Құрамы және қасиеттері: Қызыл қанның анатомия және физиологиясы. Гемолиз.Қан топтары. Резус фактор



бет1/2
Дата15.04.2023
өлшемі131,75 Kb.
#83114
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
рамы ж не асиеттері ызыл анны анатомия ж не физиологиясы.


ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы: Қанның құрамы және қасиеттері: Қызыл қанның анатомия және физиологиясы. Гемолиз.Қан топтары. Резус фактор.
Хаттама құрастыру:

1. Тапсырма . Төмендегі сызбанұсқаны толтыру «Қанның көлемі және құрамы»





2. Тапсырма Кестені толтыру «Қанның физико химиялық қасиеттері».





Қасиеттері

Қалыпты көрсеткіштері

Түсі



Эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзілуіне байланысты

Дәмі



Тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты

Иісі



Құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.

1.Қанның меншікті салмағы
2.Плазманың меншікті салмағы
3.Формалдық элементтердің меншікті салмағы



Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)

1. 1.050-1.064


2. 1.024-1.032
3. 1.089-1.098

Қан тұтқырлығы



4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).

Осмостық қысым



290-310 мосм/л 
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты



Онкотикалық қысымы



3.4-4.0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.



Ph (ҚНО)
1.Веналық
2.Артериялық

Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті.

1. 7.36
2. 7.44



3 Тапсырма .Кестені толтыру «Қан плазмасынның құрамы»



Су 90-92%

Құрғақ заттар 8-10%

Органикалық заттар 7-9%

Бейорганикалық заттар 1%

Азотты

Азотистсыз




Белоктар-60-80 г/л

Билирубин-8-20 ммоль/л

Na+-натрий-130-150 ммоль/л

Альбумин-35-45г/л

Липидтер-4.0-8.0 ммоль/л

K+-калий-3.0-8.0 ммоль/л

Глобулин-20-35г/л

Холестерин-3.0-7.0 ммоль/л

Ca+-кальций-2.5-2.75 ммоль/л

Фибриноген-3-5 г/л

Глюкоза—3.3-5.6 ммоль/л

Cl-хлор-95-110 ммоль/л

Қалдық азот-3.0-8.0






Mg-магний-до 1 ммоль/л

Мочевина-3.0-8.0







4. Тапсырма кестені толтыру «Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі»



Гемоглобиннің газдармен қосындысы

Физиологиялық

Патологиялық

1.HbO2 – оксигемоглобин

1. HbCO - карбоксигемоглобин

2.HbCO2 - карбогемоглобин

 2. HbOH - метгемоглобин



3.HHb - тотықсызданған гемоглобин
Hb қалыпты мөлшері: 
ерлер – 130-160 г/л
әйелдер – 120-140 г/л
ең жоғары мөлшері 166,7 г/л



3. HbS - сульфгемоглобин









7 Тапсырма . Эритроциттер гемолизі





Гемолиздің түрі

Мысалдары

1.Биологиялық

Ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;



2.Химиялық

Эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті)әсерінен болады;



3.Механикалық

Қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады).Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;



4.Термиялық

Қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;



5.Электрлік

Электрдің әсерінен болады.Сәуле энергиясы мен ультродыбыс та электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады;

6.Физиологиялық

Сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі.Эритроцит 120-130күн жасайды.Ескірген эритроциттердің біразы бауырда,көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;



7.Осмостық

Эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса,эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді,судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып,ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;



9.Тапсырма «Қан топтарын және резус факторды анықтау» тәжірибелік дағдының әдісі мен жасалу техникасын көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет