Арман Нүсіп, «Қайсардың»
жартылай қорғаушысы:
– Бүгінгі ойын өте қиын
болды. Жеңіске әзер жеттік.
Дегенмен алаңда тек
жеңіске жету үшін ойнадық.
«Мақтаарал» – біздің негізгі
қарсыластарымыздың
бірі. Өзімізді жақсы тұстан
көрсетіп, біріншіліктің есігін
қатты жапқымыз келеді.
Жеңуге деген құштарымыз
мол болды. Өкінішке қарай,
кейбір сәттерде сәттілік
жетіспей жатты. Негізінде
бүгін ойымыз жүзеге аспа-
ды, бірақ бұл – футбол, мұнда
бәрі де болуы мүмкін.
Ойбек Балтабаев,
«Мақтаарал» командасының
ойыншысы:
– Біздің команданың
құрылғанына не бары 3
жыл болса да, біріншілікте
жақсы ойын өрнегін көрсетіп
келеміз. Бұл әрине бапкеріміз
Шайзидин Кенжебаевтің
ерен еңбегінің арқасы деп
білемін. Ал, бүгінгі кездесуде
қарсыласымыз «Қайсарды»
жеңісімен құттықтаймын.
Біздегі басты мақсат алаңда
жақсы ойын өрнегін көрсету
болған. Біз өз міндетімізді
толығымен орындадық деп
ойлаймыз.
Қызылорданың екінші ко-
мандасы «Байқоңыр» түзде
шымкенттік «Қыран» коман-
дасымен жол түйістіріп, 10
есебімен жеңіске жетті. Бұл
кездесуде Дастан Дүйсенбаев
мергендігін байқатты. Қанат
Шерімбетов баптайтын
«Байқоңыр» командасы соңғы
екі ойында жеңіске жетіп,
турнирлік кестеде бір саты
жоғарылады.
24 тур аясындағы
өзге ойындар нәтижесі
төмендегідей:
«ҚызылЖар СК» (Петро-
павл) – «Екібастұз» 4:2 (2:0)
Голдар: Аверченко 17ми-
нутта (1:0), Струков 36ми-
нутта (2:0), Джамаришви-
ли 50 минутта (2:1), Стру-
ков 51минутта (3:1), Ступич
89минутта (4:1), Жарынбетов
90+1минутта (4:2).
«Алтай» (ШҚО) – «Каспий»
(Ақтау) 5:0 (3:0)
Голдар: Шафф 7минутта,
Нұрғалиев 13минутта, Ума-
шев 39минутта, Шакин 57ми-
нутта, Шафф 90+1минутта.
«ШахтерБолат» (Теміртау)
– «Бәйтерек» (Астана) 1:1
(0:0)
Голдар: Мұқанов 50минут-
та (0:1), Васильев 71минут-
та (1:1).
Бетті дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК
АНЫҚТАМА:
Филипп ЭДЕЙПО – 2011-2013 жылдары «Қайсар» командасының намысын
қорғап, Сыр жанкүйерлерінің ықыласына бөленген аяқдоп шебері
– Филипп, жағдайың қалай?
– Рақмет! Жағдайым жаман емес.
– «Қайсардың» құрамында екі жылдай ойын көрсеттіңіз. Сол тұста
біздің қалаға бауыр басып қалғаныңыз байқалды. Қызылордалық
жанкүйерлермен әлі күнге дейін байланысып тұрасыз ба?
– Әрине, Қызылордаға деген сағынышымды айтып жеткізе алмаймын.
Уақыт өте келе ұмыт болар деп ойлаушы едім. Керісінше, сағынышым үдеп
барады. Жалпы, Қызылорда – өмірімдегі ең ғажайып қаланың бірі. Өйткені
мұнда тұрақтап қалуға мүмкіндік мол. Қала халқы қонақжай әрі бейтаныс
адам деп жатсынбайды. Әлбетте, жанкүйерлермен әлі күнге дейін
әлеуметтік желі арқылы байланысып тұрамын. Тіпті, кейбір жанкүйерлер
достарыма айналған.
– «Қайсардан» кейін қандай клубтардың жейдесін кидіңіз?
– 2013 жылы «Қайсардың» сапынан кеткесін туған жерге, яғни, Нигерияға оралуға
мәжбүр болдым. Онда «Нигерия» деп аталатын клубпен бір жылдық келісімшартқа қол
қойып, туған жердің намысын қорғадым. Бірақ, бір өкініштісі, біздің елдегі чемпионатта
қаржы тапшылығы көп. Сондықтан ойыншылар мұнда тұрақсыз.
– Қазір қай команданың сапында жүргеніңізді білгіміз келеді.
– Вьетнам мемлекетінде «Яданарбон» сапында доп теуіп жүрмін. Бұл елде тұрақтағаныма
екі жыл. Қазір чемпионат аяқталып, командалар демалу үстінде. Өкініштісі, бұл елде
қылмыстық оқиғалар көп болады. Мұнда басқа елден келген адамдарға өмір сүру
қауіпті.
– «Қайсарға» қайта оралу ойыңызда жоқ па?
Менің қазір бірақ арманым бар. Ол қандай арман дейсіз ғой? Әрине, Сыр
өңіріне қайта оралу. Негізі шалғайда болсам да «Қайсардың» ойындарын
желі арқылы жіті бақылап жүремін. Команданың биылғы қадамы жаман
емес. Келесі маусымда премьер лигада ойнайтыны сөзсіз. Сондықтан
осы командадан шақырту болса, барымды салып шеберлік көрсетуге
тырысамын.
Монреальда
мә нерлеп
сырға нау дан өт кен Autumn
Classik In ternational Skate
Ca na da халықаралық тур -
нирінде жерлесіміз Элизабет
Тұрсынбаева қо ла жүлдегер
атанды.
Халықаралық
турнирге
әлем нің 13 елінен 18 мә нер леп
сырғанаушы бақ сы наған
жерлесімізге жүл денің
оңай келмегені анық.
Сарапшылардың ай
туынша, бұл дода
да алты спортшы
ең жо ғары нәтиже
көр сет кен: Мираи
Нагасу
(АҚШ),
На Хен Ким (Ко
рея), Ри ка Хонго
(Жапония), Ма
ри ко Кихара (Жа
пония), Ален Шартран
(Кана да) және біздің Эли
за бет. Жарыс қорытын
ды сында бірінші орын
ды 2008 жылғы АҚШ
чем пионы, төрт құрлық
чем пио натының күміс
жә не қола жүлдегері
Ми раи Нагасу, екінші
орынды 2016 жылғы
Канада чемпионы 20
жастағы Ален Шар
тран еншіледі.
Ел
біріншілігінің
24 тур аясын-
да қасқыр тектес
«Қайсар» Жетісайдың
«Мақтааралын» өз
алаңында қабылдады.
Жан беріп, жан алысқан
айқаста бір ғана гол
ойын тағдырын
шешті.
Филип Эдейпо, футболшы:
ҚЫЗЫЛОРДА – ӨМІРІМДЕГІ ЕҢ ҒАЖАЙЫП ҚАЛА
№ 40 (162) 6 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Газет Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат
жә не мұрағат комитетінде тіркеуге алынып,
№13844Г куәлігі 26.08.2013 жылы берілген.
«Ақмешіт жастары» облыстық газеті
ҚР СТ ИСО 90012009 «Сапа менеджментi
жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
Меншік иесі: «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БАС ДИРЕКТОР
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 700036
Редакция тел.: 400671
БАС РЕДАКТОР
Айжан АБДУЛЛАЕВА
Газет әр аптаның бейсенбі күні шығады. Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жарияланымдар
газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып,
«Сыр медиа» ЖШС баспаханасында басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Индекс: 65425
Редакцияның мекенжайы: 120018
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4
aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru
Таралымы: 9533
Тапсырыс № 1190
Кезекші редакторлар:
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
БАЙҚАУҒА
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ереже
Тәуелсіздік күніне арналған жас журна лис тер
арасын дағы байқау (бұ дан әрі – Байқау) Қызылорда
об лы сы ның ішкі саясат басқармасы, «Ақмешіт
жас тары» газеті жә не «Жас журналистер клубы»
қоғамдық бір лестігінің ұйымдас тыруымен өткі зі леді.
ІІ. Байқаудың мақсаты
Ширек ғасыр толған Қазақ елі нің жетіс тіктерін
жас тар арасында кеңінен насихаттау, жас журна
лис терді ынталандыру;
Жастардың бойында қазақстан дық па трио тизм
ді және отансүйгіштік қа сиет ті қалыптас тыру, шы
ғар ма шыл тұл ғаны дамыту.
ІІІ. Байқаудың міндеттері
Байқаудың жеңімпаздарын анық тау облыс тық
ішкі сая сат басқарма сымен бекі тілген кон курстық
комис сияның (қазылар алқасы) шешімімен жүзеге
асырылады;
Қазылар алқасының құрамына БАҚ өкілдері,
белгілі ақынжазушы лар кіреді;
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер бар лық
мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ұсы нылады.
IV. Қатысу шарттары
Байқауға қатысуға 14 пен 29 жас аралы ғын
дағы мектеп оқушылары мен жоғары және кәсіптік
техникалық білім беру ұйымдарының студенттері,
жас талапкер ақынжазушылар, журналистер шақы
ры лады.
Байқау үш бағытта (поэзия, проза, пуб ли
цистикалық мақа ла) өтеді және поэзия, проза, пуб
лицистикалық мақала жүл де гер лері аталған бағыт
тар бо йын ша бөлекбөлек анық та ла ды. Бай қауға
қаты сатын материалдар нау рыз дың 22сінен ба-
стап 16 қа раша ара лы ғында қабыл да нады.
Бір автордан бір ғана шығарма шы лық жұмыс
қабыл данады. Мақала А4 форматында Times
New Roman қар пімен терілген, 2 беттен аспау қа
жет. Шығармашылық жұмыспен қоса авторы тура-
лы қысқаша мәлімет «Бай қауға» деген бел гі мен
aq me shit_zhastary.kz@mail.ru электрон ды пошта-
сы арқылы мемлекеттік және орыс тіл дерінде қа
былданады немесе «Сыр Медиа» ЖШС, «Ақмешіт
жастары» газе ті нің редакциясы (Қызылорда қа
ласы, С.Бей барыс көшесі, 4 үй, Т.Жүр генов атын
дағы Шығармашылық үйі) 3қабат, 312, 313, 314, 315
кабинеттерге жолдауға болады. Қосымша сұрақтар
үшін тел.: 8(7242) 400671. Байқау нәтижесі бойын-
ша үздік деп танылған туындылар газет бетіне (не-
месе жинақ болып) шығады.
Жеңімпаздар саны – төртеу. Бас жүл де І, ІІ, ІІІ
орын және қосымша ынталандыру сыйлығы таға
йын далады.
V.Конкурстық жұмыстарды ба ғалау өл шем -
дері
Конкурстың материалдарын ба ға лау ке зінде
төмендегі өлшемдер на зарға алынады:
– автордың идеясы;
– стильдік көркемдік;
– оқырманға эмоционалды әсері;
– авторлық ұстаным.
VI. Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйым дас ты
ру шы лар және қазылар ал қасынан тұрады. Бай
қау ды дайындау мен өткізу жөніндегі жұ мысты жос
парлайды және үйлестіреді, сонымен қатар оның
орындалуын қада ғалайды.
Байқау туралы ережені және кон кур с тың қазы
лар алқасы құрамын бе кітеді.
БАЙҚАУ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫ»
ГАЗЕТІ ЖӘНЕ «ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АЙМАҚ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ТОҚТЫ
Бұл – «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін», әр іске
ерек ше сабырлықпен қарайтын апта. Жұмысыңызда
шыдамдылық танытып, тиянақты орындасаңыз, сіз
үшін үлкен жетістіктерге қол жеткізетін апта болмақ.
ТОРПАҚ
Көптен бері шешімін таба алмай жүрген сұрақтар
шешіліп, жұмысыңызда жоғарылау мүмкіндігі пай-
да болады. Жұлдыздардың болжамы бойынша,
күтпеген жерден үлкен олжаға кеңелесіз. Сондайақ,
басыңыз бос болған жағдайда апта барысында өз
жарыңызды табуыңыз әбден мүмкін.
ЕГІЗ
Күйзеліске ұшыратар сәттердің орын алатыны
жасырын емес. Бірақ кезкелген сынаққа төтеп беруге
дайынсыз. Жұмыс – сіздің өміріңіздің негізгі бір бө лігі.
Десе де жеке кәсіп пен күмәнді жобаларға көп жа
қын дамаған жөн. Жоғарыдағы айтылғандарға қа ра
мастан әрдайым сүйіктілерімен жақындарының назарында болады.
ШАЯН
Апта басында түйіні шешілместей көрінген мә
се лелер апта соңында уақыт жылжыған сайын ойы
ңыздағыдай жүзеге аса бастайды. Жеке өміріңізде
уайымға салынуыңыз мүмкін, махаббат мәселесінде
әдептен аспағаныңыз дұрыс. Өзіңізді нашар сезініп,
бойыңызда бұғып жатқан дерттің сыр беруі ықтимал. Алайда уақыт
өте дертіңізден толықтай айығасыз.
АРЫСТАН
Бұл күні белсенділік танытып, жеке бастың
жағдайына көңіл бөлген дұрыс. Сыртқы келбетіңіз
бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс
енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Ден
саулық – зор байлық, аса мұқият болыңыз. Апта
соңында жағымды жаңалықтың куәгері боласыз.
БИКЕШ
Көптен күткен марапаттау сәті де туды. Қызметі
ңіздегі жақсы жаңалықтар сізге қуаныш сыйламақ.
Қолға алған істеріңіз оңынан болып, нәтижесі
ойыңыздан шығады. Жеке өміріңіз үшін қам жеме
уіңізге болады. Айтарлықтай қиындық немесе келең
сіз оқиғалар орын алмайды.
ТАРАЗЫ
Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге дос
тыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген
әділетсіздікте бар ынтасымен шындықты іздеп, бар
білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі
мүмкін. Өз ойын үнемі тіке айтады. Апта барысында
осы мінезіңіздің залалы тиіп жүрмесін.
САРЫШАЯН
Басыңызды тік ұстаңыз. «Тек алға» деген
ұранмен жүріңіз, сонда сізде бәрі болады. Жұмыс ба-
рысында төзімді бола біліңіз. Сіз үшін осы апта ауыр
болмақ. Келісімшартқа қол қоймағаныныз жөн. Алға
қойған мақсатыңызға жетуге талпыныңыз.
МЕРГЕН
Барлығын алдынала жоспарлауға тырыссаңыз
да, бұл апта тосын сыйларға толы болады.
Қызметіңізге де, отбасыңызға да қатысты. Сізде осы
аптада қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін.
Бірақ еш мойымаңыз.
ТАУЕШКІ
Өзіңізге әрдайым күтім жасап, денсаулығыңызға
мұқият болыңыз. Сондайақ тым әсірешілдікке бар
май, кез келген жағдайда сабырлы, ұстамды болы
ңыз. Сезімге тым берілмей, ақ пен қараны ажырата
біліңіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Қызметтегі ерлік еленбей қалмайды. Апта бары-
сында жаңа жобаларға қол жеткізіп, бар күшжігерін
салмақ. Табысыңыз шығыныңыздан әлдеқайда көп
болып, сонысымен де сізді қуантпақ. Десе де, тым
жұмысбастылыққа салынып, жеке өміріңізді естен
шығарып алмаңыз.
БАЛЫҚ
Қызметте үлкен өзгерістер күтеді. Тіпті, бұл
жұлдыз белгісіндегі туғандардың кейбірі басқа
салаға бет бұруы мүмкін. Алайда діттеген мақсатқа
жету үшін өмірдегі барлық ісәрекетте табандылық
танытып, қосымша күш жұмсау керек. Отбасылық
өміріңізде айтарлықтай өзгеріс жоқ.
(6 – 12 қазан)
Тәуелсіздік
біздің
жерімізге
оңайлықпен келген жоқ. Ата
бабаларымыз сан ғасыр армандаған
бостандық, тәуелсіздік ұғымдары
біз үшін қастерлі де қадірлі. Ұлы
дала еліндегі Тәуелсіздіктің 25
жылдығын біз қуанышпен, бақытты
болашағымызбен қарсы аламыз.
Елбасымыз “Әлем. ХХІ ғасыр”
манифесінде «ХХІ ғасырда әлемге
тыныштық керек! Бұл – шетін
мәселе. Менің “Әлем. ХХІ ғасыр”
атты манифесім ХХІ ғасырда
өмір сүретін және жұмыс істейтін
өскелең ұрпақтың тағдырына шы-
найы алаңдатушылықтан туындап
отыр. Біздер, мемлекет басшыла-
ры, адамзаттың болашағы үшін зор
жауапкершілік арқалап отырмыз”
деп бүкіл елдің басшыларын ақыл
парасатқа жүгіндіріп, бейбітшілікке
шақырды. Қаншама елдерде әлі де
болса соғыс өрті алаулап, қаншама
адамдар опат болуда. Біз сияқты ба-
лалар қолдарына қалам ұстаудың ор-
нына қару ұстап, соғыс алаңдарында
мерт болуда. Осындай нәрселерді
көріпбіліп, тәуелсіздік пен бейбітшілік
ұғымын сезінесің. Күшжігерімді,
білімімді өз елімнің бақыты үшін деп
жұмсаймын деп сенемін. Арманда-
рым әлемнің түпкіртүпкірін аралайды,
қиялым аспанды шарлайды, көңілім
жақсылықты қалайды.
Менің елім – Қазақстан. Егеменді
Қазақстанның тізгіні жас ұрпақ – біз
дің қолымызда. Менің Қазақстан Рес
публикасының тәуелсіздігіне қос қан
үлесім жақсы оқып, білім алуым деп
білемін. Болашақта журналис тика ма
мандығын меңгеріп, дүние жүзін шар-
лап, әр елдің мәдениетімен, тыныс
тіршілігімен танысып, өз елімнің тари-
хы мен салтдәстүрін паш еткім келеді.
Осы арманым мені алға жетелейді
және орындалады деп сенемін.
Бекзат Іңкәрбекұлы,
Сырдария ауданы,
Іңкәрдария ауылы,
9 сынып оқушысы
МЕН БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫН!
МЕН БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫН. ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАНЫМДЫ ЕҢ БІРІНШІ БАҚЫТЫМ ДЕП АЙ-
ТАМЫН. ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ӨМІР СҮРГЕНІМЕ МАҚТАНАМЫН. МЕН – ӨРКЕНИЕТ ӨРІНЕ ҚАДАМ
БАСҚАН ЕРКІН ЕЛДІҢ ӨРЕНІМІН. ҰЛЫ ТІЛІМДІ, ДӘСТҮРІМДІ, ТАРИХЫМДЫ ҚАДІРЛЕЙМІН. БОЛАШАҒЫМА ҮЛКЕН
СЕНІММЕН ҚАРАЙМЫН. БОЛАШАҒЫМ ЖАРҚЫН БОЛУ ҮШІН ТЕРЕҢ БІЛІМ МЕН ЖОҒАРЫ АДАМГЕРШІЛІК СЕЗІМ
ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ДЕП САНАЙМЫН. МЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕ ЕСІМІМДІ БЕКЗАТ ДЕП ҚОЙДЫ. КІШКЕНТАЙ КЕЗІМНЕН
«БОКСЕР» ДЕП ЕРКЕЛЕТТІ. БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АҒАМЫЗДАЙ КҮШТІ, ЖІГЕРЛІ БОЛЫП, ЕЛІМНІҢ ЕСІМІН ДҮНИЕ
ЖҮЗІНЕ ПАШ ЕТСЕМ, МЕНЕН АСҚАН БАҚЫТТЫ АДАМ БАР МА?!