Құрамы Қаңқаның құрылысы Көкірек қуысының сүйектері



бет9/10
Дата05.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79761
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Баланың қимыл-қозғалысы. Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру және қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын еңбектеу қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда болады. Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.
Қозғалудың дамуы біркелкі емес, гетерохронды түрде болады. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады. Мысалы, жұмыс істеу ұзақтығы 3 жаста - 80 сек, 5 жаста-120 сек, ал 10 жаста- 200 сек болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттерінің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды еңбек реттеледі.
Қозғалыстың қалыптасуының негізі – ми сыңарлары қыртыстарында жүйкелік байланыстардың пайда болып, кейіннен сол байланыстардың негізінде күрделі динамикалық қыртыстық стереотиптің пайда болуынан.
Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы құрылымдар, эфференттік және афференттік кері байланыс жолдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет