Құрамы Қаңқаның құрылысы Көкірек қуысының сүйектері



бет2/10
Дата05.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 лекция

Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
І-ші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады.
ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын беті арқылы III-ші мойын омыртқасымен жалғасады. Соңғы VІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады.
Көкірек омыртқаларының ерекшелігі – денесінің алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар.
Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы V-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде жүйкелер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында құлақша тәрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бүдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның IV-V-ші құйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мұны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет