық, 

республикалық жарыстарға 

қатыстым. Жан­жақтан түрлі 

достар таптым.



− Енді ЭКСПО-2017-

нің өзіне келсек, көрмеге 

еріктілерді дайындауда 

қандай талаптар бар?

− ЭКСПО­ға баратын 

еріктілерге тіл білу деген 

міндет жоқ. Өйткені, Қызылорда 

облысынан да, басқа 

облыстардан баратын жастар 

да тіл білетін мамандар емес. 

Қонақтар адасып, іздеген жерін 

таппай жүрсе, дәрі­дәрмек 

керек болса, ұрлыққа тап болса, 

біз апарған жастар жол сілтеп 

көмектеседі.



− Бала күніңізден пікір-

сайыс алаңында шыңдалып 

келесіз? Сөз мықты ма, іс 

мықты ма?

− Иа, пікір­сайыс алаңы 

мені біраз шыңдады. Мен айтар 

едім іс мықты деп. Неге? Қазір 

ауызбен орақ оратын, шын 

мәнінде, қолынан түк келмейтін 

азаматтар бар. Болмаса сосын 

жасаймын деп жүре береді. 

Жұмысты жасап, тындырып 

барып, сөйлеу керек. 

 

− «Сана» зияткерлік 

клубын басқарып, жас 

көшбасшыларды баулып 

жүрсіз. Көшбасшы қандай 

болу керек?

− Көшбасшы әлбетте өз 

саласының білгір маманы, 

сонымен қатар өзге саладан 

да хабары бар адам болғаны 

жөн. Сонымен қатар, өзгеге 

әсер ете алу керек.  Сені үлгі 

тұтатын барлық жастардың 

сенің артыңнан еріп кететіндей 

іс әрекеттер жасағаны дұрыс. 



− Белсенді жастар мен 

биліктің байланысы қандай?

− Билік пен жастар 

арасында байланыс жақсы. 

Өйткені билікпен араласып 

отырмын. Ал осы сұрақты басқа 

адамға қойсаңыз, ол билікті 

жамандап шыға келеді. Қай 

жасқа мемлекеттің пайдасы 

тиді, сол ғана айта алады 

билікпен байланыс жақсы 

деп. Мысалы, Американы 

алайық. Ол жақта сен бомж 

болғың келе ме, бола бер 

деп еркіңе қоя береді. Сенің 

өміріңе араласпайды. Ал бізде 

бәрі басқаша «жүр, жүр»  деп 

қолынан сүйреп тартады, бұлай 

болмайды.



− Астанадағы бір топ 

ЭКСПО-2017 көрмесінің 

еріктілері Холли мерекесін 

тойлап, артынша әлеуметтік 

желіде сынға ұшырады. 

Холли бізге керек пе осы?

− Жеке өзіме Холли 

мерекесі ұнамайды. Ал, олар 

Холли мерекесін тойлауға 

мәжбүр болды. Сол арқылы 

ЭКСПО көрмесіне қаншама 

жасты жинады. Жинаған 

жастарды ерікті қылып алды. 

Холли болмайды десе, 

қаншама жасты жинай алмас 

еді.  Өкініштісі, сол бүгінгі 

буынға Холли қызығырақ болып 

тұр.

− Әлеуметтік желідегі 

парақшаларыңызға орыс 

тілінде жазба қалдырып 

жүрсіз. Осы арқылы 

ешкімді ренжітіп алам деп 

ойламайсыз ба?

− Әлеуметтік жазбаларымды 

орысша жазатын себебімді айта 

кетейін. Менің өз жобаларым 

бар. Сол жобалар аясында 

көбіне жазба қалдырамын. 

Менің жазбаларымды орыс 

тілді адамдар оқиды. Ал 

қазақша жазсам олар түсінбеуі 

мүмкін. Ал, мен орысша 

жазсам,  қазақ та, орыс та 

түсінеді. Бірақ пікірлерді 

қазақша қалдырамын. 

− Қазіргі жастар 

жиындарының атауы 

«KARBYZFEST-2016», «Paty» 

секілді ағылшын тілінде. Сол 

шараның атауын қазақша 

жазсақ 

болмай ма?

− Бұл атаулар құлаққа 

сіңіп қалды. Аталып келе 

жатқанына 5 жыл уақыт болды. 

Оларды қазақша жазсақ жастар 

түсінбей қалады. Мысалға, 

«KARBYZFEST»  атауын, 

«Қарбыз жеуден жарыс» деп 

өзгертсек, көбісі түсінбей 

қалады. Бұл не  деп? Сол 

сияқты «Домбыра Patyды», 

«Домбыра думан» деп 

өзгертейік деген ұсыныстар 

бар. Олай өзгертер болсақ, 

жастар «кәсiби жыршы, 

термешілердiң байқауы ма» 

деген ойда қалуы мүмкін. 

Атаудың өзі адамды тартуға, 

жинауға жұмыс жасағаны 

дұрыс.


− Жастар кітап оқымайды 

дейді. Сіз ше? Қазір қандай 

кітап оқып жатырсыз?

− Кітап оқимын. Поэзияға 

жақын кітаптарға қызығамын.  

Менің әкем күніне бір кітап 

оқиды. Кітапханашылар 

да ол кісіні танып алған. 

Менің замандастарым кітап 

оқымайды деп айта алмаймын. 

Оқитындары бар. Керек 

дүниесін интернеттен қарап 

алады. Ал, соңғы оқыған 

кітабым Мұхтар Шахановтың 

«Эверестке шығу» өлеңдер 

жинағы.


− «91 тобының»  жігіттерін 

«қылықтары қыздай» деп ел 

сынап жатыр.  Бүгінгі ер жігіт 

қандай болу керек? 

− Егер дауысы жоқ, өнерден 

хабары жоқ топ болса, олар 

бұндай деңгейге жетпейтін 

еді. Қазақылыққа салып айтар 

болсам, әрине қарсымын 

мұндай топқа. Бұл топ заман 

сұранысын қанағаттандырып 

отыр. Дегенмен осы  жігіттерді 

ысырып тастайық, қыздар корей 

жігіттерінің тыңдаушысына 

айналады. Біз оларға тосқауыл 

қоя алмаймыз. Әлеуметтік 

желідегі ағалар «Ninety one» 

тобын қозғай бергенше, 

қоғамда 


одан да өзекті мәселелер 

бар, соған назар аударса 

екен. Солар жайлы қозғайық. 

Біз тыңдамасақ та оларды 

тыңдайтын адамдар көп.

− Жайдарман 

ойындарының айналасынан 

жиі көреміз сізді. Көрермен, 

жанкүйер деп айтуға бола 

ма? Әлде сценарий жазуға 

араласасыз ба?

− Бұрын «Алты Алаш»  

деген жайдарман  тобында 

ойнағанмын. Ол топтың 

жетістігі премьер лига 

чемпионы болдық. Одан кейін 

қызығушылығым басылды. 

Қазір тек қана көрерменмін. 

Арасында әділ­қазы алқасы 

ретінде де шақырады. Жас 

командаларға сценарий жазып 

беретін кездер де болып 

жатады. 

− Мамандығыңыз қандай 

сіздің?

− Мамандығым компьютер 

бағдарлаушысы. 

− Нені армандайсыз?

− Осы сұраққа келгенде 

жауап беру қиындау. Отау 

құрып, бала тәрбиелеу –  

арманым. Басқа қалаға жұмыс 

ауыстырмаймын, осы қалада 

боламын. Әйтпегенде, Астана 

қаласына осы уақытқа дейін 

5 ұсыныс түсті. Мен өзімді 

басқа қалада жұмыс істеймін 

деп елестете алмаймын. 

Қызылордада қалып, туған 

қаламның дамуына үлес қоссам 

деймін. 


− Болашаққа қандай 

жоспарыңыз бар?

− Білім саласында қызмет 

етсем деген жоспарым бар. 

Жоғары оқу орнын бітіріп, 

әрі қарай магистратураны  

Москвада жалғастырсам деген 

ниеттемін.

− Сұқбатыңызға рақмет!

− Сіздерге де 

шығармашылық табыс тілеймін!

Сұқбаттасқан:

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ   

Сабыржан КЕҢШІЛІК,  

«САНА»  зияткерлік қоғамдық қорының президенті:

Пайда табудан да өзге

байыпты мақсаттар болады

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Сабыржан Кеңшілік 

Бауыржанұлы 1994 жылы 10 

қыркүйекте Қызылорда қаласында 

дүниеге келген. № 12 Ілияс 

Қабылов атындағы орта мектептің 

түлегі. Мәншүк Мәметова атындағы 

Қызылорда гуманитарлық 

колледжін тәмамдаған.  

Қызылорда облысы жастарының 

«Сыр Үміті»  және «Үздік ерікті жас» 

сыйлығының иегері. 


№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Мөлдір САБЫРЖАН

Елордамыз  Астанаға  жол 

тарттым.  Поездан  түсіп,  көлікке 

қарай  беттедім.  Алдымнан  үл­

кен  әжей  кездесті.  Жол  беріп, 

құрмет  көрсеттім.  Қолындағы 

дор баларын  үйіне  дейін  жеткізіп 

салдым.  Вокзалдың  жанына  жа­

қын  жерде  тұрады  екен.  Үйіне 

қонаққа  шақырып,  астан  дәм 

татуды ұсынды. Асығыс екенімді, 

тағы  бірде  бас  сұғатынымды 

айттым. «Қызым, осы жұма кел» 

деді  әжей  жылы  дауыспен.  Со­

дан  не  керек,  үйіме  келіп,  зат­

та рымды  жайғастырдым.  Бі­

рақ   көңілімнің  бәрі  басқа  жақта 

тұр.  Әжей  есімнен  шығар  емес. 

Даң ғарадай  үйде  жалғыз  өзі 

ме?  Әлде  балалары  қызметте, 

немерелері  сабақта  ма  деген 

ойда  болдым...  Бірақ  осыншама 

дорбаны жалғыз арқалап,  дүкенді 

қа лай    аралап  жүр?  Азық­түлік 

те   әр  түрінен  ғана  бірен­саран 

алын ған.  Інімнің  сізге  қоңырау 

шалып  жатыр,  жауап  бересіз  бе 

деген  сөзінен  оянып  кетіппін. 

Әлгі  әжей  айтқан  жұма  күні  де 

әп­сәтте  боп  қалғаны  ғой.  Таңғы 

асымыздан  соң  «Әзірет  Сұлтан» 

мешітіне бас сұқтық. Үйдегілерге 

жұмысымның  барын  және  кеш 

қайтатынымды  ескерттім.  Өзім 

аялдамадан  қоғамдық  көлікке 

жайғастым.  Бар  ойым  әжейдің 

үйіне  барып,  өзімен  бетпе­бет 

дидарласып,  отбасымен  танысу 

болды. Әжей тұратын көпқабатты 

үйдің  қоңырауын  басқан  тұста 

«немересі  есік  ашар»  деген  ой­

да  болғаным  жасырын  емес. 

Алай да  арғы  жақтан  әжейдің 

«қы зым,  қазір  ашамын»  деген 

да уы сы  естілді.  Ол  кісінің  жасы 

82­де екен. Өзімнің әжем де ұзақ 

жаса ған еді. Әжем марқұмның тә­

лім­тәрбиесін, үлгі­өнегесін алып 

өстік. Ұршық иіріп, тоқыма тоқуды, 

жүн­түтіп, киіз басуды, көңге нан 

пісіруді, сиыр саууды бала кезден 

үйреткен  едім.  Иә,  айтайын  де­

генім,  бұл  кісі  менің  әжеммен 

аттас  екен.  Әжей ге  де  бауыр 

басып  кет кенімнің  басты  себебі 

осыдан  болды­ау.  Ұзын  шашын 

екіге  өріп,  аппақ  жаулық  таққан. 

Ұзын  қамзол  мен  жібек  матадан 

тігілген  көйлек  киген.  Осылайша 

жүзі шырайлы, жаны жабырқаулы 

кісімен  қайта  дидарластым. 

Орындыққа  жайғаса  бере  «үйде 

ешкім  жоқ  па»­деп  сұрадым. 

Сол­ақ  екен.  Әжейдің  ағыл­

тегіл  әңгімесі  басталып  кетті. 

«Үйде  жалғыз  өзім  тұрамын. 

Отбасын  құрғаннан  кейін  бірша­

ма  жылдар  құрсақ  көтере  ал­

ма дым.  Отағасы  екеуміздің 

көр ме ген  қиындықтарымыз,  қа­

рал маған тәуіп пен қазақы емнің 

түрі  қалмады.  «Құдай  біздің 

маң   да йы мызға  періште  сүюді 

жаз  баған  шығар»  деген  оймен, 

екеу ара  бір  тоқтамға  келіп, 

балалар  үйінен  сәби  асырап  ал­

дық. Құшағымызды айқара ашып, 

бар  жиған­тергенімізді  қо  лына 

ұстаттық.  Жоғары  оқу  ор нын­

да  оқыттық,  сөйтіп  үлкен  ме ке­

меге  қызметкер  болды.  Ол  үй ге 

келмеуді шығарды, әкесіне дөре­

кі леніп,  қарсы  шыға  бастады. 

Бір де  есік  қағылды,  бейтаныс 

есімнен  хат  келді.  Хатта  «Мен 

қайтсем де өз ұлымды қайтарып 

аламын» делінген екен. Содан не 

керек,  отағасы  жұмыстан  кел ген 

уақытты тостым. Ұлымды да үйге 

шақырдым.  Ол  еш  қымтырыл­

мас тан  «мен  өз  ата­анамды,  ба­

уырымды  тап тым.  Сіздермен 

бір ге  тұрғым  келмей ді.  Біздің 

қанымыз бір емес. Сіздерге қалай 

жеткізерімді  біл мей  жүргенмін. 

Әкем  маған  үл кен  мүмкіндік  бе­

ріпті.  Осы  хат  сіздердің  қолда­

рыңызға тиме генде бәлкім қалай 

айтарымды  әлі  де  ойлар  едім. 

Сіздерге  тек  бір  ғана  өтінішім 

бар,  мені  іздемеңіздер»  деді  де, 

жинаулы  тұрған  сөмкесін  алып 

үйден  кетті.  Сол  түні  күйеуімнің 

жү рек  талмасы  ұстап,  өмірден 

оз ды.  Міне,  осы  уақыттан  бері 

жалғыз дықты  жаныма  серік  ет­

тім»,  ­  деді.  Әжейдің  әңгімесінен 

ке йін тілім байланып қалды... 



P.S.  Мектеп  табалдырығын 

аттаған сәттен бастап, «бола-

шақта журналист боламын, ме-

ні  бәрі  танитын  болады  және 

атақ ты  боламын»  деп,  бірінші 

орын ға  мансапты  қоятын  едім. 

Ал  қазір  түсінгенім,  ең  басты-

сы,  отбасын  құру,  жар  құшып, 

бала  сүю  екен.  Одан  асқан  қан-

дай  бақыт  бар?!  Сіз  де  жал ғыз-

дықтың  дәмін  татып  көргі ңіз 

келмесе  балалы  болуға  асығы-

ңыз. Жалғыздық – бір Аллаға ға-

на тән қасиет!

Сара ОМАРОВА

Археологиялық  ескерткіш  немесе  отбасылық  мұра,  қымбат 

металдан  жасалған  тиындар.  Бұлардың  басым  бөлігі  қазір 

коллекциялық  дүниелер  ретінде  ғаламторда  сатылымда  тұр. 

Әр адам өзі тауып алған дүниесін, құнды жәдігер болуы мүмкін 

деген  затты  әжептәуір  ақшаға  бағалап  қойған.  Әрине,  «тапқан 

тапқандікі».  Тіпті  көне  жәдігерлерді  айтпағанда,  кәдімгі  қазақ 

теңгесін  осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  айласын  тапқандар 

электронды  коммерция  арқылы  шетелдіктерге  бірнеше  есе 

қымбат  бағаға  сатты.  10  мың  теңгелікті  300  АҚШ  долларына 

(шамамен  45  мың  теңгеге  –  авт.)  шетелдіктерге  коллекциялық 

бұйым  ретінде  өткізіп  жіберген.  Сондықтан  ғаламтордағы 

сауданың мүмкіндігі мол деп есептейтіндер жетерлік. 

Жалпы, көне бұйымдар, тарихи жәдігерлер музейде сақталу 

керек.  Ол  –  халықтың  мұрасы.  Дегенмен,  бүгінде  тұрғындар 

арасында  табылған  көне  жәдігерлерді  музейге  толық  жинау 

мүмкін  емес.  Өйткені,  әркім  қолындағы  барын  қаражатқа 

пұлдағысы  келеді.  Ал  музей  қызметкерлері  ұсынатын  баға 

тұрғындар көңілінен шыға қоймайды.

Р.S. Қазір музей қорында 60 000-нан астам экспонат бар. Соңғы уақытта қор этногра-

фиялық  бұйымдармен,  археологиялық  экспонаттармен  толығып  жатыр.  Жанкент, 

Шірік  Рабат  жерлерінде  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған  дүниелер  барлығы  музей 

қорын  толықтыруда.  Ал,  этнографиялық  экспонаттар  зергерлердің  қолдан  жасалған 

дүниелерімен көбеюде. Музей жұмысы осылайша жоспар бойынша жүріп жатыр. Ал, құнды 

дүние көрсе қаражатқа айналдырғысы келетіндер ғаламторѕа бас сұғып, әлемдік нарықтағы 

коллекционерлерді аңдуда. Бағыты бір, бірақ көзқарастары қиыспайтын екі бөлек әлем.

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ 

ҚАНШАҒА БАҒАЛАЙСЫЗ?

Осыдан 

бірнеше ай 

бұрын Сырдария 

ауданы, 

Іңкардария 

елді мекенінің 

тұрғындары 

ауыл маңынан 

бірқатар ескі 

тиындарды 

тауып алады. 

Пікірлерінше, 

бұл осыдан 

бірнеше ғасыр 

бұрынғы өмір 

сүрген адамдарға 

тиесілі болуы 

мүмкін, өйткені 

бұл жерде тек 

тиындар ғана 

емес, қыш 

құмыралардың 

сынықтары 

да шашылып 

жатқан көрінеді. 

Халық арасында 

мұндай ескі 

дүниелер көптеп 

кездеседі. Бірі 

атадан мұраға 

мирас болған, 

сирек кездесетін 

қолөнер 

бұйымдары 

болса, ендігісі 

тұрғындардың 

тауып алған 

ескі дүниелері. 

Дегенмен, 

мұндай құнды 

дүниелердің 

барлығы бірдей 

музейлерге 

өткізіле 

бермейді. 

Жаннат Ахметова, 

облыстық тарихи-

өлкетану музейі 

директорының 

орынбасары:

–  Қорды  толықтыру 

мақ са  тында  музейге   экс­

понат  жи нақ талып,  ар хео­

логиялық,  этногра фия лық 

экспедициялар 

жү ре ді. 

Соның  ішінде,  эт но гра­

фиялық 

экспедиция  лар 



арқылы  қаладағы,  ел ді 

мекен  дердегі  тұрғын дар­

дан бұрынғы кезеңдегі ата­

дан  ба ла ға  мұра  болып  

қа латын,  жан ұя лық  ескі 

дү ниелер, шежіре лер, қол­

өнер  бұйымдары  жи нақ ­

талады.  Сондай­ақ,  жыл 

ба сын да  осы  экспонат-

тарды  сатып  алу  үшін  жо-

спар  жасалып,  суб  си дия 

бөлінеді.  Яғни,  экспонат­

тарды толықтыру үшін бюд-

жеттен  қаражат  бөлінеді. 

Музейде қандай құнды дү­

ниелер жетіспейтініне бай-

ланысты жыл басында жо-

спар  жасалады.  Жоспар 

бойынша бюджетке тапсы-

рыс беріп, соған байланыс­

ты қаражат бөлінеді. 

–  Жоспарға  кірмеген, 

аяқ  ас тынан  табылған 

құнды  дү ниелер  болса 

сатып алмайсыздар ма?

– Егер қайталанбас дү­

ние  табылып  жатса,   онда 

тапсы рысқа  қосым ша  то­

лықтыру жұ мыста рын жүр­

гізіп, сатып алу мүм кіндігін 

жасаймыз.  Одан  ке йін, 

жылда  «Музейге  сый»  ак-

циясы  жүреді.  Ол  кезде  

ақпарат  құралдарына  ха­

бар ландыру бе ріп, тұр ғын­

дар  үйінде  қалып  қойған 

дүниелер  болса,  соны 

сақ тап  қалу  үшін  олар дан 

жинаймыз.  Жалпы,  кей ­

бі реулер  өздерінің  тауып  

алған дүниелері болса  му­

зейге  өткізіп  жатады.  Бұ­

рын дары  ондай  жағдай 

көп  болатын.  Қазір  көбісі 

сату  мақсатында  келеді. 

Оның  керемет  құндылығы 

болса, іріктеу жүріп, сатып 

алу  комиссиясы  құрылып, 

заңдылығымен сатып ала-

мыз. Мәселен, ескі заттар, 

шежірелер,  қайталанбас, 

баспадан енді қайтып шық­

пайтын оқулықтар, зергер­

лердің  қолы нан  шыққан 

дүниелерді  алуға  болады. 

Сондай­ақ,  заттарды  са­

тып  аларда  оның  қай  уа­

қытқа  дейін  жарайтыны-

на  мән  береміз.  Сақтауға 

тұра  ма,  тұрмай  ма  соған 

көз жеткіземіз. Кейін ол бұ­

зылып  немесе  шіріп  ке тіп 

жатса, оны біз музей қоры­

на ала алмаймыз.



–  Соңғы  уақытта  тұр-

ғын дар дан  көне  заттар-

ды қаншаға сатып алды-

ңыздар?

–  Оны  біз  айта  алмай-

мыз.

– Кейбір адамдардың 

му зей  ұсынатын  бағаға 

көңілі  тол май,  ғаламтор 

арқылы  са ты лым ға  шы-

ға рып жатады.

–  Тұрғындардың  көбі 

та  уып   алған  затын  кере-

мет  дү ние  екен  деп  ой-

лап  келеді.  Олай  бол май­

ды.  Бізде  заттың  құ нын 

бағалайтын  комиссия  бар. 

Му зейлік құндылығын баға ­

лай ды. Комиссияда тек му-

зей  қыз мет кер ле рі  ғана 

емес,  мәде ниет  бас қар­

масынан,  оқу  орын да рын­

да  қыз мет  ететін  ар на йы 

мамандар  болады.   Екін ші 

жағынан,  музей  бюд жеттік 

мекеме  болған дықтан,  өте 

қымбат  бағаға  көп  зат-

тарды  ала  алмаймыз.   Ал 

ғаламтор  әлемдік  нарық, 

он да 


қымбат 

бағаны 


көрсетіп,  са ту ға  бола-

ды.  Бірақ  музей  арнайы 

сайттарды  ашып,  ондағы 

дүние лерді  сатып  алмай-

ды.

БІРІМІЗ 


ЖАНЫМЫЗҒА 

ЖАҚЫН 


ЖАНДАРДЫҢ 

ҚАСЫНДА 


БАҚЫТТЫМЫЗ. 

ӨМІРДІҢ МӘН­

МАҒЫНАСЫН 

СЕЗІНЕМІЗ. 

АЛ БІРІМІЗДІҢ 

ЖАН ДҮНИЕМІЗ 

ЖАЛҒЫЗ. БАУЫР ЕТІ 

БАЛАМЫЗ, ТУҒАН­

ТУЫС, АҒАЙЫННЫҢ 

ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ 

БӨЛЕК БІР ӘЛЕМДЕ ӨМІР 

СҮРУДЕМІЗ. «ПЕНДЕНІҢ 

ПЕШЕНЕСІНЕ ӘР ҚИЛЫ 

ТАҒДЫР ЖАЗЫЛҒАН» 

ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР. 

ОЛАЙ ДЕЙТІНІМ, 

ӨЗІМНІҢ ЖАНЫМДЫ 

ЖАБЫРҚАТҚАН МЫНА 

КӨРІНІС...

Ә

жейдің әңгімесі немесе қыз мұраты не



?

№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет