Шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси құрылымы
Қыптасқан тарихи және географиялық ағдайларға байланысты
қарлықтар Қазақстан мен Орта Азияның территориясында орналасқан
түріктердің ішіндегі отырықшылдыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік
болды. Мұның себебі қарлықтардың оңтүстік, оңтүстік-батыстағы және де
өздерінің ішіндегі отырықшылдықпен, егіншілікпен және саудамен
айналысқан соғды иеліктерімен тығыз байланыста болғандығынан еді.
Қарлықтар жоғары отырықшылдық мәдениеті бар соғдылармен шаруашылық
кооперациясына тартылып, нәтижесінде түрлі этникалық белгілі бір
шаруашылық түріне маманданды. Бұған бірден-бір мүмкіндік жасаған Ұлы
жібек жолы еді. Сауда жолдарының осы қарлықтар мекенімен Соғды
иеліктері үстімен өтуі олардың маманданған шаруашылықтарынан түскен
өнімді бір- бірімен оңай айырбастап немесе сатып алуына қолайлы жағдай
жасады.
Ғылыми әдебиеттерде дәлелденгендей, шаруашылық саласы бойынша
мамандану мен сауданың қарқынды дамуы еңбек өндірісінің төмен болуына
қарамастан алға баса берді.
Қарлықтар қоғамында шаруашылықтардың бірнеше типі қалыптасты.
Олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық болып бөлінеді. Егер
де сол қарастырып отырған кезеңде қыпшақтар мен оғыздарда негізінен
көшпелі шаруашылық басым болса, қарлықтарда негізінен жартылай
көшпелілік орын алды. Мұның себебін қарлықтардың, орналасу, тарихи,
географиялық ерекшеліктерінен іздестіру қажет. Олар бір жағынан көшпелі
мал шаруашылығы басым оғыздар, қыпшақтар, қимақтармен шекаралас
болса, ал екінші жағынан, отырықшылдықпен, егіншілікпен жиі айналысқан
соғдылармен қатар орналасты. Сонымен қатар, қарлықтар территориясында
қалалардың көп болуы, Ұлы жібек жолының да үстерінен өтуі олардың
әлеуметтік- экономикалық дамуына ерекше әсер етті.
VІІІ-Х
ғасырдағы
Жетісу
өңіріндегі
археологиялық
қазба
жұмыстарының нәтижелері жоғарыда айтылған тұжырымдардың дұрыс
екенін көрсетеді. Қарлық кезіне жататын Баба ата мекенінде шаруашылық
негізінен мал бағу болғанымен, егістік дақылдарының қалдығы мен темір
орақ және қарбыз бен қауын дәндерінің сақталуы отырықшы - егіншіліктің
қатар дамығанының дәлелі. Академик Ә.Марғұлан VІІІ -Х ғасырларда Іленің
төменгі ағысы, Қаратал жазығы мен Көксуда, отырықшы және жартылай
отырықшылдық жағдайда өмір сүрген түркі жұртының мекендегенін айтады.
Мұның өзі отырықшы шаруашылықпен айналысушылар тек қалада, қала
маңында ғана емес, сонымен қатар далалық аймақтарда көшпенділермен
көршілес орналасқанын айғақтайды.
Іле жазығында мал шаруашылығы «тік-көшпелі» (вертикальды) болды.
Онда далалық қыстау мен таулы жайлау аралығындағы көшіп-қону 200
шақырымнан аспайтын. Мұндай шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі сол,
олар көктемгі және күзгі жайылымдарда ұзақ уақыт бір жерде, көбінесе тау
етегінде тұрып қалатын. Елді мекендердің осындай жерлерде, тау етектерінде
көптеп табылуы осы шаруашылық түрінің дамуымен түсіндіріледі.
Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің белгілі бір топтары әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық
және
саяси
жағдайларға
байланысты
отырықшылдыққа ауысып отырды. Оның негізгі себептері: таптық
жіктелудің күшеюі, соғыстар, малдың қырылуы, жайылымның жетіспеуі т.б.
болды.
Отырықшылдыққа көшудің бір маңызды себебі түркілердің арабтар
әкелген исламды қабылдауы еді. Бұл дінді қабылдаған түркілер «гази», яғни
дінді қорғаушы жөне уағыздаушы болып, жергілікті халықпен араласып,
отырықшылдыққа көшкен. Мұндай жағдай қарлықтар кезеңінде Шаш пен
Испиджаб облыстарында жиі болып отырған.
Қытай деректеріндегі пайымдауларға қарағанда, түркі рулары
малдарын қыста Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойында ұстап, жазда
Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері аралықтарын жайлап, Орал тауы мен Обь өзеніне
дейін барған. Бұл дәстүр қазақтарда тіпті XVIII ғасырдың ортасына дейін
сақталып келді. Орта ғасырлық араб жазушысы ибн Әсірдің айтуынша,
тайпаларының жаз салқын жерде, ал қысқа қарай жылы жерлерге (Сыр бойы,
Шу маңын, Талас) қоныстап жүріп, 960 жылдары ислам дінін қабылдай
бастайды. Мұны қытай деректері де растайды.
Ертеде Қарқаралы өңірінің қарлықтары мекендегенін қытай
деректерінен білеміз деп жоғарыда айтқан болатынбыз. Ал халықтың ауыз
әдебиетінде:
Қарқаралы – қазылык,
Жататұғын жазылып,
— деп айтылады (24, 1985, 217). Қарлықты кейде қазылық деп атауы
ертеден белгілі. Қарқаралы тауы Қазылық деп те аталады. Қазылық «Манас»
эпопеясында жиі аталады. Атақты түркітанушы ғалымдар «Қазылық»
тауының қазақ жерінде екенін айтады. Ендеше көшпелі қарлықтардың жаз
мекені Қарқаралы — Қазылық таулары болған.
Көшпенді қарлықтардың негізгі кәсібі — мал шаруашылығы болып
табылады. Олар қой, жылқы, ешкі, сиыр және түйе өсірді. Ірі құйрықты
қойлар мен төзімді жоне жүрдек жылқы өсіру мал шаруашылығында ерекше
орын алды. Әсіресе, жылқы еті мен оның сүтінен қымыз ишытып ішу
түріктердің сүйіп айналысатын дәстүрлі ісіне айналды.
Қарлықтардың жылқы өсіру шаруашылығының өзіндік ерекшелігі
болған. XIII ғасырда түрік-қарлықтарда иласа бойлы, кең арқалы, жіңішке
тірсекті тегі аралас жылқы кеңінен тараған. Мұндай шабысқа жылдам,
төзімді, әрі онша көп күтімді қажет етпейтін, аласа бойлы жартылай жабайы
аттарды түріктер ерте кезден үй жылқыларын таулы далаларға жіберіп,
жабайы жылқылармен будандастыру арқылы алғаны мәлім. Кейбір көрші
елдер (мысалы арабтар) осындай жылқыларды алдыру үшін қарлықтарға
арнаулы экспедиция жабдықтап жіберіп отырған.
Мұндай жылқылардың қаңқасы қарлықтар мекендерінде көптеп
кездесетінін қазба жұмыстары анықтады. Қарлық жылқылары жергілікті
табиғат жағдайы мен көшпелі жайылымға таптырмайтын аттар болды.
Сонымен бірге олардың етті және сүтті болып келуі де тағам ретінде жиі
пайдалануға мүмкіндік берді. Төзімділігінің арқасында онымен аңға шығуға,
алыс жорыққа аттануға қолайлы болды.
Түркі тілдес халықтардың эпостық мұраларында да жоғарыда айтылған
аттар кеңінен орын алды. Мысалы, «Манаста» кездесетін «алабас жорға
шұбар ат»,Қорқыт ата кітабындағы «Сайрап жүрген қазылық атына
мінгейсің», Ә.Науаидегі «атының сұлулығы сұрша құстай» деген жолдар бұл
аттардың қаншалықты елге танымал және мадаққа ие болғанын көрсетеді.
Осылардың ішіндеіі ерекше көрінетіні - «қазылық» аты. Халық аңыз-
жырларында бұл аттар жиі кездеседі. Ал егер қазылық бір кездегі қарлық
синонимі болса, онда қарлықтардың аты екені даусыз болып шығады.
Қой өсіру мал шаруашылығының негізгі саласы болды. Түркілердің
қой - малдарының ірі, семіз болып келетіні орта ғасырлық жазба деректерде
айтылады. Ибн әл-Факих қойлардың құйрығы жерге салбырап тұратынын
жазады (88, 168).
Қарлықтардың күнделікті өмірінде қой етінен жасалған тағам негізгі
тамағы болды. Сонымен қатар оның жүні, майы әр түрлі қажеттілікке — киіз
басуға, киім істеп киюге, ауруға қарсы ем ретінде қолданылды. Қой малынан
алынған шикізат өнімі базарға өткізілді. Сауда үшін, әсіресе түрлі-түсті қозы
түрлері өте құнды болғаны ертедегі деректерден белгілі.
Қарлықтарда түйе өсіру үй-тұрмыстық қажет үшін жарады. Түйелер
өте жай көбейді жэне олар үшін өте ыстық климат қажет болды. Сондықтан
түйе өсіру Сыр бойы мен оңтүстік-батыста оғыздармен көршілес тұрған
қарлықтарда орын алды деуге негіз бар. Бірақ қарлықтар түйенің етін тағам
ретінде пайдаланбаған.
Мал шаруашылығының негізі ет-сүт өнімдерін және жүн мен
түбіт дайындау болды. Жүн киізден жасалатын бұйымдар мен киім, кілем т.б.
жасауға пайдаланылды. Мал өнімдері тек қарлық елінің ішкі қажеттілігі мен
сұранысын
ғана
қанағаттандырмай,
сонымен
бірге
сыртқы,
отырықшылдықден айналысатын көрші елдермен сауда қатынасында да
маңызды рөл атқарды. Истахри «Қойлар Хорасанға халаждардың, ал ет
Мауреннахрға оғыздар мен қарлықтардан қажетті мөлшерден де артық
әкелінетінін ортағасырлық араб деректері хабарлайды.
Қарлықтар аң аулау көсібімен шұғылданған. Олар әсіресе, қымбат
терілі аңдарды: құндыз, сусар, бұлғын, тиін, тіпті барыс, жолбарыс аулаған.
Ол туралы да орта ғасырлық нарративті деректерде көп айтылады. Аң аулау
көсібі тек шаруашылық пен күнделікті тұрмыс қажетіне сай маңызы болып
қана қоймай, соғысқа жаттығу ретінде өскери ісінде де маңызды болғанын
айта кету керек. Оны біз «Қорқыт йта кітабында» Қазанбектің өзінің баласы
Оразды соғыс өнеріне үйрету үшін аңға алып шыққанынан байқауға болады.
IX ғасырда Иакуби барлық түркілердің көбінесе жабайы құсты
жейтінін айтады. Осы ғасырда түріктердің жабайы құстарды қалай
аулайтынын әл-Жахиз баяндайды. Түріктер оның айтуы бойынша,
жаугершілік заманында да жабайы құсты аулауды кәсіп етеді. Өздерімен
бірге құлынды биені ала жүреді. Егер аң аулау сәті түспесе бие қымызымен
сусындап, жылқыны сояды. Түріктер ат үстінде жүріп, анды қуады, қандай
құсты болса да атады; түріктер жабайы құс еті болмаса басқа тамақпен
қанағаттанбайды (129, I, 230-235).
Аңға шығу, аң аулау кәсібі сол кездегі халық эпосында жиі кездеседі.
Мұны Марғұлан «Манас» пен «Қорқыт ата кітабын» салыстыра отырьш сәтті
келтірген. «Қорқыт ата кітабында»:
Жата-жата жан ауырды,
Отыра-отыра тән ауырды.
Кел, бектерім тұралық,
Аңға шығып қызық көрелік.
«Манас» эпосында осыған ұқсас жолдар бар:
Ат семіріп күз болды,
Ер семіріп тұз болды,
Аттаналық жорталық (23, 1971, 110).
Әйтсе де, аң аулау шаруашылығы негізгі шаруашылық түріне жатпай
тек қосалқы ғана рөл атқарды. Өзендер мен көлдер жағалауларында
қарлықтар балық аулау кәсібімен шұғылданған. Қаған тұратын Хайкам
бекінісінің айналасын қоршаған суда балықтың көп болатынын және оны
жергілікті тұрғындардың аулайтынын, сонымен қатар, Балқаштың
оңтүстігінде тұратын түрік мекендерінде халықтың негізгі азығы балық
болғанын әл-Идриси хабарлайды. Балық аулау кәсібі, әсіресе, кедей
отбасылар үшін маңызы зор болды.
Қорыта келгенде қарлықтар тұсындағы бұл тарихи- географиялық
континумді тек қана екі шаруашылық- мәдени типтің: егіншілікпен
айналысушы отырықшылдар мен мал шаруашылығымен айналысушы
көшпенділер арасындағы қатынас деп қана қоймай, басқа да шаруашылық
типтердің өтпелі формаларын ұштастырған күрделі процестер деп санау
қажет. Бір сөзбен айтқанда қарлықтар қоғамында ол кезде жартылай
отырықшы, көшпенді, мал, егін, аң мен балық аулау шаруашылық типтері
қалыптасты. Мұндай аралас, көшпенді шаруашылықгар типінің өзіндік озық,
ұтымды жақтары көп болды. Жартылай көшпелі шаруашылықта бола тұрып,
қарлықтар таза отырықшылдықтағы елге қарағанда табиғи ортаның төтенше
жағдайларына сәйкес жетілген, мәдени тұрғыдан бейімделген жүйені
қалыптастыра алды. Бір жағынан климаттық аридизацияға ұшырау кезінде
ирригациялық егін шаруашылығы тоқырауда тұрса, мұндай қиын жағдайда
көшпелі мал шаруашылығы мен басқа да шаруашылық түрлері (аң, балық
аулау т.б.) табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Көшпелі қарлықтар шаруашылығында қолөнері ерекше орын алды.
Алайда, зерттеу еңбектерінде көшпенді түркі халықтары тарихындағы
қолөнерінің даму мәселесі толық өз шешімін тапқан жоқ. Қол өнерінің бұл
қоғамда жеке сала болып қалыптасуын ғалымдар көбінесе көшпенділер
шаруашылығының отырықшылдыққа карағанда артта қалғандығынан деп,
немесе тек Маркстің айтқан ілімі бойынша ғана дәлелдеуге тырысады.
Әрине, көшпенді мал шаруашылығымен айналысушылар қысы- жазы малды
бағып күтумен уақыттары болмағандықтан қолөнермен шұғылдану
мүмкіндігі аз еді. Бірақ қолөнерінің жеке сала ретінде толық бөлініп шыға
алмауын біз көшпенділердің отырықшылдармен өзара тығыз байланысынан
іздеуіміз керек. Қандай да болсын көшпенділердің өткендегісін алып қарасақ,
олар ылғи да отырықшылдықпен, егіншілікпен айналысушылармен көрші
отырып немесе олардың арасында мекен етіп, сауда- саттық байланыста
болган. Ұлы жібек жолы да осының бұлтартпас айғағы, яғни көшпенділер
үшін қолөнері бұйымдарын отырықшы елден алу тиімді болды. Өйткені мал
өнімдерін отырықшы елге өткізе отырып, олар керекті еңбек құрал, тұрмыс-
мәдениет жабдықтары және басқа да бұйымдарды оп-оңай айырбастап алып
отырды. Бұл жағдай Жетісуда қарлықтар үстемдігі кезеңінде өзінің
тиімділігімен айқын көрінді. Жетісуда мекендеген Соғды қалаларын
қарлықтардың қоршай орналасуы дәстүрге айналған еді. Ертеден жер,
егіншілік мәдениетімен айналысушы соғдылар, түркі елі үшін қолөнер
бұйымдарымен толық камтамасыз ете алатын бейбіт көрші болып шықты.
Қолөнерінің жеке сала болып бөлініп шықпауының екінші бір себебі:
көшпенділердің мал шаруашылығының текникалық жетілдіруді өте аз қажет
етуінде. Бұл шаруашылық өте-мөте табиғатпен тікелей байланысты, сол
экологиялық жағдаймен үндес, табиғат пен адамның ең бір үйлесімді іс-
әрекеті болып табылады. Егерде отырықшы- егіншшкпен айналысушылар бір
жерде тұрып табиттың қолайсыз жақтарымен күрессе, көшпенді, мал
шаруашылығымен айналысушылар табиғат жағдайына икемді бола отырып
(көшін-қону арқылы), оған нұқсан келтірмей, экологиялык, мәдениеттің озык,
үлгісін көрсете алатын дәрежеге жетті.
Темір кенін өндіруде көшпенділердің ертеден бай тәжірибесі болғаны
зерттеулерде талайдан бері мәлім. Қазақстан территориясында қарлықтар
күшейіп, үстем болып тұрған кезде ашылған көптеген кен орындары
табылған. Олардың, әсіресе, Орталық Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы,
яғни қарлықтардың жазғы жайлау мекендерінде екені қазірде анықталған.
Мұны казіргі жер, тау аттары да еске түсіреді. Мысалы, Қарқаралының
оңтүстік-шығысындағы: Темірші, Кентау т.б. Кезінде Махмұт Қашғари
өзінің сөздігіне темір кені өндірілген жердің атына сәйкес «темурлук»
терминін енгізген. Ал қытай деректерінде қарлықтардың бұл тауларды
мекендегенін айтып жазғаны белгілі. IX ғасырда өмір сүрген автордың айтуы
бойынша, түркілер қару, садақ оқғарын, сауыт жасап, ер-тұрмандарды
безендірумен айналысқан. Түркілер өздерінің алғашқы мемлекеті Түрік
кағанатын кұрардан бұрын темір кенін жер қойнауынан өндіріп, оған керекті
әр түрлі бұйымдар мен қару-жарақтарды жасаушы шебер ретінде танылған.
Жазба деректер дулыға мен сауыт кию жауынгер халықтың дәстүріне
айналғанын дәлелдейді. Кейінгі кезде жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесі де осыны көрсетеді. Металл қорыту және оны
өндеу қарлық елінде зергерлік, ұсталық сияқгы қолөнер түрлерінің дамуына
себеп болды.
Көшпенді қоғамдағы колөнершілердің бір ерекшелігі олар өз ісінің
шебері бола тұрып, мал бағумен де айналысқан. Оған Казығұрт тауы мен
Сыр бойын мекендеген түркілердің (оғыздар мен қарлықтардың) алып ері
Салар Қазан туралы Қорқыт ата жырындағы мына бір жолдарды келтіруге
болады:
Жетпіс жеті болатын қандырып,
Су болатын қандырып
Көшемен ұста сеп болсаң,
Сол болаттан қылыш соқтырып ...
Салар Қазан темір кенін казып, ұста болумен бірге мал бағатын болған
(24, 1985, 174).
ІХ-ХІ ғасырларда Таласта күміс кеніштері болған. Солардың ең бір ірі
кеніші Шалжы қаласы маңында екендігі айтылады. Ол Испиджаб округіне
еніп, Тараздан төрт фарсах жерде орналасқан.
Жетісуда қарлықтар үстемдігі кезеңінде борлама жасау ісі өзінің
шарықтау шегіне жетті. Бұған Тараз, Испиджаб, Құлан, Талғар және Отырар
қалалары маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыс нәтижелері
айқын дәлел. Қарастырылып отырған кезеңде құмыралардың көптеген
түрлері жасалды. Олардың кабырғалары ертедегі түркі киіздеріне салынатын
оюға сәйкес келетін бедерлі өрнектермен әшекейленеді.
Сырдарияның орта ағысы тұсындағы елді мекендер орнынан қарлық-
оғыз типіне жататын борламалар табылған. Қазба жұмыстары арқылы Кенже
аймағында (Арыстың орта ағысы тұсында, X ғасыр) көшпелі және жартылай
көшпелі түркі тайпалары өмір сүргені анықталды.
VІІІ-Х
ғасырлардағы
қарлық
қоғамында
алғашқы
таптық
қатынастардың дамуы болды. Құрамындағы ру-тайпалар және этникалық
бірлестіктердің қосылып, ендігі жерде олардың бағынышты болуына
байланысты сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырды. Бұл өзгеріс,
әсіресе VIII ғасырдың II жартысында, яғни 760 жылы қарлықтар Жетісуда
және Оңтүстік Қазақстанның біраз жерлерінде саяси үстемдікке ие болған
соң күшейе түсті.
Қарлықтар
бастапқыда
үш
тайпалы
ел
болса,
Жетісуға
келген кезде олардың кұрамына Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының
ру-тайпалары кірді. Сонымен бірге Қарлық жабғуы иеліктерінде қыпшақтар,
қырғыздар, тоғыз-оғыздар т.б. болған.
Қарлықтарда алғашқы мемлекеттік институттардың қалыптасу
процесін тездеткен фактор олардың VIII ғасырдың ортасында Ұйғыр
қағанатнан бөлініп шығуы болды. Бұдан кейін олар Жетісудағы билікті
түргештерден тартьп алып, өздерінің елін құрды.
Қарлықтарда дербес, бытыраңқы «жабғулық» - иеліктердің
қалыптасуына әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлар VIII ғасырда-
ақ бар еді. Олар: қарлықтардың Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
территориясына келіп, отырықшы соғды шаруашылық мәдени типімен тығыз
қарым-катынас орнатуы және Ұлы жібек жолдарының бойында орналасуы
еді. Мұның өзі қалалардың дамуы мен сан жағынан әсуіне алып келді. Басқа
түркі тайпа бірлестіктеріне қарағанда осындай қалалардың қарлықтарда және
олардың иеліктерінде көп болуы жабғулардың өзара дербестікке ұмтылуына
ықпал етті.
Жалпы
карлықтарда
кағандық
өкімет
болса
да
мұндай
дербес, тәуелсіз иеліктердің болуы Орта Азия мен Казақстанның әуелгі
ортағасырлық тарихындағы өзгешелік деп қарауға болмайды. Орта Азияда
ертеден басқарудың удельдік жүйесі басым, яғни мемлекеттің өзі ұсақ
иеліктерге бөлініп, бірде бөлшектеніп, бірде басқа иеліктермен бірігіп жаңа
бірлестік құра алды. Осы процестердің, негізінен, ортақ бір бағытта: рулық
институттар арқылы құрылған бірлестікті территориялық тұрғыдан
қалыптасқан
мемлекеттік саяси бірлестіктің ығыстырып шығару бағытында жүргенін
көруге болады.
Жалпы бұл жерде айта кету керек, дәстүрлі Шығыс елдерінде
мемлекеттің калыптасуы және дамуы Еуропа елдеріне карағанда басқаша
жолмен жүрді. Карлықтардың заманында түріктер дәстүрлі мемлекеттік
институттарға онша мұқтаж бола қойған жоқ. Өйткені оған шаруашылықтың
даму ерекшелігі тікелей ықпал етгі. Соғды қалаларын қоршаған және оған
саяси үстемдік етіп тұрған қарлықтармен олардың аймақтық басшыларының
мүддесі қалаларда тұратын қауымдық қоғамдар мүддесімен сәйкес келді.
Еуропадағыдай дәстүрлі мемлекеттік жүйе құрылымының болуы бұл
қауымдық қоғам дәстүрінің онан әрі эволюциялық дамуына кедергі
жасайтын еді. Сондықтан қалыптасқан бұл қалыптар түріктердің ру-
тайпалық құрылысымен, соғдылықтардың қауымдық қоғамдарына кайшы
келмей кайта бірін-бірі толықтыра дами берді. Екінші жағынан түріктер мен
соғдылардың өзара бейбіт карым-катынаста өмір сүруіне де ықпал етті.
Ру-тайпалық бірлестік арқылы құрылған кағандық бірлестікке
қарағанда жеке территориялық принциптегі жабғулық дербес иеліктер озық
болды.
Өйткені
жабғулық
иелік
өндіргіш
күштердің
барлық
категорияларымен тікелей, еркін, дербес байланыста бола отырып, қағандық
қоғамға қарағанда бір қадам алға басушылық болып табылады.
VІІІ-Х ғасырларда Жетісу, Сырдария қалалары және Мауреннахр мен
Хорасан қалаларының материалдық мәдениетінің көп тұрғыда жақын болуы
кездейсоқ емес екендігі белгілі. Мұның өзі бұл жерлерде әр түрлі этникалық
топтардың болуына қарамастан бір жүйеден саяси-географиялық тұрғыда
қалыптасып келе жатқан алғашқы мемлекеттік кұрылыстың пайда болғанын
аңғартады.
Қарлықтарда өзіндік мемлекеттік институттарды бар болғандығын
араб жазбалары дәлелдейді. Онда: 'Туркістан және түріктер..., бірнеше
мемлекеттерге бөлінеді ,олардың ішінде қарлықтар, тоғыз-оғыздар,
қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әрбір тайпасының өз алдына
мемле бар және олар бір-бірімен соғысып жатады « –деп айтылады (137, I,
149)
Түркі кағанаттарының кұрамында болған кезде басқа да ру-тайпалар
сиякты қарлықтардың қоғамдық саяси ұйымдары тайпаны кұрайтын рулық
институттарынан және одан да ірі бірлестіктен - «елден» тұрды. Алайда бұл
ірі бірлестік елдің кұрамындағы ру-тайпалар үнемі бір-біріне ауысып, кейде
тіпті баска бірлестікті құра алатын еді.
А. Смиттің кезінде айтылган бағалы пікірін еске алған жөн. Ол мал—
ертеден жеке меншікке айналғандықтан көшпенділерде мүліктік және
әлеуметтік жіктелуі де, қоғамдық саяси институттардың кұрылу процестері
де тез жүруі мүмкіндігін айтқан болатын. Алайда Еуропада антикалық
дәуірден бастап мемлекет қондырма болса, Шығыс елдерінде ол өндірістік
қатынастардың субъектісі ретінде базистік құрылымға кірді. Еуропалық
елдерде мемлекет үстем тап қоғамының мүддесін қорғады, тіпті болмаған
күнде өкіметке ұмтылған таптар арасындағы қозғалысты реттегіш рөл
атқарды. Ал Шығыста мемлекет әміршілдік мәнге ие бола тұрып, жеке
меншіктің өзін де бақылап отырады. Мемлекет және осы өкіметке қатысты
әлеуметтік үстем етуші топ Шығыс елдерінде өзара бірігіп, бір-біріне сіңіп
біте қайнасып кетті. Сонда мемлекет жеке меншіктің шектен тыс байып
кетуіне тыйым салып отырды. Өйткені жеке меншіктің күшеюі мемлекет
қазынасын толтырып отыратын қоғамның баска әлеуметтік топтарын
күйзелтумен қатар жүретін еді.
Әрине, қарлықтар біз қарастырып отырған кезеңде мемлекеттің
классикалық түрін, әлеуметтік саяси ішкі кұрылысы бар күшті әскери өкімет
кұра алған жоқ. Орта ғасырлық деректерде қарлықтардың жабғу басқарған
бірнеше тәуелсіз иеліктері болды.
Қарахандар мемлекеті кұрылғанға дейінгі бұл кезең дала
аристократиясы мен демократиялық элементтері арасындағы ұзаққа созылған
күреске толы. Бұл кезеңнін соншалықты созылуының тағы бір себебі: араб
басқыншылығы, қытай экспансиясы және көршілес түркі ру-тайпа
бірлестіктерімен күресу болды. Қарлық иеліктерін ерте феодалдық мемлекет
қол астына біріктіру үшін күресуді 840 жылы Білге Күл Қадыр хан Испиджаб
әмірі болып тұрған кезде «жабғу» атағын тастап, өзін «каған» деп
жариялаудан көреміз.
Қарлықтарда ерте феодалдық, бір орталыққа бағынған мемлекеттің
пайда бола бастағандығын араб шығармалары айқын көрсетеді:
«Хакандардың хаканы солардан (қарлықтардан) болды, ол түріктердің басқа
мемлекеттерін және олардың патшаларын өз қол астына бағындырды ...
Шана (яғни Ашина) да солардан (карлықтардан) болдың (26,1, 288). Бұл
деректен қарлықтар қоғамында ендігі жерде жабғудың үстінен қарайтын
хакан болғанын көрсетуге болады. Мұндай саяси баскару жүйесі 840 жылғы
жорық нәтижесінде Испиджаб халифатқа бағынса да бұзылған жоқ.
Испиджаб аймағын бұрынғысынша түрік әулеті басқарды. Ал оның
билеушісі арабтарға тек сөз жүзінде бағынды. Халифатқа жыл сайын
тәуелділікті білдіретін төрт дәнек пен сыпырғыш жіберіп отырды. Ал
Испиджаб өмірінің өзіне Талас пен Шу аралығындағы Орду қаласының әмірі
бұрынғысынша сыйлық жөнелтіп тұрды. Жалпы қарлықтарда 766 жылы
(Жетісуда үстемдікке ие болған) кезеңінен басталған мемлекеттің
қалыптасуы 840 жылы Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялауымен
аяқталды.
Түрік кағанаты қарлықтар бөлініп шығар кезде әскери демократияға
неғізделген саяси өкіметті басқарудағы әлеуметтік сатылар: қаған (немесе
хан) ел басқарған ал онымен бірге ақылшы жырау тұрған. Қағаннан кейінгі
адам «жабғу» (бас уәзір), ал хан мұрагері- «тегін».
Ерте ортағасырлық түркі жұртында, оның әлеуметтік өмірінде,
мемлекеттік жүйеде бектердің үш тобы ерекше бағаланады. Олар дана
ғалымдар, зиялылар, екінші тобына хат танитын және мемлекеттік іске
белсене араласып қызмет етуші хатшылар, ал үшінші - елді жаудан
қорғайтын батырлар болып табылады. Бұл үш әлеуметтік топтың түркі елі
өмірінде осындай маңызды рөл аткаратынын Жүсіп Баласағұнның «Құтты
білігінің» 2704 бәйітінен көреміз:
Бірі - дана, ғалымдар, зейінділер,
Бірі - хатшы білсін дер кейінгілер.
шіншісі - жүректі ер, батырлары»
Жау десе, жайдай жайпар жасындары «.
Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,
Калған жұртты үйіріп, қоңсыға алса ... (27, 274).
Қарлық қалаларының билеушісі әр түрлі аталады. Мысалы: кұгегін-
лабан, тексін, тебін-Барсхан, ялан шах, йинал-тегін.
Қарлықтардың әлеуметтік өмірінде құл еңбегі де пайдаланылды.
Алайда, құл еңбегі экстенсивті мал шаруашылығы кезінде тиімді болмады.
Сондықтан да ол өндіргіш күштің негізі бола алмай, тек үй-тұрмыс
шаруашылығында ғана пайдаланылды. Құлдардың пайда болуының қайнар
көзі шапқыншылық, соғыс жорықтары болды. Құлдардың екінші бір пайда
болу жолы ерікті қауымның жіктелу процесі барысында мүмкін болды.
Оларды ру-тайпаны бйлеуші бек не болмаса жабғу жазалап, тіпті куып та
жібере алған.
Жоғарыда келтірілген тарихи материалдардан басқа түркі тілдес саяси
бірлестіктер сияқты қарлықтар қоғамында да еркін қауымдар арасында
әлеуметтік жіктелу процесінің жүргенін көреміз. Нәтижесінде, бұл қоғамда
патриархалдық-феодалдық институттардың дамуын байқауға болады. Ең
жоғарғы иерархиялық сатыда, негізінен қарлық жабғуы болды. Ал кейіннен,
қарлықтар ру-тайпалары құрған Қарахандар мемлекетінің пайда болуына
байланысты патиархалдық-иерархиялық пирамиданың үстіне хан отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |