Айгүл ӘЛІШЕР
ЗАҢ ЖӘНЕ БІЗ
Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Ертеде қоғамдағы ауыр қылмыстардың алдын
алу мақсатында пайдаланған. Дүниежүзінде өлім жазасын жоюға және оның қолдану аясын тарылтуға
шешуші қадамдар жасалуда. Бұл жаза түрі әлемнің 130 елінде жойылған. Қытай, Иран, Пәкістан, Сауд
Арабиясы және АҚШ елдеріде қолданады. Кей елдерде заң түрінде болғанымен, тәжірибеде мүлде
қолданылмайды. Дегенмен өлім жазасы 68 мемлекетте қолданылуда. Өлім жазасын көп қолданып
жүргендер қатарына Иран – 360, Сауд Аравиясы – 82, Ирак – 68, АҚШ – 43 адамды ауыр жазалаған. Елімізде
2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған. 2009 жылы 10 шілдеде қабылданған заң
бойынша ату жазасын қолдануға болатын қылмыстардың саны 8-ге дейін қысқартылған. Өлім жаза-
сы әйелдерге, сондай-ақ, 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте 65
жасқа толған ер-азаматтарға тағайындалмайды.
Өлім жазасы:
қай елде қандай ұстаным бар?
ДІНИ АҚПАРАТҚА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Биыл Қызылордада
діни әдебиеттерді заң-
сыз таратқан 2 адам
әкімшілік жауапқа тар-
тылды. Олардың әрқай-
сысы 20 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде,
яғни 100 мың теңгеге
жуық айыппұл төледі.
Жыл басында прокуратура органдарымен «Заңға тағ
зым» акциясы аясында, аймақ тұрғындарының құқықтық
және діни сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме
жұмыстарының кеңінен жүргізілуі құқықбұзушылықтың ай
тар лықтай төмендеуіне ықпал етті. Дегенмен, прокуратура
органдары діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуда заңмен
белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін тағы да еске салады.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына
сәйкес, діни әдебиеттерді үш жерде таратуға жол беріледі.
Бірінші, ғибадат үйлерінде, яғни, Құдайға құлшылық ету,
діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар өткізуге
арналған орын. Екінші, діни білім беру ұйымдарында.
Қызылорда облысында аталған ұйым жоқ. Үшіншіден,
жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты
үйжайлары. Қызылорда облыстық әкімдігінің 2012 жылғы
қаулысымен 2 орынжай діни әдебиеттерді таратуға бекі
тілген. Олар Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесіндегі №10
үйде орналасқан «Жамағат» дүкені және Тоқмағанбетов
көшесі, №2 үйде орналасқан «Жанұя» дүкені. Басқа орын
дарда діни әдебиеттерді, өзге де діни мазмұндағы ақпа
раттық материалдарды, діни бағыттағы бұйымдарды тара
туға жол берілмейді.
ӘДІЛЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӨЛ
МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ
Жұмада Әділет ор-
гандары қызметкерлері
кәсіби мерекелерін
атап өтті. Ә.Тәжібаев
атын дағы облыстық
ор та лықтандырылған
кі тапха насының мәжіліс
залында әділет қызмет-
керлеріне арналған сал-
танатты шара ұйымдас-
ты рыл ды.
Қ.Сапарав, Қызылорда облысының әділет департамен
тінің басшысы:
«Бұл мереке Ата заңның мәртебесі үшін қызмет етіп,
сөзімен де, ісімен де әділдіктің ақ туын жоғары ұстап,
конституциялық мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ететін
әділетті қауымдастықтың барлық өкілдерін біріктіреді. Өз та-
рихында Әділет органдары мемлекеттің нығаюы мен даму-
ына, заңнаманың жетілуіне, әділет ұстанымын биіктетуге
әрдайым белсенді үлесін қосып келеді», деді. Шара бары-
сында Т.Боранбаев «Еңбек ардагері» медалімен, Байқоңыр
қаласы аумақтық филиалының аға сот орындаушысы
Ж.Кенжебайқызы «Әділет органының үздігі» төсбелгісімен
мара патталды. Сондайақ, Әділет органдарының бірқатар
қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.
ПОЛИЦИЯ ПАРА АЛҒАНЫ
ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қазалы аудандық
сотында
жемқорлық
санатындағы
қылмысты жасаған
сотталушыларға
қатысты
қылмыс тық іс
қаралды.
Сотталушылар Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің
әкім шілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобының
инспекторы болып қызмет атқарып жүріп, арызданушыға
қарсы толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хат-
таманы жойып, жүргізуші куәлігін қайтарып беру үшін аза-
маттан 150 000 теңге пара алған. Сот отырысында сотталу-
шылар өз әрекеттерін мойындамағанымен, оларға тағылған
айып, куәлардың жауаптары және іс бойынша жинақталған
құжаттармен қылмыстары дәлелденді. Сот үкімімен сотта-
лушылар ҚР ҚКнің 366бабының 3бөлігінің 2тармағымен
кінәлі деп танылып, жеке мүліктері тәркіленіп, құқық қорғау
органдарында қызмет атқару құқынан өмір бойына ай-
ыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды. Сондайақ, олар Ішкі істер органының по-
лиция аға лейтенанты шенінен және полиция капитаны
шенінен айырылды.
ДЕТЕКТИВ
немесе
№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Жастанып алып ала жастықты,
Қарасам мені қара басыпты,
Болғасын құрбан нәпсіге еріп
Шайтаным келіп араласыпты.
Басымды ұрмай сәждеге иіп,
Жартасқа соқтым нәпсіні сүйіп,
Таң намазына тұрмай да жүрдім
Құлшылық үшін ұйқымды қиып.
Біраздан бері қалам да алмадым,
Азғырған сезім санамды алдадың.
Бұлыңғыр тартып өтсе де күнім
Ойланып бір сәт алаңдамадым.
Тозақтан қорқып жыламағалы,
Тәңірден тілек сұрамағалы,
Бірталай айдың жүзі болыпты
Шумақтап өлең құрамағалы.
Жамалып жатыр күнәға күнәм,
Соңында өзім кінәлі болам,
Өзіме емес, тағдырға налып
Өзімнен өзім жылаған болам.
Еңсемді басты ауыр мұң еніп,
Тәңірге сосын жалындым келіп,
Егіліп отыр жаралы құлың
Жаншимын дейді нәпсіні жеңіп.
Мейірімі шексіз Жаратқаныма,
Құбылаға мені қаратқанына,
Шүкірлік етіп тәубеге келдім
Мұсылман етіп жаратқанына.
Ұяттан жерге кірердей қызың,
Өшірсем дейді күнәлар ізін,
Тәубеге келіп құлдық ұрады
Құбылаға қайта қаратып жүзін.
АЗАТТЫҚ
Тарихымның толқынына бойласам,
Елестейді қазағымның өткені,
Айып па? Әлем қызығардай тойласам,
Сен сыйладың осы күнді өйткені.
Сенің асқақ айбатыңа тәнтімін,
Көк бөрінің қайсарлығы жүзіңде,
Жұмақ маған сенде өткен әр күнім
Көк түріктің жұрнағы бар ізімде.
Күлтегін мен Тоныкөктің ерлігі,
Өшпестейін ел есінде жатталған,
Даласы мен көңілінің кеңдігі
Сол дәуірден осы күнге сақталған.
Тоныкөктің сол кездегі арманы
Мәңгілік ел жасау еді түркімен,
Еңсе тіктер ел басының жолдауы,
Сол арманды орындады жұртымен.
Керей менен Жәнібек хан бастауы,
Алты алаштың басын қосып бір туға,
Қазағымның ашық бүгін аспаны
Талай жауы асықса да құртуға.
Қоқандыққа күң қылмадың гүліңді,
Қара бұлттан сәуле шашып күн шығар,
Орыстарға құл қылмадың ұлыңды,
Арыстар бар қазағымда бір туар.
Кене ханмен жауға қолды бастадық,
«Абылайлап» ұран тастап ортаға,
Қайсарлықтың туын қолға ұстадық
Ұлттың жүгін артып алып арқаға.
Әлихандар болу үшін жұрт аман,
Зор мақсатпен құрды «Алаш ордасын»
Азаттықты жақындатты бір табан
Кеуделерін тесіп өтті қорғасын.
Желтоқсанда құрбан болған жастарым,
Алыстыңдар сақтау үшін елдікті,
Боданына айналмадық басқаның
Сенің арқаң Құдай берді теңдікті.
Мың тәубемен шүкіршілік етемін,
Жаратқанның рахымына жүрекпен,
Бабаларға тағзым етіп өтемін
Қазақ атын алып шыққан түнектен.
МҰҢЛЫ СЫР
Құлағыма естіліп үн дабыра,
Бір адамды жолатпастан маңыма,
Сыпсың үнмен сыбырлайды бір сайтан
«Сұлулығың» қалсыншы деп адыра.
Жүрегім де тыяр емес жылауын,
Кірпігіме жабысып тұр қырау мұң,
Ұнамасаң өзің сүйген бір жанға
Қажеті жоқ басқаларға ұнаудың.
Келемеждеп жымыңдайды жырым да,
Сенім анау қауқары жоқ мұның да,
Иесіне оқылмаса бір жырың
Керек емес көп алдына шығу да.
Арманым да айналғандай құр буға,
Сыр шағудан жалығамын құрбыма,
Қолдарым да жазып алып бір өлең
Сосын оны жібереді құрдымға.
Үзілгендей күдер жібі үміт дүр,
Сезімім де жеңілгенін біліп тұр
Үстемдігін орнатқандай күдігім
Қуаныштан миығынан күліп тұр.
Ойларым да өздігімнен абдырап,
Шатасқандай, от басқандай қалжырап,
Бір жүрекке жетпей жатса жылуың
Мың жүректі жылытам деу сандырақ!
ТӘУБЕГЕ КЕЛУ
Маған кітап
сыйлаңдаршы, жігіттер
Жаныштап жүрегімді кешегі ой,
Келсеңіз барлығын да кешемін ғой,
Бір үміт жылт еткенін күтіп жүрмін
Өтпейтін пышақ та қол кеседі ғой.
Тағы да түсіме енген сіз екен ғой,
Мен әлі көктем десем, күз екен ғой,
Қалсаңыз тым болмаса түсімде егер
Ұйқымды ояу жатып күзетем ғой.
Бақытсыз ол ма десем, біз екен ғой,
Шекер деп, шайға салсам тұз екен ғой,
Сезімнің соңы осы деп нүкте қойып,
Қайтадан үтір етіп түзетем ғой.
Өмірім тайғанақтар мұз екен ғой,
Сіздегі көздер маған құз екен ғой
Жантайып жата кетсем кеудеңізге
Жылуы жоқ жауратқан сыз екен ғой.
СІЗ ЖӘНЕ КҮЗ
МҰХАТ ПЕРИЗАТ РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ –
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
2-КУРС СТУДЕНТІ. «АУЫЛЫМ АЛТЫН
БЕСІГІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР
МҮШАЙРАСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ, «АСТАНА
– АРМАН ҚАЛА» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ
МҮШАЙРАНЫҢ БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ.
КӨБІНЕ ЛИРИКАЛЫҚ БАҒЫТТА
ҚАЛАМ ТЕРБЕЙДІ.
Гүлдің исі жұпар дейді жұрт осы,
Сезім үшін гүлден асқан не керек?
Парақтары барқыт раушан күлтесі
Өзім үшін кітап иісі керемет.
Гүл алғанда қуанады қолдарым,
Кітап ашсам нұрланады көздерім,
Мүмкін емес көрген сәтте солғанын
Жабырқаған көздің жасын сезбеуің.
Кітап деген – өзге адамдар, өзге әлем,
Сағатыңды сырғытатын өткенге,
Мазмұнынан мұң мен сырын қозғап ем
Күз секілді тоңа салдым көктемде.
Көлік болса, замандардың арасын,
Армансыз бір аралайтын мініп ап,
Таза ауасын, бақылайтын даласын
Жаңбыр асты қолшатырмен тұрып ап.
Қиял жүйрік, жетелейді ойды да,
Өмірімнің кешіп бақыт аралын,
Кітабымды қысып алып қойныма
Дәуірлерден дәуір көшіп барамын.
Көңіліме көктем келіп орныққан,
Пәк жүрегім мың арманнан үміткер,
Сезіп жүрмін, өзім гүлмін сондықтан
Маған кітап сыйлаңдаршы, жігіттер!!!
КІТАП
Алғашқы махаббат адамның
мінез-құлқын, ойын, өмірге
деген көзқарасын өзгертеді. Өзің
ғашық болған жаннан өзгені көрмейсің.
Сөзбен жеткізе алмайтындай ерекше
сезімді бастан кешіресің. Болашағыңды
сонымен елестетіп, бақыттың құшағында
тербелесің. Ал алғашқы махаббаттың мұңы
қосылса, жағдайдың одан әрмен қиындап
кетуі ғажап емес. Күрмеу жіп секілді
тарқатуға тырысқан сайын шиеленісе
береді. Алғашқы махаббат – сөзбен
жеткізе алмайтын тек қана көзбен
көріп, ішпен білетін ерекше сезім. Бұл
сезімнің шекарасы жоқ, бұл –
аспанда қалықтаған бақыт
және күтпеген жерден
құлау.
№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
Ақниет ЖАРҚЫНБЕК
Сафура Нұрланқызы,
косметолог:
– Косметолог-дәрігерлер мен
пластикалық хирургтер көмегіне
жүгінетіндер қатарында ең ал-
дымен өнер адамдары, қоғамға
танымал тұлғалар және бизнес
әлеміндегі кәсіпкерлер болатын.
Бұл көрсеткіш жаңарып, бүгінде
екінің бірі пластикалық операцияға
жүгінуде. Жасы 20-дан асқан бой-
жеткендер де келіп жатады.
Таң да нысымды
жасыр маймын.
Ке ңе сімді де айтамын. Райынан
қай таруға тыры самын. Дегенмен
нәтиже бер мейді – айтқанынан
қайтпай тұ рып алады. Сұлулық
адамға не істетпейді деп ойлай-
мын. Қазір сұранысқа ие қызмет
қатарына көздің астындағы әжім-
дерді тарту, мұрын мен көз ді
қалыпқа келтіру, беттегі әжім-
дерді сылып, құлақ маңындағы
көрінбейтін жерге жинап тастау
болып отыр. Мұндай ота көздің
көру қабілетіне әсер етпейді,
өйткені тері асты етімен бірге
қосылып тігіледі. Бұлардың баға-
сының бәрі медициналық мекеме
мен пациент арасындағы келісім
негізінде төленеді.
Ғалымдардың зерттеуі бойын-
ша ұзын кірпік көз ауруына, сондай
ақ уақыт өте келе соқырлыққа ұла
сатынын дәлелдеген. Жасанды
кір пік көзге желім арқылы жапсы-
рылады. Бұл көзге ауа жібермейді,
сонымен қатар көзде түрлі індеттің
пайда болуына ықпал етеді. Әсі
ресе, аллергия, коньюктивит ау-
руына сонымен қоса, көздің тор-
лы қабағын ауруға ұшыратады.
Қасқа татуаж жасатудың да
өзіндік зардаптары жетерлік. Та-
туаж органикалық бояудың теріге
егілуі арқылы жүзеге асырылады.
Ғалымдар бұл бояудың аллер-
гия тудыратынын, ағзадағы гер-
пес вирусының оянуына ықпал
ететінін айтады. Сондайақ ми
қыртысы, жүйке жүйесінің дамуын
тежейді екен. Қазір операцияның
бұл түрімен айналысатын отандық
клиникалардың нақты саны белгі
сіз. Бірақ олардың қызметіне жүгі
ну шілердің саны басым.
Елімізде ең арзан пластикалық
операция ерінге жасалады. Ол 35
мың теңгеден басталады. Одан
кейін көз үлкейту 70 мың теңге
ден асады. Мұрын өзгерту 150
мың теңгенің айналасы. Бұл – жа-
сан ды сұлулық үшін пышаққа түсе
тіндердің қалтасы қалың болу ке-
рек деген сөз. Сондайақ, адамның
ден саулық жағдайы да операция
ны көтере алатындай болу ке-
рек. Өйткені ағзада гормоналдық
ауыт қулар болуы мүмкін. Жасанды
сұлулық ешқашан табиғи сұлу лық
қа тең келмейді.
Міне, менің де алғашқы махабба-
тым мектеп қабырғасында басталды. Бір
қызығы, екеуміз бір сыныпта, бір партада
отыратынбыз. Оның әңгімесін естігенде,
оған тіке қарағанда бақыттан басым ай-
налатын. Күнде сабақтан шыққан соң
үйге дейін жеткізіп салады. Азанда ау-
лада тосып тұрады. Бірге ойнап, бірге
қыдыратынбыз. Кештерде бірге билеп,
жұлдыздарға қарап таңды бірге атыра-
тын едік. Сезімімізді бір жапырақ қағазға
жазып, сәлемдеме жолдайтынбыз.
Қазіргідей қалта телефон, смс, әлеуметтік
желі деген жоқ. Шынайы махаббат, шы-
найы сезім, шынайы сыйластық, шынайы
өмір. Ол үлгілі отбасынан шыққан, анасы
– мектепте ұстаз, әкесі білікті – дәрігер.
Оның сабаққа ынтасы да жоғары еді.
Бірге жоғары оқу орнына түсу, өзге қалаға
саяхат жасау, бақытты ғұмыр кешу біздің
арманымыз болды. Тіпті сәбилеріміздің
есімдерін де жоспарладық. Алайда бәрі
бәрі жай қиялмен ғана шектелген екен.
Екеуміздің бірге болуымыз орындалмас
арман екен. Ол үшін өзімді де, өзгені де
кінәламаймын. Мен үшін бірге болу емес,
оның бақытты өмір сүруі маңызды.
Біреулер балалық, пәк аңғал кезін
есіне алып жымиса, біреулер үнсіз
ғана сол бір шаққа оймен саяхат жа-
сайды, ал енді біреулер жүрек, шіркін,
қақ жарылғандай, әлде сағыныштан ба
әлде өкініштен бе терең бір күрсінеді.
Ал мен махаббатымды есіме алсам
соңғы күйге түсемін. Бір сәт жабырқаулы
көңілімді беймәлім мұң торлайды. Ол
мені қаншалықты ренжітсе де әлі күнге
дейін оған деген жүрек түкпіріндегі
сезімді өшіруге әлім келмейді. Ұмыта ал-
мау, шын сүю, сүйікті жар атану – бұның
өзі үлкен бақытпен парапар. Сезім
барлық адамның жүрегінен ертелікеш
орын алып, біріне қайғы, біріне қуаныш
сыйлайды. Менің өміріме де үлкен
қуаныш сыйлады. Махаббатыңның
жаныңнан табылғаны ғана емес, оның
сен тыныстаған ауамен тыныстағаны
маңызды екен. Мен соны түсіндім.
2016-2017:
КҮЗ-ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ
АРНАЛҒАН СӘН ҮЛГІЛЕРІ
Адам ақпараттың жартысынан көбін
көзбен көру арқылы алады. Көзіне іліккен
түстер көңіл-күйіне әсер етеді. Киім түсі де
сондай маңызды рөл атқарады. Адамдар киім
дүкеніне барғанда бірі өзіне ұнаған түске жалт
бұрылса, енді бірі сол сәттегі сәннің түсіне
баса назар аударады.
Солғын шөп түсі не зәйтүн түсі. Жаздың
аяқ тал ғанынан хабар беретін бұл түс осы күздің
басты сәні.
Шатыраш (шалфей) түсі. Салқындық пен ба
йып тылық танытатын бұл түс қарапайым ды лы
ғымен де ерекшеленеді. Сондықтан киімнің тігісі
мен үлгісіне көбірек назар аудартады.
Теңіз дауылы. Дауыл тұрып, жаңбыр жауған
кездегі теңіздің көкшілсұрғылтым түсі кербездік
пен байсалдылықты бейнелейді. Классикалық
және салтанатты стильдегі киімдер осы түсте
таңдалса өте керемет үйлеседі.
Сары емен. Күзгі күн түсінен айырмашылығы
– жылулық бергенімен, жарқыраған ашық түс
емес. Әйтсе де, көптеген адамға көтеріңкі көңіл
күй сыйлай алады.
Марсала. Қызыл шарап түстес бұл рең салмақ
тылық пен тұрақтылықты бедерлейді. Қара түс
пен немесе қою түстермен сәйкестендіріп кисе,
тым тартымды көрінбек.
Ақпарат көздерінен
АҒАРТУШЫ
АВТОБУС
Әдетімше сабағыма бара жатып, №15
қоғамдық көлікке міндім. Таңертең халық
көп болатын шығар дегенмін, олай бол-
мады. Уақыт өткізу үшін ілініп тұрған жар-
нама, хабарландыруларды оқып тұратын
едім. Бұл жолы да солай жасамақ ниетпен
автобус ішіндегі парақтарға үңілсем, жар-
намадан гөрі жақсы нәрселерге көзім түсті.
Автобус иелері жалтыраған жарнама емес,
төрт бұрышына әдемілеп ағартушылардың
ғылымбілім жайлы сөздерін іліп қойыпты.
А.Жұбанов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
Ы.Алтынсарин аталарымыздың халықты,
жастарды ғылымбілімге шақырған, жа
рыққа жетелейтін сөздерін көргенімде ал
ға шында таңырқап қалғаным рас. Анығына
келгенде, автобус иесінің жасап жүргені
– үлкен іс. Себебі, қаламыздағы үлкенүл
кен жарнама тақтайшаларына қызылды
жасылды қылып, ағартушылық бағыттағы
сөздерді іледі. Телефонға телмірген заман-
да айналасына бұрылып қарауға уақыты
жоқ жастар сол тақтайшаның қасына
кідіріп, оқып тұрады деймісіз? Жоқ, әрине!
Сол жастар қоғамдық көлікке мінді делік,
баруы керек жерге жеткенше бір орында
тұратыны анық емес пе? Айналасындағы
әлгіндей сөздерді ұғынып оқыса, көңіл
түкпіріне бір нәрсе ұялайтыны рас. Сон
дық тан қаншама ақша шығарып, нақыл
сөз дерді көшеге оңдысолды іле бергенше,
қоғамдық көлікке ілгеніміз әрі пайдалырақ,
әрі шығыны да аз болатын секілді. Бұл жай
ғана өз ойым. Автобус иесіне іштей алғыс
айттым. Көлік иесі «жастар жанашыры» де-
ген атқа әбден лайықты емес пе?
Сұлтанбейбарыс БАҚЫТБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті
Қызға әсемдік жарасады қашанда. Қазақ қашанда қызын гүлге теңеп, әсемдік пен сұлулықтың, ақылдылық
пен тәрбиеліліктің ғажап бейнесіне теңеген. Бірақ қазір гүлге теңеген қыздарымыз түрлене бастағандай.
Сұлулықты жасандылықпен ауыстырып алған ба деп те ойлайсың. Кейде көшеден көрген қыздарымыздың
ажарына қарап жас шамасын анықтай алмай қаламыз. Қайқайған, қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз
болса да армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды кірпік жалғап беретін әсемдік са-
лондары жетерлік. Табиғи сұлулыққа қанағаттанбай «make-up» арқылы өздерінің жасанды бет-бейнесін жа-
сап алудан қорықпайтындар көп. Олардың басты мақсаты әсем, әдемі көріну. Дегенмен сұлулықпен өмір
шектелмейді. Бірінші байлық денсаулық екенін естен шығармаған жөн. Әсіресе, қазіргі уақытта жасанды
кірпік, қас, ерін тіпті, шашты да иелену қиын емес. «Судың да сұрауы бар» дегендей, оның салдары қандай
болатынын өзі сезінбей ешкім ойланбасы анық.
ӘДЕМІЛІКТІ САТЫП
АЛУҒА БОЛАДЫ, БІРАҚ...
ҚЫЗ КҮНДЕЛІГІНЕН
Махаббатым жүрегімде
№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Ғани Мұратбаев атындағы
орталық стадионның көкмайса
алаңында «Қайсар» үшін
кезекті қарсылас «Мақтаарал»
еді. Бірінші кездесуде
яғни, Жетісайда Әбілдаев
шәкірттері жарап, жауапсыз
үш гол салып, «Мақтааралды»
қапы қалдырған. Бұл ойында
да алаң иелері жеңіске оңай
жетеміз деп, қарсыластарын
бағаламай шықса керек.
Негізінде қонақтар соңғы
ойында азулы «Алтай-
мен» аянбай арпалысып, үш
ұпайды қоржынға басқаны
белгілі. Бірінші кезең басталы-
сымен Шайзидин бапкерден
тәлім алатын жігіттер бірден
шабуылға ден қойды. Әсіресе,
Задорожный мен Алекпер-
заде жұбы алаң иелерінің
қорғаушыларын әбігерге сал-
ды. Бірінші кезеңнің бел ауған
шағына дейін төрешінің шыр
еткен ысқырығы естілмеді.
Демек алмакезек шабуылдың
орын алғаны. Айта кетейік,
бірінші кезеңде екі жақта бір
бір голдан салған. Қапталдағы
төрешінің ойынға араласуы-
мен бұл голдар есепке алын-
бады.
Ойынның екінші бөлігі бас
талмастан қос команданың
бапкерлері көңілден шықпаған
шәкірттерін алмастыруға бел
буды. Енді матчқа тоқталсақ.
Алдымен алаң иелері
белсендірек бастады. Сол
қапталдан Сергей Кейлердің
айып алаңына асырған до-
бын шабуылшы Храмцов
бас пен бағыттап көрген. Бұл
сәтте Кувшинов сәтті қорғана
білді. Ойынға бел ортадан
қосылған Арман Нүсіптің де
тамаша мүмкіндігі болған.
Қақпаға бағыттаған соққысы
қорғаушыларға тиіп, кері
серпілді. Қонақтардың да есеп
ашатын сәті екінші кезеңде
санаулы болды. Соның бірі
Аллашүкіров қақпашымен
жеке дара шығып, керемет
мүмкіндікті уысынан шығарып
алды. Матчтың бітер шағында
Нұржарық Күнов 34 ойыншы-
дан сытылып, айып алаңына
кірген сәтінде Қанат Има-
нов ойын тәртібін бұзып, бас
төреші Омаров 11 метрлік
айып добын белгіледі. Бұл
жолы Храмцов сәтті орын-
дап есеп ашты. Осылайша 10
есебімен «Қайсар» жеңіске
жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |