Кестенің мәліметтерінен кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің есепті жылда 504104,5 мың теңгеге көбейгендігін көреміз. Бұл кәсіпорынның меншікті капиталының да, қарызға алынған капиталының (міндеттемелерінің) да көбеюінен болып отыр. Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 25541,8 мың теңгеге жоғарылаған. Ал қарызға алынған капиталдың шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстарғанда 19443,6мың теңгеге жоғарылаған.
Меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталатын тәуелсіздік коэффициенті есепті жыл ішінде 0,58-дан 0,07-ке дейін төмендеген, яғни ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының аздап та болса төмендегендігін көрсетеді.
Есепті жылдағы тәуелсіздік коэффициенті нарықтық қатынастары дамыған елдерде жоғары көрсеткіш болып саналатын коэффициент шамасынан (0,5-0,6) жоғары болып отыр. Сондықтан, зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық тұрақтылық деңгейі жоғары деп айтуға болады.
АҚ қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарызға алынған капиталға қатынасы ретінде анықталады.
Меншікті капиталдың қарызға алынған капиталға қатынасы 2:1 болуға тиісті.
Зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылдың басында қаржыландыру коэффициенті 1.38-ке тең болса, жылдың аяғында 0,08-ке тең болды. Бұл әрине, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді.
Капиталдың құрылмын қалыптастырудың ұтымдылығын анықтау үшін инвестициялау коэффициентін пайдалануға болады. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың негізгі құралдардың құнына қатынасы ретінде анықталады. Зерттеу жүргізілген АҚ 0,49 пунктке төмендеген. Ол меншікті капиталдың негізгі құралдарды сатып алуға көбірек пайдаланылғандығын көрсетеді.
Қарызға алынған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффициенті. Кәсіпорынның активке салынған 1 теңге меншікті қаржылары қарызға қанша қаржы тартқандығын сипаттайды.
Сонымен, « RG BRAND» АҚжүргізілген зерттеулер нәтижесі оның активтерінің басым түрде меншікті капиталдың есебінен құралатындығын көрсетті.