Құрамы Қаңқаның құрылысы Көкірек қуысының сүйектері



бет4/10
Дата05.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 лекция

Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды.
Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері сегізкөзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал өз осінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады.
3 сұрақ Көкірек қуысының сүйектері
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және төс сүйектері жатады.
Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы, м о й ы н ы, д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы тос сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, VІІІ-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХІІ-жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І-VІІ-жүп қабырғаларды ш ы н, олардан кейінгі VIIІ-Х-жұп қабырғаларды ж а л ғ а н, ал соңғы ХІ-ХІІ-жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.
Төс сүйегіжалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.
Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.
1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.
Ауыр жұмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланысты көкірек қуысының көлемі кішірейеді.
Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
4 сұрақ Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет